Реферат тақырыбы: Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналға тұңғыш еңбек


Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері



бет3/5
Дата29.12.2022
өлшемі25,49 Kb.
#164846
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Тіл біліміне кіріспе ДШТЖ Рахат Айдана

Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері

Қазақ тілінің грамматикасы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде айтылады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ, А.Е.Алекторовтың «Краткий казахско-русский словарь»‚ 1891; «Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана»‚ 1869; Т.Бокин «Русскокиргизский словарь»‚ 1913; Н.И. Ильминский «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия»‚ 1861, т.б. еңбектері бар. Бұл туралы жазылған ғылыми зерттеулер бар (Ақымбек С. [2], Иманқұлова С. [3]).


Қазақ тіл біліміндегі грамматология ғылымының негізін қалаған - Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақтың өзінің төл жазуын алғаш рет жәдидшілдік, усул жәдид – төте оқу жолы негізінде негізін алғаш рет қалаған лингвист ғалым.
Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары грамматика саласының қалыптасуына негіз болды. «Ғалым сөз жүйесі мен түрлері», «Сөйлем жүйесі мен түрлері» деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті және жеңіл тілмен жеткізе білді.Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсынов сөзжасам туралы да еңбектерін жазды. Ол лексикология және лексикография саласында еңбек етті.
Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т.б. атауларды ойластырды Ж.Аймауытовтың , Кемеңгеровтің мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Осы жылдары орта мектеп пен пед. уч-щелерге арналған грамматикалық ғылыми еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 ж. Қазақстан ғылым академиясы құрылды. Академия ғылыми-зерттеу жұмыстарын жанжақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп даярлануына жағдай туғызды. 1960–70 жылдар аралығында көптеген монографиялар жазылды. Фонетика мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеу, ғылым, көркем әдебиет, мерзімді баспасөз тілдерінің, әдеби тіл тарихының, тіл мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т.б. қолға алынды.1930 жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Бұл салада Жұбанов көп еңбек етті. 1930–40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер көптеп жарық көрді. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы мәліметтер берілді. Қазақ тілінің ғылыми курсы 1954 ж.«Қазіргі қазақ тілі» деген атпен жарық көрді. 1962 ж. фонетика мен морфология тарауларынан құралған «Қазіргі қазақ тілі»‚ 1967 ж. морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты екі томдық басылып шықты. Ал 1980 ж. сөзжасам морфологиядан бөлек бөлініп шықты. Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді.
Кеңес өкіметі тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері оның отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалмағандығын өз әліпбиімізден байқауға болады. Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Әліпбидің негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған. Мысалы: қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр секілді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал). Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет