Реферат тақырыбы: Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар


Тауықтарды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#98261
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Срс гигена Жұмаш Ақерке1 Вс-315

Тауықтарды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Жұмыртқадан шыққан беттегі балапан организміндегі су мөлшері 70% , ал ересек құстарда оның үлесі бүкіл дене салмағының 52 -58% тең болады. Суға әрқашан жол ашық болуы тиіс, ал күн ыстық болғанда ол салқын, ал температура төмен болғанда жылы болуы қажет. Құс экстенсивті күтілген жағдайда суарғыштардың орнын күнде ауыстырып отыру керек, әйтпесе олардың маңайы суланып кетеді. Қолданылатын суарғыштардың жиектеріне немесе үстеріне құс отыра алмайтындай болуы тиіс, әйтпесе ондағы су олардың саңғырықтарымен лезде ластанады.
Суды тұтыну талабы көптеген факторларға: жұмыртқалау қарқынына, құстың жасына, салмағына, қоршаған ортаның температурасына, сондай - ақ азықтың консистенциясына, сумен қамтамасыз ету жүйесіне және т. б. байланысты. Құстың организмі тұтынатын судың мөлшері мен сапасын қатты талғайды. Суаруды шектеу мекиендердің жұмыртқалауын тоқтатады, ал екі тәулік бойы су ішпесе құс өледі. Жұмыртқалап жүрген және овуляция кезінде тауықтардың су ішуінде айырмашылықтар бар екені байқалады. Овуляция кезінде құстың ішуі арта түседі. Құстың тәуліктік азықпен қоректенуі температура жағдайларына байланысты орташа шамадан 60% , ал суды тұтынуы 300%-ға дейін ауытқуы мүмкін. Суды тұтыну оның сапасына да байланысты. Ішетін су таза, мөлдір, түссіз, иіссіз, дәмсіз болуы тиіс. Жұмыртқалайтын тұқымды балапандар мен тауықтарды құрғақ азықтармен қоректендірген кезде, олар шамамен мынадай мөлшерде су қабылдайды: 1 -30 күнге дейінгі балапандар -0, 1 ; 31 - 60 күндік -0, 15 ; 61 -90 күндік -0 , 20 ; жылына 200 жұмыртқа тапқан кезде , тауықтар 35 -0, 40 ; 280 жұмыртқа тапқан кезде -0, 5 л. Ауа температурасы 25˚C дан жоғарылаған кезде құстың суды тұтынуы артып, шырынды азықтармен қоректендірген кезде, азая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет