Реферат тақырыбы: Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналға тұңғыш еңбек



бет2/5
Дата29.12.2022
өлшемі25,49 Kb.
#164846
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Тіл біліміне кіріспе ДШТЖ Рахат Айдана

Қазақ тілі тарихы


Қазақ тіл білімінде жаңадан қалыптаса бастаған когнитивті лингвистика, антропоөзектілік бағыт сияқты жаңа үдерістер ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің көш бастауында тұрған ғалымдардың еңбектерінен басталады. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, Қ. Басымұлы сынды ғалым-зерттеушілердің еңбектерінің арасындағы сабақтастық осы кезеңді зерттеуді қажет етіп отыр.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ғылыми білімдер жүйесін арнайы қарастырудың өзіндік себептері бар:
Біріншіден, осы кезеңде қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім-ғылым саласы қарқынды дамыды, оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің толық грамматикасын құрастырып, тіл біліміндетеориялардың қалыптасуына түрткі болды. Сол арқылы ұлттық тіл білімінің қалыптасуына жол ашты.
Екіншіден, осы кезеңде қазақ тілін оқыту, грамматикалық тұрғыдан сипаттау мəселесі қоғам тарапынан да қызу талқыға түсті.
Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20 — 30-жылдарында ғылыми грамматика мен мектеп грамматикасының аражігі айқын көрініп, қазақ тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғылыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқыту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.
Төртіншіден, осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматикалық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əдеби тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауғаболады.
Бесіншіден, ХХ ғасырдың басында тілді грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың бірнеше үлгісі жасалды. Қазақ тіл білімінің тарихында ғылыми парадигманың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қаншалықты ықпал еткенін айқындауға болады.
Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет