Реферат Тақырыбы: Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы, периодтық жүйесі және атом құрылысы


Периодтық заңды оқуды қорытындылау



бет6/8
Дата11.12.2021
өлшемі170,5 Kb.
#99588
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Менделеев ж (1)

1.1.3. Периодтық заңды оқуды қорытындылау.

Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1-ден 40-қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады. Элементтерді атомдық массаларынның өсуі бойынша қасиеттері ұқсастары бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі.

Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийден аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; ә) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в) оксидтері сипатының өзгеруін; г) гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады.

Элементтердің валенттіліктері өзгеруін график түрінде сызады. Одан байқалатыны элементтердің атомдық массалары өскенде оттек бойынша валенттілік литийден азотқа — бірден беске дейін, натрийден хлорға қарай 1-ден жетіге дейін артады. Бейметалдар түзетін ұшқыш сутек қосылыстарындағы валенттілік көміртегінен фторға, кремнийден хлорға қарай 4-тен 1-ге дейін кемиді. Литийден оттегіне дейінгі элементтердегі валенттіліктің өзгерісін натрийден күкіртке дейінгі элементтер дәлме-дәл қайталайды.

Жай заттарды көрнекі көрсету арқылы металдық және бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда агрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырлығына, электр және жылу өткізгіштігіне назар аударылады. Соның нәтижесінде оқушылар заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі атомдық массалардың өсуіне периодты тәуелді болады деген қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі және сутегімен әрекеттесуін көрсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дәл осындай тұжырымға әкеледі.

Бұдан соң оқушылар орналасу реті бойынша қарастырылып отырған элементтердің оксидтерінің, негіздерінің және қышқылдарының формулаларын жазып, қасиеттерін салыстырады. Оксидтер мен гидроксидтердің құрамы мен қасиеттері заңды түрде өзгеретініне көздері жетеді. Негіздік оксидтер мен негіздердің қасиеттері кеміп, амфотерлі қасиет пайда болады, ол қышқылдық қасиетке ауысады.

Өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушылар салыстырмалы атомдық массаларының артуы бойынша орналастырылған элементтердің, олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері периодты түрде заңдылықпен өзгеріп, қайталанатыны туралы қорытындыға келеді. Осы қорытындыға сүйеніп, мұғалім периодтық заңның Д.И.Менделеев тұжырымдаған анықтамасын түсіндіреді. Периодтылықтың себебін білу үшін атом құрылысымен танысу қажеттігін айтады.

Оқушылар бірінші 20 элементтің карточкаларын өздері жасап, салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырғанда үш қатар пайда болғанын, екі элемент (калий, кальций) төртінші қатарға орналасқанын көреді. Мұғалім олардың периодтар деп аталатыньш айтып, периодтық жүйе жөніндегі ұғымды енгізеді, кіші және үлкен периодтар, топ және топшалар туралы қысқаша түсінік береді. Соның нәтижесінде оқушыларда мынадай мәселелі сұрақтар туады:

1. Химиялық элементтердің қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қалай түсінуге болады?

2. Элементтердің қасиеттері неліктен периодты өзгереді?

3. Бір периодта көршілес орналасқан атомдық массалары жақын элементтердің қасиеттері әр түрлі, ал бір топта орналасқан атомдық массаларында айырмасы үлкен элементтердің қасиеттері ұқсас болатыны неліктен?

4. Элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының бөлшек сан болып келетін себебі не?

5. Атомдық массасы кіші болғанымен калийдің аргоннан кейін орналасатыны неліктен?

Бұл сұрақтардың жауабын оқушылар атом құрылысымен танысу кезінде алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет