Реферат тақырыбы: «Жазу және жазба тілі»



бет5/7
Дата27.03.2022
өлшемі266,5 Kb.
#136970
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат та ырыбы «Жазу ж не жазба тілі»
5-дәріс. лагерь туралы типтік ереже (1), ертегі, Ахмет Байтұрсынов дөңгелек үстел
3. Буын жазуы. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш түрге беліп қарауға болады.
Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары (клинописи), майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы (корейское лигатурное-звуковое письмо) жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С + А, С+А + С; майя жазуында сөз соқындағы дауыссыздарды да белгілеген.
Буын жазуының екінші түріне критмикен (критско-микенское) буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон (кана) буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.
Буын жазуының үшінші түріне үнді (индия) жазуының әр түрлі жүйелері (кхарошти, брахми және т. б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар (лигатуралы еместері) жеке-дара дауыстыларды («а») және дауыссыз бен дауыстының («ка») қосындысын белгілейді.
Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.
1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары.
2) Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.
3) Жапон буын жазуы (жапондық кана) мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун).
Логографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту ісі үшін де, қолдану үшін де қолайлырақ. Жазудың буын жүйесіндегі таңбалардың саны да ықшамырақ. Логографиялық-фонетикалық жазу жүйесінде мыңдаған таңбалар болса, жазудың буын жүйесінде таңбалардың саны (лигатуралы таңбаларды қоспағанда) отыз бес немесе қырықтан бастап (брахми, кхарошти және фарсы-ахеменид жазулары) екі жүзге дейін (эфиопия жазуы) жетеді. Буын жазуы тілді, әсіресе оның фонетикалық жағын дәлме-дәл беруге икемді. Буын жазуы сөздің грамматикалық формаларын да бере алады.
4.Әріп (дыбыс) жазуы. Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу II мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу (вокализованно-звуковое письмо) біздің дәуіріміздің I мың жылдығының басында пайда болған.
Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйре-туді жеңілдетеді. Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.
Ертедегі әріп жазуы (финский жазуы, ежелгі еврей жазуы, арамей жазуы және т. б.) консонантты-дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып, қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып туынды сөздің әр түрлі грамматикалық формаларын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет