Реферат Тақырыбы: " Биосфера " Топ: 33 «Б» Білім алушы: Қазыкенова Ж. М. Пән оқытушысы


Экзосферада (1500-2000 (3000) км биіктікке дейін) атмосфера газдарының ғарыш кеңістігіне тарауы (диссипациясы) байқалады. Гидросфера



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі119,3 Kb.
#84505
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
33Б Қазыкенова Жансая реферат

Экзосферада (1500-2000 (3000) км биіктікке дейін) атмосфера газдарының ғарыш кеңістігіне тарауы (диссипациясы) байқалады.
Гидросфера – атмосфера және литосфера арасындағы Жердің үзілмелі су қабаты. Оған барлық мұхиттар, теңіздер көлдер, өзендер, сонымен қатар жер асты сулары, полюстер мен биік таулы жерлердегі мұздар мен қарлар жатады. Ондағы тіршіліктің таралу шегі 11 км.
Гидросфераны беткі және жер астындағы деп екіге бөледі.
Беткі гидросфера - Жердің беткі бөлігінің су қабаты. Оның құрамына мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының, батпақтардың, мұздықтардың, қар жамылғыларының және т.б. сулары кіреді. Беткі гидросфера жер бетінің 70,8% жауып жатыр.
Жер астындағы гидросфераға жер қабығының жоғарғы бөлігіндегі сулар кіреді. Оларды жер асты сулары деп атайды. Жоғары жағынан жер астындағы гидросфера жер бетімен шектеледі, ал төменгі шекарасын гидросфера жер қабығына терең еніп жатқандықтан, шектеу мүмкін емес.
Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы ғаламшарның бүкіл тыныс тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. 94% мұхиттар мен теңіздер, 6% - өзен, көлдер, жерасты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оны сарқылмайтын табиғи қоры екені адамзаттың болашаққа деген сенімін мәңгілік етуде. Табиғаттағы тұщы судың мөлшері 2%. Биосферадағы су айналымы 2 млн жылда өтеді. Биосферадағы су айналымы үлкен айналым деп аталады. Судың терең қабаты бенталь, ал беткі қалың қабаты пелагиаль деп аталады.
Жер қабығы литосфера – бүкіл тірішіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Педосфера топырақтың ең беткі қабаты. Оның түп негізін әр түрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды. Топырақ қабатын мекендейтін организмдер эдафобионттар деп аталады. Биосфераның литосферадағы шегі 4 км тереңдікті құрайды. Литосферада биосфераның төменгі шекарасы температуралық фактормен анықталады.
Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі 6 типі белгілі:

  1. тірі зат – биосфераның тірі заттары биосфераны мекендейтін барлық организмдер адаммен бірге. Қазіргі жер бетінде организмдердің 2 млн-нан артық түрі белгілі. Олардың 1,5 млн-нан астамы жануарлар, 500 мыңға жуығы өсімдіктердің түрлері болып табылады. Жер бетінде шамамен 6 млрд-тан астам адам бар.

  2. биогенді зат – тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болатын заттар. Оларға мұнай, газ, тас көмір, әктас және т.б.

  3. биокостық зат – тірі ағзалар мен ортаның бейорганикалық қосылыстарының бірлесуі нәтижесінде пайда болған заттар (топырақ).

  4. костық зат - қатты, сұйық, газ күйіндегі заттар. Атмосфера, гидросфера, литосфера.

  5. радиоактивті ыдыраудағы зат – радиоактивті элементтердің изотоптары. Уран, радий, радон элементтері.

  6. космостық табиғаты бар зат – метеориттер, космостық шаң-тозаңдар.

Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын тірі заттар деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементері. Биофильді элементердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсулары, липидтері, белоктер және нуклеин қышқылдарын құрайды. В.И.Вернадский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ғаламшардағы ең жоғары сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организмдермен байланысты екенін айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет