Реферат тақырыбы: Педагогикалық менеджмент әдістері Орындаған: Дастан Жадыра фок-300



бет2/8
Дата14.12.2021
өлшемі36,16 Kb.
#126290
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат
ғылыми, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, ғылыми жоба, ғылыми жоба, ғылыми жоба
1. Менеджмент туралы түсінік

Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып , өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі;

б) билік және басқару өнері;

в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

г) басқару органы, әкімшілік бөлігі Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің , ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару. Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы. Хоруженко К.М., Куперина А.В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік.

Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам. Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады.Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол тменеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті» ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады». Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз- мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.

1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4.Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5.Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой- пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге»сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін)қолдану. Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің Көрнекті американ экономисті В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру,басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау,жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен,дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.

Менеджмент деңгейлері:

Жоғарғы деңгейлі менеджерлер – басқарудың ең аз тобы. Ең үлкен кәсіпорындарда олардың саны көп емес.Оларға зауыттың директоры, президенті, вице-президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, университет ректоры және т.б. Басқарудың бұл деңгейі жоғарғы білімді талап етеді, кейбір жағдайда бір ғана емес, одан да көп білімді қажет етеді. Орташа деңгейлі менеджерлер – төменгі деңгей менеджерлерінің басшылары. Кәсіпорын аумағына қарай бұл менеджерлерінің бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Орташа деңгейлі менеджерлерге –цех басшысы, бөлім басшылары, филиал директоры, факультет деканы, сату бөлімінің басшысы және т.б. Көбінесе бұл басшылар жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар. Төменгі деңгейлі менеджерлер – жұмысшылар үстінен бақылайтын төменгі басшылар. Оларға мастерлер, бригадирлер, кафедра меңгерушілері, сауда менеджерлері және т.б. Басшылардың басым бөлігі – төменгі деңгейлі менеджерлер. Көптеген адамдар өзінің басқару мансаптарын осы деңгейден бастайды. Төменгі деңгей менеджерлері әртүрлі деңгейлі білімі болуы мүмкін.

Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы – бұл басшылық.



Педагогикалық менеджмент – бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру. “Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В.П, Хоруженко К.М, Курепина А.В.Фредерик У.Тейлор, Мри Р. Фоллет, Игорь Ансофф және т.б.
2. Педагогикалық менеджменттің әдістері
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан, ал ол белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет