Реферат сөЖ (тақырып) Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары



бет1/8
Дата26.12.2021
өлшемі133,9 Kb.
#105807
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ 1 апта реферат
химия ашық сабақ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті




РЕФЕРАТ

СӨЖ 1. (тақырып)

Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.

Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихына шолу (Қ.Б.Жарықбаев бойынша). Кеңестік психология мен шет елдік психология ғылымының бағыттары (реферат)

Орындаған:

Оқу деңгейі: екінші жоғарғы білім

Оқу түрі: қашықтан оқыту

Мамандығы: шет тілі: екі шет тілі



1 курс студенті Бокашева Назымгул Сериковна

Тексерген: профессор Асылханова Меруерт Асылханқызы

Жоспар:

  1. Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.

  2. Қазақ өркениетінің сан ғасырлық психологиялық ой –түйіндері

  3. Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихына шолу (Қ.Б.Жарықбаев бойынша).

  4. Көшпенді өмір тіршілігіндегі қазақ психологиясы

  5. Қазақ қоғамының психологиясының дамуындағы мақал –мәтелдің рөлі

  6. ХХ ғ. 50-90 жылдарындағы Қазақстандағы психологиялық публикациялар

  7. 2.2. 20 ғасырдың 50-90жылдардағы Қазақстандағы психологиялық оқулықтар және оқу құралдары

  8. Кеңестік психология мен шет елдік психология ғылымының бағыттары

Кіріспе


XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік жария­лан­ғаннан кейін ұлттық психология ғылымы ерекше серпіліске ие болды. Қазақстанда психология ғылымының әр түрлі сала­ла­рында зерттеу жұмыстары жан -­жақты жүргізіліп, қазақ пси­хо­ло­­гия­сының өзіндік даму тен­ден­­циясы қалыптаса бастады. Бұл үрдістің сипатын психология ғы­лым­дарының докторлары – про­фес­сорлар С.Жақыпов, Ж.Намазбаева, X.Шерьяз­данова, Б.Хамзин, С.Бер­­дібаева, О.Саң­ғылбаев, А.Ақа­­жанова, Б.Әмірова, А.Ер­мен­таева, Н.Тоқ­сан­баева, т.б. ға­лым­дардың өз­дері­нің және олар­дың жетек­шілігімен қорғал­ған жүздеген кандидаттық диссертациялардан көруге болады. Осы және аты аталмай қал­ған көптеген ғалымдар мен ма­­ман­дардың қаламынан төл тілі­мізде оқу құралдары мен оқу­лықтар, библиографиялық көрсет­кіштер мен сөздіктер, әдістемелік басылымдар және монографиялар жарық көрді.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде ӛндіріс, ғылым, медицина, ӛнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн ӛзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық кӛрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...»







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет