Реферат Тақырыбы: Ырғақты гимнастика Орындаған: Лұхпан Жансая Тексерген: Сейдуалиев Жұмабек


Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі28,35 Kb.
#120854
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
дене шынықтыру Жансая

Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған :

Қол, иық бұлшықеттеріне жаттығулар




Қолды айналдыру




Шынтақты бүгіп жіберу




Қолды арқада біріктіру




Сегіздік жасау




Қолды бұру

Бұл жаттығуларды жасағанда оқушылардың қол буындарының жұмыс жасау қабілеттері артады.
Ал, басымызбен омыртқаға арналған жаттығуларға:
1.Қандай жұмыс болмасын мезгіл-мезгіл тұрып, аяқты нық басып, басты артқа шал-қайтады, оңға, кейін солға әртүрлі бағытта айналдырады.
2. Басты шалқайта ұстай отырып, кеуде тұсына шынтаққа бүгілген қолдарды қойып, кеудені артқа қарай шалқайтады, 3-5 рет қайталайды. Бұл жоғары кеуделік омыртқаларға арналған жаттығу.
3. Дәл екінші жаттығудағыдай шалқаяды, тек бүгілген аяқтарды кезекпенен артқа қалтырады, 3-5 рет қайталайды. Бұл жаттығуда омыртқа жотасының орталық кеуделік бөлігі қамтылады.
4. Аяқты иықтың енімен сәйкес қойып, шынтақта бүгілген қолдарды кеуде тұсына көтереді. Бас пен жамбасты тік ұстайды. Иықпен оңға бұрылып, тыныс шығарады, бастапқы қалыпқа келіп, тыныс алады.
Кезекпен оңға, солға бұрылып, мұрынмен дем алады, 5-7 реттен қайталайды. Бұл жаттығуда омыртқа жотасының төменгі кеуделік бел бөліктері қамтылады.
5. Бастапқы жағдай 4-жаттығудағыдай, тек жамбасты қозғалыссыз қалдырып, денені оңға бұрғанда, басты солға және керісінше, денені солға, басты оңға бұрады. Осылай он рет қайталайды. Омыртқа жотасының барлық бөліктері қамтылады.Бұл жаттығуларды жасау барысында оқушылар арасында кездесетін омыртқа қисаюының алдын алуға кішкене болса да септігін тигізеді.
Осы жаттығулардан кейін бел мен аяққа арналған жаттығуларға көшеміз.
1.Аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
2.Аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
3.Бастықтырғышқа қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
4.Бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
5.Секірулер . Осы жаттығулар жөніне келетін болсақ ; Қазір техниканың дамыған заманында оқушылар компьютер алдынан кетпейді. Компютер алдында көп отырып артық салмақты қалай жамап алғанын да білмей қалады. Сол себепті бұл жаттығуларды күнделікті үйде де пайдалануға болады.
Осы жаттығулар кешенін жасата отырып оқушылардың дене қозғалысын арттыруға үлкен мән беруге тырысамын. Сонымен бірге бұл сабақта тепе-теңдік ұстау жаттығуларын жасатамын. Бұл жаттығулар оқушылардың би билеген кезде өз денелерін қалыпты ұстауына көмектеседі.Ырғақ сабағымда тепе-теңдік ұстауға арналған бірнеше жаттығу түрлерімен қамтамасыз етемін.
Тепе – теңдікке арналған жаттығулар

Тепе- теңдікке
арналған жаттығулар
1.«Іздер» - қолды белге қойып ізбен жүру .
2.«Би» - орамалмен айналып билеу.
3.«Аққұтан» - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген екінші аяқты ұстау .
4.«Биші әйел» - қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.
5.«Паровоз» - сызық бойымен бір - біріне қарсы жүру, сызық ортасына келгенде тарап кету.
6.«Қарлығаш» -екі қолды екі қапталға жайып, бір аяқты артқа созып қарлығашты бейнелеу.
7.«Достар» - жұптасып айналу Қимыл- қозғалыстарын меңгерте отырып , сонымен бірге оқушылар қолдың, бастың, дененің
және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуі керек және оларды
синхронды орындауға тырысуы керек. Музыка ырғағымен істелінетін
жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай,
сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектесетіндіктен артық салмақтан арылтатын бірнеше жаттағулар жасатамын. Себебі қазір компютерленген, техниканың дамыған заманында оқушылар арасында артық салмақтылар көптеп кездеседі. Осы артық салмақтан арылуға ниет білдіріп ырғақ биімен айналысатындар қатары көбейіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:
Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.
Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.
Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.
Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.
Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Бұл жаттығулар ішінен мен өз сабақтарымда аэробика, степ, ішпен билеу жаттығуларын үнемі пайдаланып отырамын. Және де аэробикалық қимылдарды біріктіре отырып спорттық би қойып, оны оқушыларға меңгертудемін.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.[14.16-18б]
Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» – дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады.Мен сабақты жақсы оқитын, музыканы тыңдап, ритм ұстап, биге деген қабілеті бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластырып отырамын. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіріп отырамын.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. [7; 1,2,3б] Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару – ұстаздардың басты мақсаты. Сол себепті интернет желісінен ырғақ биіне материалдар қарап оқушыларға қимыл түрлерін немесе видеосын жазып әкеліп көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын. Интернет желісінен оқушының қол-аяқ бұлшықеттерін, дене сымбатын қалыптастыратын , және тепе-теңдік сақтау жаттығуларын алып оны оқушыларға үйрету арқылы күнделікті сабақты қызықты өткізуге тырысамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет