Реферат тақырыбы: «Тыныс алу жүйелерінің ауруларының алдын алу нұсқаулықтары»


Таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі69,63 Kb.
#96566
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
БОЖ-1 .
Тәуліктік рационды құрастыру бір күнгі тамақ рационы
Таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю – бұл мұрын мен жұтқыншақты шынықтыруға ең қолайлы жағдай. Алғашқы судың температурасы 23-280 . Әр апта сайын судың температурасы 1-20 төмендетіп, соңында біртіндеп ағынды судың температурасына дейін жеткізеді. Жиі баспа, тонзиллиттер, бронхиттер және басқа тыныс алу жолдарының ауруларымен сырқаттанатындар тамақты бактерицидті әсері бар шөп бұқтырмаларымен шаяды. Бұрыннан осы мақсатпен қайын сөлін, таңқұрай бұқтырмасын т.б. қолданған. Бастапқы кезде тамақты күніне 3-5 рет шаяды, содан кейін 2 рет (таңертең тамақтан кейін және кешке ұйқы алдында). Кең қолданатын құрам: 1 стакан суға ас тұзын, ас содасын және 1-2 тамшы йод қосып пайдалану.
Сөйтіп, шынығу – бұл қиын процедура емес, ол денсаулыққа көптеген көмек әкеледі, және бұның ең бастысы – жанұядан қымбат дәрі-дәрмектерге шығынын азайтады. Шыныққан ағза тыныс алу мүшелерінің ауруларына қарсы тұралады.
Тыныс алу жолдары ауруларының екіншілік алдын алуы қауіпті мәнбірлерді жойып, ауруды қоздырмай, асқынуларды алдын алу болып табылады. Осы мақсатпен жалпы тәжірибедегі дәрігер науқастарды диспансерлік нұсқау бойынша бақылап, тексеріп, асқынуларға қарсы ем жүргізеді. Көбнесе ол көктем мен күзде антибактериалды, тыныс алу жолдарының қызметін жақсартатын ем шараларын қолдану.
Үшіншілік алдын алу денсаулықты қалпына келтіру –- психологиялық, педогогикалық әлеуметтік іс шаралар кешені, тыныс алу жолдарының қызметін компенсациялауға және нығайтуға, жөнелтілген функцияны қалпына келтіруге бағытталған. Дем алу процессін физиологиялық жағдайға келтіру мақсатымен әр түрлі дем алу жаттығулар өткізген жөн.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
6В01101 «Педагогика және психология» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет