Реферат Тақырыбы: Синтетикалық бояғыштар Орындаған:Әбілхасым Шұғыла Тобы: жт-18-3К4 Қабылдаған: Көбжасарова Зиба Мазмұны



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#97054
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат Ә.Шұғыла
практикалық жұмыс 2, Правила безопасности во время весенних каникул .

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат

Тақырыбы:Синтетикалық бояғыштар

Орындаған:Әбілхасым Шұғыла
Тобы:ЖТ-18-3К4
Қабылдаған:Көбжасарова Зиба

Мазмұны

Кіріспе
1.Табиғи тағамдық бояғыштардың жіктелуі
1.2.Табиғи бояулар
1.3.Синтетикалық бояғыштар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тағамдық қоспалар – шикізатқа, жартылайфабрикатқа немесе дайын өнімге олардың сақтау мерзімін ұзарту немесе белгілі бір қасиетін жақсарту мақсатында әдейілеп қосылатын табиғи, жартылай табиғи немесе табиғи емес (синтетикалық) заттар.Тағамдық қоспаларды (сірке қышқылы, ас тұзы және т.б.) қосу тарихы бірнеше мың жылдарды құрайды. Дегенмен де оларға көңіл XX ғасырлардың екінші жартысында да ғана көңіл бөлінді. Тағамдық қоспаларды кеңінен қолдану олардың жіктеп қарастыруға, қолдану технологиясын, гигиеналық регламеттерін жасау қажеттігін тудырды.Себебі, тамақтану – халықтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дұрыс тамақтану балалардың жақсы өсіп, дамуын, адам өмірінің ұзаруын, жұмыс сітеу қабілетін қамтамасыз етеді, аурудың алдын алады, адамдардың қоршаған ортаға қалыптасуна да жағдай туғызады.

1.Табиғи тағамдық бояулардың жіктелуі

Азық-түліктің сыртқы түрін жақсартатын заттардың ішінде маңыздысы бояулар. Бұрыннан келе жатқан әдеттің бірі - тамақтың түсіне (бояуына) қарап сапасы жөнінде қорытынды жасайды. Кейде тамақ бастапқы түсін жоғалтып, басқа түске, кейде жағымсыз түске ауысады. Әрине мұндай өзгеріс тамақ туралы пікірді өзгертіп, адам алғысы жегісі келмей қалуы мүмкін. Сол себепті азық-түлікке жағымды түс берудін маңызы үлкен, сондықтан азық-түлікке белгілі бояу түсін беру үшін әр түрлі бояулар қолданылады, олар табиғи және жасанды болуы мүмкін (органикалық, бейорганикалық). Әсіресе бояу көбінесе тәтті тағам бұйымдарын даярлағанда, макарон және басқа да өнімдердің түрлерін даярлағанда қолданыладыБұл химиялық жасанды заттектер немесе табиғи қосындалар, олар азық-түлік тағамдарына түс береді немесе оны қанық етіп шығарады.


Дайын өнімге әртүрлі түс беру мақсатында табиғи және жасанды бояулар колданылады. Бояулардың ең көп қолданылатын жері кондитерлік өнеркәсіптер, сусындар шығаруда, маргарин, консерві өндірістерінде.
Тағамдық бояулардың даму ғарихы. Ерте заманнан бері бояу ретінде гүл тамырларын, әртүрлі өсімдік жапырақтарын пайдаланған. Кейбір өсімдік затарын шафран, куркума, қаражидек, қызылша, сандал ағашы, хна, сәбіз және олардың экстрактарын бояу үшін қолданған. Одан басқа минералды бояулардан ультрамарин колданылады. Көптеген бейорганикалық қоспаларды тағамдық бояулар ретінде қолдануға болмайды. Себебі олардың улы болуына байланысты. Ал органикалық бояулар көп мөлшерде қолданылады. Олардың саны бірнеше жүздей.
Тамакқа қолданылатын бояулар екі топқа бөлінеді:
Табиғи бояулар ( өсімдіктер мен жануарлардан алынатын)
Бейорганикалық минералды бояулар ( қолдануы шектелген топ)
Табиғи бояуларды әдетте табиғи көздерден өзінің химиялық табиғаты бойынша әр түрлі қоспалар түрінде алады, оның құрамы алу көзімен технологиясына байланысты, соған байланысты тұрақтылықты қамтамасыз ету қиынға соқтырады. Табиғи бояуыштардың арасында каротиноидтар, антоциандар, флавоноидтер мен хлорофилдерді атап өту керек. Олардың әдетте улану деңгейі жоқ, бірақ кейбіреулеріне мүмкін тәуліктік мөлшері белгіленген. Кейбір табиғи бояуыштар немесе олардың қосындылары мен композициялары биологиялық белсенділікке ие, боялатын тағамның құндылығын арттырады. Табиғи бояуыштарды алу көздері ретінде мәдени және жабайы өсімдіктер бөліктері, оларды кейбір тағам өндірістерінің қалдықтары болып табылады. Кейбіреулері химиялық немесе микробиологиялық синтез нәтижесінде алады. Табиғи бояуыштар сонымен қатар жақсартылғандар, ауадағы оттегіге, қышқылдар мен тұздарға, температураға сезімтал, микробиологиялық бұзылуға ұшырайды.

1.2.Табиғи бояулар


Соңғы кездері табиғи бояуларды тағам өндірісінде қолдану кеңінен дамып келеді. Әсіресе майда еритін қабілеті бар өсімдіктерден бөлінетін бояғыш заттар. Бұның себебі адам денсаулығын қорғауға байланысты өсімдік бояулары майларды, маргаринді, әртүрлі май толықтырғыштарды, сусындарды, ірімшіктерді бояуға қолданылады.
Тартразин кызғылт сары түсті кристалды ұнтақ , суда жақсы ериді, спирт пеп майда нашар ериді. Күн сәулесіне, жоғары температураға (200 С) өте тұрақты. Оны пайдалану алдында ыстық суға ерітіп , 0,4-0,5 мм електе сүзіп, 5-10% қоюлықта қосып бояйды. Ылғалдығы 8%.
Энобояуды қара жүзімнің сығындысынан алады. Ол паста түрінде болады.Түсі қанық кызылдан көк түске дейін. Оның түсі ортаның pН-тығына 2-ден жоғары болса қанық қызыл, ал рН 8-ден асса көк болып көрінеді. Оны қышқыл тағамдарды бояу үшін қолданады. Пастаның салыстырмалы тығыздығы 1,12 г/см3 ден кем болмау керек, ондағы құрғақ заттар 33%, оның ішіндс бояулар 50г/л болу керек.
Кармин қызыл бояу. Оны кошинель атты кактуста Африкада, Америкада өсіп өнетін кокцид деген жәндіктен алады. Ол суық суда нашар ериді, ал аммиактың су ерітіндісінде жақсы ериді. Сондықтан оны су аммиак ерітіндісі түрінде пайдаланады. Кармин – қызыл табиғи бояуыш, антрахионның туындысы. Тағам өндірісінде 100 жылдан астам уақыттай қолданылып келе жатыр.
Индигокармин көк бояу. Оны Индияда, Америкада өсетін индигоноска деп аталатын өсімдіктің жапырақтарынан алады. Оны ферментпен өңдеп индиго алады да, кармин қосып индигокармин дайындайды. Ол суда жақсы ериді. Индигокарминді қаныкқан күкірт қышкылын сульфидтеп алады. Ол паста түрінде шығарылады. Оның химиялық құрамы: кебу заттар 45%, оның ішінде бояу 50%, суға ерімейтін заттар 0,5%, күкіртқышқылды натрий 50%, мышьяк 0,00014% -тен аспау керек.
Куркума сары бояу. Оны куркума өсімдігінің тамырынан алады. Ол тамырларды кептіріп, ұнтақтап, жоғары сапалы тәтті тағамдарды бояу үшін колданады. Куркума – сары табиғи бояуыш, Зімбір тұқымдас өсімдіктерден алынады – curruma longa. Спиртті ерітінді ретінде қолданылады, өйткені куркума суда нашар ериді.
1.3.Синтетикалық бояғыштар
Синтетикалық бояғыштар кондитер өнеркәсібінде (2-кесте). Өндіріске Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің пайдалануға рұқсат тек тс индигокармин (Е132), кармуазин (азорубин) (Е122), тартразин (Е102), «Солнечный закат» (Е110), «Понсо 4R» (Е124), «Зеленое яблоко», «Шоколад коричневый».Олар әр түрлі химиялық құрылымы бар және әр түрлі топтары (қосылыстар) тиесілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет