Реферат Тақырыбы : Халықаралық валюта нарықтары Орындаған: Ибраш Алтынбек



бет1/12
Дата06.01.2022
өлшемі86,44 Kb.
#110141
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
(Реферат) Халықаралық валюта нарықтары( Ибраш Алтынбек)
(Реферат) Халықаралық валюта нарықтары( Ибраш Алтынбек), Волейбол. Обучение атакующим ударам. Составить комплекс подводящих упражнений., ҚР электрондық үкіметтің дамуы

Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика Факультеті

Реферат

Тақырыбы: Халықаралық валюта нарықтары



Орындаған: Ибраш Алтынбек (Экономика Факультеті, Мемлекеттік Қаржы – 23 тобы)

Тексерген: Ильяс Акылбек Абсалямұлы

2020 жыл


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………….……….2 



І.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА  НАРЫҒЫ  ЖӘНЕ 

ВАЛЮТАЛЫҚ  РЕТТЕУ  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

1.1.  Халықаралық валюта  нарығы  және  валюталық  операциялар………...3

1.2.  Валюталық   нарықты  реттеудің мағынасы мен қажеттілігі……….......12

1.3.  Валюта нарығын  бақылаудың негізгі бағыттары………….…………….14

 

ІІ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ 



ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ  РЕТТЕУ

2.1. Валюталық нарық типтері және оның элементтері.................................17

2.2.  Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы.............24

2.3.   Валюта бағамы және оның мәні..................................................................28

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ВАЛЮТА НАРЫҒЫН  РЕТТЕУ



3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу..............................37

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………................................................................41



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР…………........................................43



КІРІСПЕ

 

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық  жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.



Валюталық  жүйелердің  дамуы  өз  кезегінде  валюта  нарықтарының  дамуына  септігін  тигізді.  Валюта  нарығы – FOREX  (Foreign Exchange  Operations – шетелдік  айырбас операциялары) деп аталады. Қазіргі  уақытта  халықаралық валюта  нарығы  ең   үлкен  қаржы  нарығы.  Қазақстан  Республикасына бүгінгі  таңда валюта  нарығына  маманданған  көптеген  дилингтік  компаниялар  келіп  жатыр.

Халықаралық валюталық  қатынастар материалдық өндіріс  саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас  және тұтыну салаларына  қатысты   халықаралық   экономикалық   қатынастарға   делдал  болады.

Валюталық қатынастар жағдайы  ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер  арасындағы күштердің  арақатынасына  тәуелді.

Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция, облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталармен де  операциялар    жасалады.  Ұлттық  валютамыз – теңге  1999  жылдан бастап  еркін  жүзу  бағамымен  келе  жатыр,  яғни оның  бағамы  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы  анықталатын  болды.  Еркін  жүзу  бағамы – ел  экономикасының  жаңа  дәрежеге  көтерілгенінің  белгісі.

Валюта  нарығы  ел  экономикасын  қан  жүйесі  секілді.  Валюта  нарығын  реттеу  –  бүкіл  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты.

Менің бұл курстық жұмысты  жазған мақсатым: Валюта нарығы және валюталық операцияларды, валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігін, бақылаудың негізге бағыттарын, негізгі ұғымдармен жалпы ережелерді, резиденттердің кредит алуымен және резидент еместердің резиденттердің экспорт – импорт мәмілелерін кредиттеумен байланысты операцияларын тіркеуді резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей және портфельдік инвестицияларын тіркеуді және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резиден еместердің құқықтары мен міндеттерін, валюта операцияларын жүргізудің ережесін анықтап толық қамыту, ал міндетім осы аталған мәселелерді түсінікті әрі нақты етіп жеткізе білу. 


 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет