Реферат тақырыбы: Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар


Құс қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#98261
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Срс гигена Жұмаш Ақерке1 Вс-315

Құс қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру.
Құс қоралардағы микроклимат құс организміне айтарлықтай әсер етеді. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді. Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты Жоғары және төменгі температураға да құс организмі өте сезімтал болып келеді.
Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу – тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сенімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет