Реферат тақырыбы: «Қатты дененің айналмалы қозғалысының кинематикасы мен динамикасы»



бет6/6
Дата27.10.2022
өлшемі305,14 Kb.
#155289
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат

2.5. Еркiн қатты дене қозғалысы
Кез келген еркiн қатты дененiң қозғалмайтын ζ координаталар системасына (2.8-сурет) қарағандағы қозғалысын зерттелiк. Ол үшiн ортақ бас нүктелерi дененiң кез келген О нүктесiнде орналасқан денеге бекiтiлген Охуz және осьтерi әруакытта сәйкес қозғалмайтын

2.7-сурет. 2.8-сурет.
осьтерге параллель қосымша Оξ`η`ζ` қозғалмалы координаталар системаларын таңдап алайық.
Шаль теоремасы. Еркiн қатты дененiң кандайда болмасын орынауыстыруын дененi оның кез келген О нуктесiнiң орынауыстыруымен анықталатын iлгерiтемелi көшiру және сол нүкте арқылы өтетiн осьтен айналдыра белгiлi бiр бұрышқа бұру арқылы орындауға болады.
Шынында да дененiң кеңiстiктегi орны кез келген уақыт кезеңiнде қозғалмалы координаталар системаларының ( және ( орындарымен, ал басқа бiр уақыт кезеңiнде ( және ( орындарымен анықталсын делiк. Сонда дененiң - уақыт аралығындағы орынауыстыруын былайша орындауға болады. Дененi қозғалмалы координаталар осьтерiн өздерiне өздерін параллель қалдыра отырып, iлгерiлемелi көшiру арқылы қосымша системаның ( жағдайын оның ( орнымен дәл келтiрейiк. Дене орынауыстыруын толық орынндау үшiн, яғни онымен бiрге бекiтiлген координаталар системасының ( жағдайын оның ( орнына келтiру үшiн бекiтiлген бір нүктесiн (О центрiн) айнала қозғалатын қатты дене үшiн Даламбер теоремасын қолдансақ жеткiлiкті.
Дене қозғалысы үздiксiз болғандықтан оны шексiз аз орынауыстырулардың тiзбегi деп қарауға болады. Шаль теоремасы бойынша олардың әркайсысы дененiң шексiз аз iлгерiлемелi орынауыстыруынан және О нүктесi арқылы өтетiн лездiк айналуосiнен шексiз аз бұрышқа бұрылуынан тұрады. Былайша айтқанда, әрбiр уақыт кезеңiнде еркiн дененiң қозғалысы оның кез келген бір нүктесiнiң қозғалысымен анықталатын ілгерiлемелi қозғалысының және сол нүктенi айнала қозғалысының жинағы болады.
Сонымен қозғалыстағы еркiн қатты дененi кинематикалық тұрғыдан сипаттау үшiн дененiң iлгерiлемелi қозғалысының кинематикалық характистикаларына бекiтiлген бір нүктесiн айнала қозғалатын қатты дененiң сәйкес кинемтикалық характеристикаларын геометриялық әдiспен қоссақ болганы.

Қорытынды


Мен теориялық механиканы аяқтай келе қысқаша қорытындылап отырмын. Әр тарауда өзінің тақырыбына сәйкес бөлімдер және сәйкес жеке-жеке сипаттама бердім.


Физика – математика пәндері қатарына жататын теорялық механика пәні көптеген салалар бойынша инженерлік мамандар даярлауда елеулі үлес қосады. Ол – материалдар кедергісі құрылыстық механика гидравлика, мшиналар және механизмдер теориясы, қолданбалы механика, т.б теориялық механика салаларының заңдары мен принциптеріне сүйенеді.
Жалпы, теориялық механика машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар кедергісі, серпімді және пластикалық деформациялар теориясы, гидромеханика және газдар динамикасы, гидравлика және т.б пәндердің ғылыми негізі деп айтуға болады.
Механика ерте заманан бастап Египет, Қытай, Ассирия, Вавилон, Грекия, Хорезм және т.б қуатты мемлекеттерде өндірістің дамуына сай және мәдениеттің өркендеуіне байланысты дамып отырды.
Теориялық механика сандар мен принциптері бойынша көптеген инженерлік есептер шешіледі, жаңа машиналар, құрылмалар мен құрылыста жобаланып, іске асады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н., Мұстахишев К. Теориялық механика. Алматы, «Мектеп» баспасы, 1982ж 1-бөлім.
Іңкәрбеков А. Теориялық механика. Статика және кинематика. Алматы «Мектеп» баспасы, 2005ж
Төреқожаев Ә., Именов И., Төлегенова Қ. Теориялық механика Алматы «Мектеп» баспасы, 2005ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет