Реферат сөЖ (тақырып) Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары


Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары



бет2/8
Дата26.12.2021
өлшемі133,9 Kb.
#105807
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ 1 апта реферат
химия ашық сабақ
Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.

Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың кӛзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бӛлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір кӛрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам ӛледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді.

Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы ӛмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі.

Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз:

1) психикалық процестер;

2) психикалық қасиетте;

3)психикалық қалып.

1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу, қиял және елес, ес;

2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.

3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.

Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің кӛпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет