Реферат сөЖ (тақырып) Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары


Қазақ өркениетінің сан ғасырлық психологиялық ой –түйіндері



бет3/8
Дата26.12.2021
өлшемі133,9 Kb.
#105807
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ 1 апта реферат
химия ашық сабақ
Қазақ өркениетінің сан ғасырлық психологиялық ой –түйіндері

Қалың бұқараның қамы үшін қажет ілім-білімдер сан алуан. Солардың бірі, тіпті, бірегейі – жан туралы ғылым – психология десек қателеспеспіз. Оның түп-төркіні мен ілкі бастауы – әрідегі сақ, ғұндарды айтпағанда, берідегі Орхон-Енисей түркі тас жазуларынан басталады. Қазақтардың: «Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде», дегені көп нәрсені аң­ғар­тады. Бұл көк түріктердің мұра­­­гері – қазақ халқының тәлім-тәр­­биелік, психологиялық-педа­гогикалық мұрасының аса бай екенін көрсетеді.

Дала психологиясы тұрғысынан қарағанда ерекше атап өтерлік жайт – бұл қазақ хандарының жан ілімінен жақсы хабардар болғандығы. Мәселен, Жәнібек ханда, қазіргі сөзбен айтқанда, психогигиеналық, психопрофилактикалық ұстанымдар байқалады. Ол, «жеті атаға толмай қыз алмауға, адамдардың бір­ бірімен сүйіспеуіне, жат төсекке, зинақорлыққа бармауға және кез келген үйде тазалықтың сақталуына пәрмен беріп үкім шығарады.

Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.

Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, башқұрт, татар т.б. тілдерде мұндай еңбектердің болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседі. Петербургтегі әскери-медициналық академияның түлегі Халел Досмұхамедов (1883-1939) Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болумен қатар, әртүрлі ғылым саласында (медицина, физиология, тарих, әдебиет, психология, т.б.) өзін үлкен биіктен көрсеткен тұлға еді. Ол қазақ этнопсихологиясының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Оның «Tіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт... Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деуі қазіргі кездегі мемлекеттік тілді өркендету, дамыту мәселесімен ерекше үндесетіні хақ.

Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев (1893-1937) «... қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Педагогика» атты кітабындағы психологиялық түйіндердің негізгі арқауы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я.Струминскийдің (1880-1967) «Психология» атты көлемді еңбегі жарық көрді. Сол жылы Ташкентте П.Н.Архангельскийдің «Мектептегі психологиялық зерттеулер» деген еңбегі, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие», Ғ.Қарашевтің «Педагогика» атты төл туындылары жарық көрді. 1935-1948 жылдар арасында Cемейде қызмет еткен белгілі орыс психологі А.П.Нечаев (1870-1948) «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» (1940), «Психология» атты оқу-құралын жазды. 30-40 жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да (Ш.Әлжанов, С.Балаубаев, С.Қожахметов, Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, т.б.) жүргізіп келді. Соғыс жылдары елімізде қызмет еткен профессор Г.С.Костюк, профессор В.Я.Резник, профессор П.М.Рубинштейн т.б. республикадағы психология ғылымының дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысының кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, ғылыми мекемелерде қызмет ете бастады.

Осы жылдары республика үшін психологтар даярлауда профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964) пен профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақстанның өзінде психология ғылымынан бірнеше диссертация қорғалды (Е.Суфиев, А.Темірбеков, М.Мұқанов, т.б.). Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ.Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т.Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты», Р.Илешованың «Медициналық психология», Ә.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Ғ.Досболовтың «Алдын ала тергеудің психологиясы» т.б. толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады. Психология тақырыбына арналған бірнеше ғылыми конференциялар (1962, 1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-2005жж.) өткізілді. 1988 жылдан бастап елімізде психологтар даярлау жаңа қарқынмен қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан университеттерінде психологиядан бакалавр мен магистранттар даярлануда, орта мектептерде «психолог» мамандығының штаты енгізілді, ҚазҰУ-де академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология орталығы, Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-тәрбие» қауымдастығы (1991-2001) ондаған психология кафедралары жұмыс істейді.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қостілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жайттар алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады. Ортағасырлық қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1488) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар.

Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті де нанымды. Мәселен, оның пікірінше ес – көрген, естіген нәрсені жадында сақтау үшін аса қажет. Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс («... тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге-шегесіне дейін ойда сақтау»).

Автор есті дамыту үшін көптеген тау-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын қасиеттің бірі – зерделік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекте зейін көбінесе «мәнділік аңғарым» деген ұғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз сөз болады. Ойлау процесінде адам сезім мүшелері арқылы әр затты, нәрсені жан-жағынан қарап, бір-бірімен салыстырады, одан соң барып толғанады, өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дейді. Ойлау, сөйлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есінде сақтап қалады, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шимайлап қағазға түсіргенде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет