Реферат тақырыбы: Орманды жанама пайдалану Орындаған: Қасымов Ермахан Тексерген: Нурлаби А. Е нұр-Сұлтан, 2022 мазмұНЫ


Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп



бет3/8
Дата25.03.2022
өлшемі37,99 Kb.
#136718
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орманды жанама пайдалану (1)

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп

шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі

Мемлекеттік орман қоры учаскелері шөп шабу мен мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға (1 жылға дейін пайдалану мерзіміне) және ұзақ мерзімді пайдалануға (10 жылға дейін пайдалану мерзіміне) берілуі мүмкін.
Орман иеленушілер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36, 41-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен оларды алуға құқығы бар орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызмет бабындағы жер телімдерін, мал ұстайтын осы қызметкерлерге мал жаю үшін учаскелер, сондай-ақ биологиялық-техникалық іс-шаралар өткізу шеңберінде қатаң жемшөп дайындау үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесіне сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабатын және мал жаятын жерлерді бөлуге мұқтаж орман пайдаланушылар:

ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі тендерге қатысуға арналған орман иеленушілердің өтінім-лоттарды дайындауы үшін тиісті өтінімдер жібереді;
қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтінішпен орман иеленушілерге жүгінеді.
Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде жүргізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды, оның негізінде тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт жасалады, оларда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні сақтау, оларға бөлінген шөп шабатын және мал жаятын жерлерді қорғау және олардың сапасын жақсарту шараларын жүргізу жөніндегі соңғыларының міндеттері белгіленеді.
. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.
Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына орман билеттерін жыл сайын беріп тұруды және оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Орман билетінде пайдалану алаңы мен орны, төлем мөлшері, шөп шабу мен мал жаюды жүргізу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.
Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға әрі орман билеті жазып беріледі.
Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю үшін жерлерді пайдалану құқығын үшінші бір тұлғаға беруге жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет