Реферат тақырыбы: Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар


Тауықтарды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#98261
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Срс гигена Жұмаш Ақерке1 Вс-315

Тауықтарды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Үй құстарының ішінде ең кеңінен тарағаны-тауық. Тауықты тәулігіне 3 - 4 рет азықтандырады. Ертеңгісін тәулігіне беретін дәннің күндік мөлшерінің 1/3 - ін, одан 2 сағат өткен соң қоректігі 30 - 40 мину жететіндей етіп ылғалды қойыртпақ жем береді. Құрғақ ұн қоспасын, жеу мөлшеріне қарай, оттыққа салып тұрады. Кешкісін, жатарға тек қана астық дәнін шашады. Егер күн суық болса, дән мөлшерін көбейтеді. Құстарды араластырылған күрделі азықпен жемдегенде, қойыртпақ жемнің тез ашып, бұзылып кететінін ескеріп, оны құсқа берер алдында дайындап, ыдыстарын таза ұстаған жөн
Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек. Бұл ережені сақтамау салдарынан, құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін. Құстарда болатын аурулардың көп түрі, мысалы: авитаминоз, пуллороз, пастереллез, кокцидоз, нас морк, микоплазмос және т. б. аурулар олардың азықтануымен, соның ішінде азық құрамындағы заттарға байланысты туындайды. Сондықтан да ең алдымен азық рационына яғни оның сапасына мән беру керек. Барлық құнарлы азықтар, соның ішінде протеин, биологиялық белсенді және минералдық заттардың болуы, азық рационында дұрыс бағалануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет