Реферат тақырыбы: Орманды жанама пайдалану Орындаған: Қасымов Ермахан Тексерген: Нурлаби А. Е нұр-Сұлтан, 2022 мазмұНЫ


Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде



бет4/8
Дата25.03.2022
өлшемі37,99 Kb.
#136718
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орманды жанама пайдалану (1)

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
мал жаю нормалары

N
р/с


Табиғи аймақтар


Үй жануарла-


рының түрлері

Мал жаю нормала-


ры, 1 басқа га

1

Жартылай шөлейт
және шөлейт

Қойлар
ІҚМ


Жылқы

7
7
5


2

Далалы

Қойлар
ІҚМ


Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0


1,0-2,25

3

Таулы

Қойлар
ІҚМ


Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5


1



Тақырып: Ағаш шырынын дайындау технологиясы
Қайың және үйеңкі шырынын алуда ашық, жартылай жабық және жабық тәсілдер қолданылады.
Ашық тәсілде шырын ағаштан ашық науа арқылы ашық шырын қабылдағышқа бағытталады. Металдық науалар ағаштың діңгегіне бұрғыланған каналдардың астына қағылады, ал ағаштық науалар тікелей бұрғыланған каналға орнатылады. Шырын алудың бұл тәсілі ең қарапайым болып табылады; кемшілігі – жаңбырлы күндері шырын сапасының төмендеуі.

Жартылай жабық тәсілде шырын алу үшін науа ретінде арнайы құарастырылған құрылғы қолданылады, ол тікелей бұрғыланған каналға бекітіледі. Шырынды жинау ашық және жабық шырын қабылдағыштарға жүзеге асырылады (шлангы арқылы).
Шырын алудың жабық тәсілі арнайы науаларды негізделген, ол шланганың көмегімен немесе жеке қабылдағыштармен, немесе магистралды шырын өткізгіштердің көмегімен жалғатырылады. Әдетте қабылдағыш ретінде капрон қақпақпен жабылған шынылы баллондар, немесе полиэтилен қапшықтар пайдаланылады. Мұнда шырын сапасының төмендеуі байқалмайды.
Шырын алуды ұймдастырудың ең тиімді тәсілі болып орталықтандырылған тәсіл табылады, шырын алынып жатқан ағатағы барлық бұрғылама каналдар біртұтас шырын өткізгіш желіге біріктіріледі. Мұндай жағдайда көп ағаштар үшін бір шырын жинағыш орнатылады (цистерна, бөшке т.б.).
Ағаш шырынын дайындау (қайың, үйеңкі) басты пайдалану кесулеріне жататын піскен орман учаскелерінде рұқсат етіледі. Шырын дайындау ағаштың техникалық сапасын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдермен жүргізілуі керек.
Шырын алу үшін 1 және 2 класты бонитетті толықтығы 0,4 кем емес сау орман учаскелері алынады. Шырын алуға биіктігі 1,3 м диаметрі 20 см және одан жоғары бөрікбасы жақсы дамыған ағаштар тағайындалады. Бұндай ағаштардың төменгі бөлігінде тамыр мойынынан 35-50 см биіктікте ағаштың диаметріне байланысты шырын алу саңылауларын жасайды: 20- 26 см – біреу, 27-34 см – екеу, 35- 40 см – төрт саңылау. Каналды бұрғылау алдында тінге (шелқабыққа) зақым келтірмей
балтамен немесе сүргімен қатты қабықты тазартады. Каналдарды шырын қозғалысы бастала салысымен шырынның жақсы ағуы үшін аздаған еңіспен бұрғымен бұрғылайды. Каналдың диаметрі 1 см, тереңдігі – 2-3 см қабықтың қалыңдығын есепке алмай.
Шырын алудың келесі маусымында жаңа саңылауларды ескілерінен 20 см кем емес қашықтықта бұрғылайды. Шырынды шырын қабылдағыштардың толуына қарай жинайды, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес. Шырынды бөшкеге ағызарда екі қабат марлядан сүзіп өткізу керек. Шырын алу маусымы аяқталғаннан соң науалар алынып тасталуы керек, ал саңылауларды ағаш тығындармен бітеліп және аурулардың алдын алуы үшін бақша майы немесе әк қосылған саз жағып қою керек.
Қайыңда шырын қозғалысы қардың қарқынды еру кезімен басталып және әдетте 16-20 күнге созылады. Оның ұзақтығы ауа –райы жағдайына байланысты: күн көзі мол күндер және аязды түндерді көктем шырын қозғалысының кезеңін ұзартады және шырын жинауды ұлғайтуға септігін тигізеді. Шырынның бөлінуі тәуліктің әр уақытында әртүрлі: 12- ден 18 – ге дейін максималды, - түнгі уақытта – минималды. Сөл ағызу маусымында бір ересек қайың 85- 170 л шырын береді (кейбіреуі 250л дейін), орта есеппен 5-6 л/тәу.
Үйеңкінің шырын беру технологиясы қайыңдыкінен аса ерекшеленбейді, ал кейбір айырмашылықтар үйеңкінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Үйеңікі шырынының қанттылығы қайыңдікінен жоғары (орта есеппен 3 пайызға дейін қанта болады). Қайыңмен салыстырғанда үйеңкі жоғары регенеративті қабілетке ие. Диаметрі 2 см дейінгі терең емес шырын ағызу каналдары 2-3 жылдан кейін толықтай бітеледі. Осыған байланысты үйеңкіден шырын алуды алғашқы бұрғыланған каналдарды бірнеше қайтара жаңарту жолымен 70 жыл жүргізуге болады. Үйеңкіде шырынның қозғалысы қайыңға қарағанда ерте басталады, орташа есеппен 5-7 күн бұрын, шырындағы қанттың жоғары болуымен байланысты төменгі температура болғанда да бастала береді (-2оС дейін) .
Ағаш құрылысының ерекшеліктерін есепке алғанда үйеңкіден шырын алудың технологиялық нормативтері біршама басқалай (ядролы ағаш шелқабығы тар): шырын алу каналдарының диаметрі 1-2 см, ал олардың тереңдігі 2см көп емес




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет