Реферат тақырыбы: «Жазу және жазба тілі»


ТРАНСКРИПЦИЯ МЕН ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ



бет7/7
Дата27.03.2022
өлшемі266,5 Kb.
#136970
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат та ырыбы «Жазу ж не жазба тілі»
5-дәріс. лагерь туралы типтік ереже (1), ертегі, Ахмет Байтұрсынов дөңгелек үстел
ТРАНСКРИПЦИЯ МЕН ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерек-шеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Бұл — бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі — сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Бір фонема жазуда (графика) әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол (фонема) әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның екі түрі бар: 1) фонематикалық (немесе фонологиялық) транскрипция, 2) фонетикалық транскрипция. Фонетикалық транскрипцияда фонемалардың барлық реңкі (оттенки) бір ғана таңбамен берілсе, фонематикалық транскрип-цияда фонеманың әрбір реңкі әр басқа таңбамен белгіленеді. Фонематикалық транскрипция әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындап белгілеу үшін жасалады да, фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі немесе тілдердің тобындағы дыбыстық ерекшеліктерді түгел қамтып көрсету үшін жасалады. Универсальды фонетикалық транскрипцияға практикалық тұрғыдан мынадай талаптар қойылады: онда әр түрлі тілдердегі дыбыстар мен дыбыстық ерекшеліктерді белгілеу үшін таңбалардың саны жеткілікті болуы қажет; транскрипциялық таңбалар еске сақтауға, белгілеуге жеңіл, тез жазуға және баспаханаға колайлы болуға тиіс; ондағы таңбаларды оңай ажырату үшін, ол таңбалардың бір-біріне өте-мөте ұқсас болмауы керек.
Фонетикалық транскрипция диалектілік ерекшеліктерді дәлме-дәл таңбалап айқындауда және тіл білімінің оқу құралдары мен дикциялық оқу құралдарында қолданылады.
Фонетикалық транскрипцияда диакритикалық таңбалар дыбыстардың сәл ғана ерекшеліктеріне дейін көрсетіп, олардың дыбыстық табиғатын дәлме-дәл айқындауға көмектеседі. Латын әріптерінен құралған фонетикалық алфавитте фонетикалық транскрипцияның мынадай қосымша таңбалары қолданылып жүр.
Орыс графикасына негізделген алфавиттегі әріптерді пайдалана отырып, түркі тілдерінің бәріне бірдей ортақ фонетикалық транскрипция, соған сай фонетикалық, алфавит жасау өте-мөте қажетті жұмыстардың бірі болып табылады.
Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады. Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т. б. жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитера-цияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады. Мысалы, Oslo, London деген атаулардың жазылуын орыс әріптерімен, ал Москва дегенді латын әріптерімен транслитерация жасау оңай да, Stockholm дегенді орыс әріптерімен транслитерация жасау қиын. Бұлай болатындығы орыс алфавитінде латын алфавитіндегі с, һ әріптеріне сәйкес келетін әріптер жоқ.
Сондай-ақ латын алфавитінде орыс тіліндегі Ярославль, Щербаков тәрізді жалқы есімдерді жазуға керекті әріптердің жетіспеуі бұл сөздердің транслитерациясын қиындатады. Мұндай жағдайда сөздің жазылуып емес, дыбысталуын жазып беру үшін шартты (жартылай) транслитерация қолданылады. Кейде бір тілде бар әріптер ғана емес, сонымен бірге дыбыстар да екінші бір тілде болмауы мүмкін. Мұндайда ондай дыбыс екінші бір тілдегі сәл болса да ұқсастығы бар әріппен беріледі. Мысалы, неміс, ағылшын және т. б. тілдегі фаргинал һ дыбысы орыс тілінде болмағандықтан, ол көбінесе г әрпімен беріледі (мысалы: Гейне). Аталған тілдердегі һ дыбысына дыбысталуы жағынан орыс тіліндегі х дыбысы да жақын келеді. Осыған орай соңғы кезде һ әрпі орыс тілінде х әрпімен де беріліп жүр (мысалы: Хирт, Хьюлет және т. б.).
Бұл тарауда айтылғандардан жазудың ұзақ тарихы бар екенін және оның сан алуан түрлері болғандығын көреміз. Қазіргі заманғы дыбыстық жазу адам баласының мәдени зор табысы болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері». – Алматы, 1993.

  2. Ә.Қасенов «Тіл білімі». – Алматы, 1996.

  3. Б.Қасымұлы «Тіл біліміне кіріспе». – Алматы, 2003.

  4. А.Салқынбай, Е.Абақан. «Лингвистикалық түсіндірме сөздік». – Алматы, 1998.

  5. Ж.Байымбетова «Қазіргі қазақ тілінің морфологиялық бақылау, пысықтау жұмыстары». – Шымкент, 2001.

  6. Ж.Тектіғұл «Тіл біліміне кіріспе». – Алматы, 2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет