Реферат тақырыбы: «Қатты дененің айналмалы қозғалысының кинематикасы мен динамикасы»



бет1/6
Дата27.10.2022
өлшемі305,14 Kb.
#155289
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат




Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қатты дененің айналмалы қозғалысының кинематикасы мен динамикасы»


Орындаған: Ду-ИНф22-1к тобының студенті
Амангельдинов.Д.Ж
Пәні: Физика
Тексерген: Омарова Г.С.

Қарағанды 2022


Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................................3


ІІ – бөлім. Қатты дене кинематикасы.............................................................................................10
2.1. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы....................................................................................................10
2.2. Қатты дененің тұрақты өсті айнала қозғалысы....................................................................................................14
2.3. К-2 есебі.............................................................................................................18
2.4. Қатты дененің жазық параллель қозғалысы...................................................................................................21
2.5. Еркін қатты дене қозғалысы..................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................28


Кіріспе
Теориялық механика – материялық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары, мен тепе – теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Өзара механикалық әсерлесу нәтижесінде бір материялық денелер басқа материялық денеге қарағанда қозғалысқа келтіріледі, яғни материялық денелер өзінің бастапқы қалпын өзгертеді (деформацияланады) немесе жоғарыда аталған екі жағдай қатар байқалады.
– қазіргі кезеңде отандық машина жасау өндірісін дамыту, жаңа өндірістік технологияларды халық шаруашылығына енгізу, космос кеңістігін игеру және тағы басқа техникалық шешімдерді анықтауды қажет ететін күрделі мәселелер механика ғылымының қарыштап дамуына өзінің ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Теориялық механика пәні статика, кинематика және динамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
Статика теориялық механиканың күштер (күштер жүйесі) түуралы ілім баяндалатын және осы күштер әсер еткендегі материялық денелердің салыстырмалы тепе – теңдік шарттары мен теңдеулері зерттелетін бөлім.
Егер дене басқа денелермен салыстырғанда тыныштық күйде болса, онда дене тепе – теңдікте болады деп айтуға болады. Дененің тепе – теңдік шарты дененің күйіне байланысты. Сұйық және газ тәрізді денелердің тепе – теңдігі гидростатика және аэростатика пәндерінде қарастырылады.
Кинематика деп материялық денелер озғалысының геометриялық сипаттамаларын (траекториясын, үдеуін, жылдамдығын), зерттйтін теориялық механика тарауын айтады. Осы зерттеулерде денелердің инерттілігі (массасы) және оларға әсер ететін күштер есепке алынбайды. Сондықтан да кинематиканы қозғалыс геометриясы деп те кейде оны «төрт өлшемді гещметрия» деп те, атайды. Өйткені Ньютон механикасында, яғни қазіргі кезеңдегі теориялық механиканың негізі болып саналатын классикалық механика да, материя (материялық дене) орын ауыстыратын кеңістіктің қасиеттері үш өлшемді эвклидтік кеңістіктің аксиомалары мен теоремаларына тәуелді болады да, ал төртінші өлшем ретінде дәл кеңістік сияқты материяға тәуелсіз, абсолютті шама – уақыт алынады.
Динамика бөлімінде материялық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер және материялық обьектілердің инерттілігі (масса) ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет