Реферат Тaқыpыбы: Тарихи контекстегі әлеуметтік саясат ұғымы Пәнi: Өндірістік менеджмент Мaмaндық шифpы: 5B050700


Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі42,16 Kb.
#91980
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алтайқызы Г. Реферат-3

1.2.Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі.
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі – қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамсы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мүқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасу тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының кезек күттірмейтін проблема екендігін дәлелдеді. Ол – мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік – жасына, жынысына, денсаулық, т.б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі құқықтың негіздің пайда болуы мен әлеуметтік процестерді құқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары - әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі, әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы – негізінде әлеуметтік мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып, азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы – мемлекеттік саясат жүргізу. Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет