Реферат тақырыбы: Орманды жанама пайдалану Орындаған: Қасымов Ермахан Тексерген: Нурлаби А. Е нұр-Сұлтан, 2022 мазмұНЫ


Тақырып Орманда ара өсіру шаруашылығы Ара шаруашылығы



бет7/8
Дата25.03.2022
өлшемі37,99 Kb.
#136718
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орманды жанама пайдалану (1)

Тақырып Орманда ара өсіру шаруашылығы
Ара шаруашылығы , ара өсіру – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азияелдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады. [1]
Орман омарта шаруашылығы орманды қосымша пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Орман баларасын өсірудің негізгі өнімі ферменттердің әсерімен гүлді өсімдіктердің шырынынан өндірілетін бал болып саналады. Балдың құрамына адам ағзасына өте пайдалы 300- ге жуық түрлі заттар кіреді.
Омарташылықтың басқа да өнімдері кең қолданысқа ие: гүл тозаңы, перга, прополис, балауыз, ара уы, аналық сүті. Бұлар медицинада, парфюмер – кометика өндірісінде қолданыс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет