Реферат Тақырыбы: Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру Орындаған: Нуртай А. А. Тобы: тп-20-3к



бет2/4
Дата27.12.2023
өлшемі57,39 Kb.
#199631
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ақерке реф тәрбие
дерек эссе, 363493 2
ІІ. Негізгі бөлім
1) Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты
Сынып жетекшісі оқу орнының тәрбие жүйесінде ерекше орын алады және сөз жоқ, өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі заманғы сынып жетекшісі - нәзік психолог және кәсіби шебер педагог. Оның тәрбиелік жұмыстары көп қырлы. Тәрбие мәселелеріне қатысты қолданылатын тәсілдер көптеген факторларға байланысты таңдалады. Ол және педагогикалық қызметтің өзіндік дербес стилімен де үйлесуі тиіс. Сынып жетекшісі бұларды теориялық таным-түсініктері мен педагогикалық интуициясына қарай реттейді. Ол мұғалімдермен де, оқушылармен де тез тіл табысады, мектепте де, одан тыс жерлерде де бірлесіп атқарылатын жұмыстарды іскерлікпен ұйымдастыра біледі. Бәрінен бұрын, сынып жетекшісі – педагог маман. Оған тән лауазымдық міндеттер қатарында: оқушының тұлға ретінде өздігінен дамуы мен өзін өзі көрсете білуіне қолайлы жағдай жасау, сынып оқушыларының тәрбие жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу; оқушылардың әлеуметтену процесінде туындайтын проблемаларын, яғни құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен қарым-қатынасына байланысты мәселелерін реттеуіне, кәсіби тұрғыдан өз бағдарын табуына, жоғары оқу орындарға тусуіне көмек пен қолдау көрсету секілді міндеттер де бар. Осыған байланысты сынып жетекшісі қай қырынан алып қарағанда да әділ, адал, ойы да, іс-әрекеті де таза адам болуы тиіс. Тек осындай ұстаз ғана өз шәкірттерінің ішкі жан-дүниесін түсінеді. Олармен бірге сүйініп, бірге күйінеді. Тек осындай ұстаз ғана тәрбиеленушілерінің сенімін бағалай алады, олармен қарым-қатынаста әрқашан сыпайы, әдепті қалпын сақтайды. Тәрбиешінің шеберлігі оның оқушыларға дұрыс әрекет үлгілерін дер кезінде көрсетіп, дер кезінде жөн-жоба сілтей білуінен, олардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімін арттыруынан, ынталандыра, көздерін жеткізе білуінен аңғарылады. Оқушыларға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету тиімділігі жоғары болуы үшін сыныппен байланыс та жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұл оңай шаруа емес. Әдетте, сыныппен ортақ тіл табысу үшін едәуір уақыт қажет болады. Кейде жұмыс процесінде қайшылықты жағдайлар да туындайды. Сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға қажетті шарттардың бірі педагогикалық әдептілікті сақтау болып табылады. Бұл тәрбиешінің ішкі және сыртқы педагогикалық мәдениетін көрсетеді. Педагогтың өз тәрбиеленушісімен қарым-қатынасындағы парадигмалық «педагог-оқушы» көзқарасы бұл күнде ескірді. Енді ол жаңа вариантта: «адам-адам» вариантында көрінеді. Бұл формула балаға адам ретінде «қалтқысыз құрметпен қарау» принципінен өз көрінісін тапты. Ол жаңа көзқарастың бастауына айналды. Мектеп мұғалімі оқушымен өзара қарым-қатынас барысында педагогикалық әдептілік аясынан шықпайды, оған қысым көрсетпейді, күлкі-мазақ етпейді. Өйткені бала жаны дөрекілікке, психологиялық қыспаққа шыдамайды, одан өте тез жараланады. Ал физикалық тұрғыдан дәрменсіз екендігін сезіну бала дамуында үлкен кедергі болып табылады. Педагогикалық әдептілік, ең алдымен, тәрбиеленушіні тұлға ретінде құрметтеуден, оған тиісті дәрежеде көңіл бөліп, сенім артудан, сонымен бірге оның мінез-құлық, іс-әрекетін қазымырлықсыз бақылай білуден көрінеді. Педагогикалық әдеп шектен тыс қамқорлыққа да, әкімшілдікке де жол бермейді. Ол бар жерде педагогикалық ықпал етудің дұрыс жолын тауып, неғұрлым тиімді шаралар қолдану да жеңіл болады. 
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы… Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие – ауадай қажет. Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі – адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі – өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де менің жанымда жүреді. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.
Қазақ мектебінің мәселесі – қазақ елдігінің мәселесі. Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру – тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту – ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын рөлі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі – барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күшімізді саламыз.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды», — дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады», — деген В.А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы – бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» — ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы. Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алды, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық сұрақтарды шешуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет