Сабақ тақырыбы Нәруыздардың қасиеттері



Дата13.03.2022
өлшемі113,83 Kb.
#135400
түріСабақ
Байланысты:
11-4А Нәруыз денатурациясы ҚМЖ
Адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері, A2 Sınavı 20 Mayıs, 3 ҚМЖ моноклон антидене диагностикасы мен емдеу

Химия 11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
11.4A Құрамында азот бар органикалық қосылыстар. Гетероциклдік қосылыстар. Нуклеинқышқылдары

Мектеп: Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі

Күні: 24.11.21

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарбаева Маржан Жарылхасыновна

Сынып: 11 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәруыздардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

нәруыздардың денатурациясын және сапалық реакцияларын білу;

Сабақ мақсаттары

  • Нәруыздың денатурациялану ұғымын түсіндіру

  • Денатурацияның түрлерін: қайтымды, қайтымсыз ажырату

  • Денатурацияға мысал келтіру

  • Нәруыздың құрамындағы пептидтік байланысты, күкіртті бар амин қышқылдарын, ароматтық радикалдары амин қышқылдарына сапалық түсті реакциялар жүргізіп зерттеу

Бағалау критерийлері

  • Денатурация ұғымына анықтама береді

  • Денатурацияға ұшырау жағдайларын анықтайды

  • Денатурацияға мысал келтіреді

  • Денатурацияны тәжірибе арқылы зерттейді

Тілдік мақсаттар

Нәруыз денатурациясы ұғымын сипаттап түсіндіреді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастықты топтық бірлескен жұмыс арқылы дарыту

Пәнаралық байланыстар

Биология - тірі ағзалардағы биологиялық сұйықтықтардың денатурациясы

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/azotty-organikalyq-qosylystar/lesson/aquyzdar4-5беттегі денатурация ұғымына тапсырма
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/azotty-organikalyq-qosylystar/lesson/aquyzdardyng-qurylymdary 5-беттегі тапсырма

Бастапқы білім

Нәруыз гидролизі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды психологиялқ ортаны қалыптастыру:
«Қалайша шығармашыл болуға болады?»
Оқушылар пікірін білу.
Теориялық бөлім
Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:
Полипептидті тізбек аминқышқылдардың бірліктерінің бүйір тізбектеріндегі функционалдық топтардың белгілі бір әрекеттесулері арқылы көлденең байланысқан. Әр әрекеттесудің мүмкін болатын түрін көрсетіңіз.



Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау: мұғалімнің кері байланысы


1 слайд


2 слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/azotty-organikalyq-qosylystar/lesson/aquyzdardyng-qurylymdary



2 минут
5 минут


3 минут

8 минут

4 минут
10 минут



Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.
Ой қозғау:
Сұрақ: Ақуыздардың түсті реакцияларын білудің қандай практикалық маңызы бар?
Күтілетін жауап:

  • Биологиялық сұйықтықтар мен ерітінділерде ақуыздың болуын дәлелдеу;

  • Әр түрлі табиғи ақуыздардың аминқышқыл құрамын анықтау;

  • Нәруыздардың құрамындағы аминқышқылдарын сапалы және сандық талдау үшін қолданылады.



Практикалық бөлім
Алынған білімді практикада қолдану үшін, оқушыларға практикалық жұмыстың нұсқаулығын беріледі.
Қауіпсіздік ережесін ескерту: концентрлі қышқылдар және NaOH күйдіргіш заттар, спиртшаммен жұмыс кезінде
Тәжірибені жүргізу үшін жұмыс парағын қолданып, қорытынды жазыңыз.
1-топ: Биуерт реакциясы; қыздырғандағы денатурация
2-топ: Цистеин реакциясы; күкірт қышқылымен денатурация
3-топ: Ксантопротеин реакциясы; ауыр металл тұзымен (мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі) денатурация

Оқушылар жұмыстарын жасап болып әр топ өз жұмысын таныстырады


Бағалау: өзара бағалауды топ оқушылары жүргізеді, өз жұмысы бойынша қорытынды жасайды


Сұрақ: Нәруыз молекуласының кеңісітік құрылымдарының бұзылуына себеп болатын байланыстар қайсы?
Қықартылған атауын қолдана отырып денатурация терминіне анықтама беріңіз.
Де – бөлу
Natural - табиғи
Іс-әрекет түрі: топпен жұмыс
Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

Білімді қолдануға жазбаша тапсырма беріледі



3 слайд

4 слайд

1-қосымша


2-қосымша



3-қосымша


Сабақтың соңы
3 минут

Оқушылар рефлексия орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет