Реферат тақырыбы: Құжат түрлері және құжаттарды толтыру. Орындаған: Саутова И. Топ: пдк 11-18-2



бет12/12
Дата10.06.2020
өлшемі30,96 Kb.
#72850
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
реферат (құжат түрлері)

Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы, құжаттың атауы, мәжілістің өткен күні, индексі (нөмірі), мәжіліс өткен орын, бекіту грифі (егер қажет болса), тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы), мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі: негізгі бөлігінде тындалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.

Осындай үлгі бойынша басқарудың алқалық органдарының ресми мәжілістерінің хаттамалары жасалады.

Қорытынды
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау және толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Республика мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы - орыс тіліндегі нұсқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс-қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру.

Кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады.

Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпаратың көптігі оны өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап – түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс.

Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы, анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен, көрнетілігімен және қолайлығымен айқындалады.

Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс-әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады.

Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т. б. қолданылады.

Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арсындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған ( құжат түріндегі ) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.



Кәсіпорындардың, ұйымның, мекеменің құжаттары белгілі бір мәдени – тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады. , сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Дүйсебаева Т. «Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу» Алматы, Ана тілі 1991 ж.

  2. Жақып Әділбек. «Іс жүргізу» Астана 2000ж

  3. Салагаев В.Г. «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000ж

  4. Алдашева. А «Ресми іс қағаздары» Астана 2000 ж

  5. Дүйсенбекова Л.С «Іс қағаздарын қазақша жүргізу » Алматы 2001ж

  6. Нұрғожина Г.М. , Қоянбаева Қ.Қ. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» Қарағанды 2000 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет