Реферат тақырыбы: Аминқышқылдар Орындаған: Маратханова З. Тексерген: Турганбекова М. Алматы 2020 жоспар



бет2/4
Дата07.02.2020
өлшемі125 Kb.
#57371
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
АМИН КЫШКЫЛДАРЫ (1)


БЕЛОК КҰРАМЫНА КІРЕТІН АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ

Қышқылдың немесе ферменттің көмегімен гидролиз жасаған кезде белоктардың амин қышқылдарына ажырап, бөлшектенетіні анықталған. Амин қышқылдары дегеніміз әр түрлі белоктардың молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар.



Табиғатта сексеннен астам амин қышқылдары белгілі болып отыр. Олардың жиырмасы ғана белок құрамына кіреді.

Амин қышқылдары - бұлар органикалық қышқылдар. Олардың молекуласында карбоксильдік ( - СООН) топ та, аминдік (-NH2) топ та бар. Амин қышқылдары молекуласында аминдік топ , , жағдайында да және басқа жағдайда да болады. Табиғи белоктардан тек, -амин қышқылы ғана табылған. Ол қышқылда карбоксильдік топтан кейін бірінші көміртегі атомы -тобымен байланысады. -амин қышқылының жалпы формуласын мынадай түрде көрсетуге болады:

R - CH – COOH



мұндағы: R - радикал, бүйірдегі топтарды көрсетеді.

Амин қышқылдарының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі бүйірлік топтардың құрылымына тәуелді.

Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік амин қышқылдары деп бөледі. Қоректік бағалылығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын (адамның және жануарлардың организмінде түзілмейтін) амин қышқылдары деп ажыратады. і

Енді белок кұрамына кіретін амин қышқылдарын класқа бөліп, азықтық бағасын баяндайық және олардың құрылымдық формуласын қарастырайық. Жақша ішінде олардың қысқа атауы берілген. Бұл амин қышқылдарын организм белок синтезі үшін пайдаланады. Олардың формулаларындағы бүйірлік топтар үзік сызықшалармен шаршыланып бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет