Реферат тақырыбы: Хандық биліктің жойылуы Орындаған: Фармация-238 тобының студенті Рахметова Ақтолқын



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі38,96 Kb.
#96955
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рахметова А.гр238 хандық биліктің жойылуы
Рахметова А.гр238 Бас сүйектері
Қорытынды
Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды.Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.
Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады.Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері негізінде жандана түсті.Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.

Пайдаланылған әдебиет


https://el.kz/news/archive/content-3363/
https://kk.wikipedia.org/wiki/
https://alashainasy.kz/kazak_tarihy/kazakstandagyi-handyik-bilktn-joyyiluyi-69972/
https://referattar.kazaksha.info/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет