Реферат Тақырыбы: Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы, периодтық жүйесі және атом құрылысы


Тақырыпты оқып, үйренудің әдістемелік тәсілдері



бет3/8
Дата11.12.2021
өлшемі170,5 Kb.
#99588
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Менделеев ж (1)

1.1.1. Тақырыпты оқып, үйренудің әдістемелік тәсілдері.

Қазіргі кезде периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.

Бірінші тәсіл химия ғылымының даму жолына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, бірақ ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа деректермен толысатынына кәміл сенді. Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.

Екінші тәсіл — біріншіге керісінше жүзеге асырылады. Алдымен атом құрылысы туралы оқу материалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.

Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8-сыныпта қарастырылады да 11-сыныптағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.

Оқушылар периодтық заңға дейін химияның алғашқы ұғымдарымен танысады. Екі химиялық элементті (оттегін және сутегін), олар түзетін жай және күрделі заттарды оқып үйренеді.

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары - оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар жөнінде едәуір толық ұғым алады. Заттарды жіктеудің негіздерімен танысады. Бұларға қосымша кейбір элементтердің табиғи топтары туралы алғашқы түсініктер, элементтердің қасиеттері салыстырмалы атомдық массалардың артуына қарай өзгеретіні жөнінде білім алады. Осының бәрі периодтық саңды саналы қабылдауға негіз болады.

Сонымен, периодтық заң және периодтық жүйе туралы материалды ойдағыдай игеру шарттарына мыналар жатады:

1. Атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай және күрделі зат, заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, амфотерлік ұғымдарын жетік білу.

2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді тиімді пайдалану.

3. Тарихи негізді орынды жүзеге асыру.

4. Оқытудың диалектикалық сипатын қамтамасыз ету, қайшылықтарға, оларды шешу жолдарына көңіл аудару.

5. Түйінді мәселелерді оқытуды жүзеге асыру. Периодтық заңның қалай ашылғанына, оны пайдалана білу жақтарына назар аудару.

6. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын жиі және тиімді ұйымдастыру: қосымша әдебиеттерді оқуға ұсыну; элементтерге карточкалар әзірлеу және олармен жұмыс; кестелер және сызбанұсқалар сызу; тәжірибелер жасау, т.б.

7. Зерттеу әдістерін жиі қолдану; периодтық заңдылықты қорытып шығару; оқылмаған элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін болжау.

Тақырыпты оқып үйренудің жиі қолданылатын жоспары:

1. Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы әрекеттер.

2. Асыл газдардың, сілтілік металдардың және галогендердің табиғи топтары.

3. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, элементтің реттік нөмірі және ядро заряды.

4. Атом ядроларының құрамы. Изотоптар.

5. Атомдардың электрондық конфигурациясы.

6. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі және оның құрылымы.

7. Периодтық заңның маңызы. Д.И.Менделеевтің өмірі мен еңбектері. 8. Қайталау және қорыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет