Реферат Тақырып: Ислам Конференциясы Ұйымы Орындаған: Колдасов. И тобы: юм-20-3ĸ


Ислам Конференциясы ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары



бет2/4
Дата26.10.2022
өлшемі49,45 Kb.
#154986
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
имангали срс
11сынып жмб «Координация және реттелу» бөлімі-emirsaba.org, 11сынып жмб «Координация ж не реттелу» б лімі, Биология 11-сынып ЖМБ ТЖБ спецификациясы
1. Ислам Конференциясы ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары.
Ислам конференциясы ұйымы: құрылу тарихы, бүгінгі жағдайы және келешегі. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым Ислам Конференциясы Ұйымы Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің 57 мемлекетін және 1,5 млрд халқын біріктіріп отыр . Тарихи оқиғалар тізбегі мен сабақтастығына сүйеніп кері шегінсек, ИКҰ-ның құрылуы 1967 жылғы араб әлеміндегі саяси, әлеуметтік, әскери және рухани дағдарыспен байланысты. Араб елдерінің Египет, Сирия, Иордания, Ирак, Алжирдің аталған жылы Израилмен арада болған соғыста жеңіліс табуы, соның нәтижесінде Синай, Голанд биіктігі, Иорданның батыс бөлігінен айырылып, оны Израильдың окуппациялауы араб мемлекеттерінің жақындасуын тездетіп, олардың бірігу идеясын алдыңғы орынға шығарды. Бірақ, бұл кезде Израильмен арадағы саяси шиеленіс, мүде қайшылығы туғанымен, ол діни сипат алған жоқ. Ислам дініндегі мемлекеттерінің арасындағы саясиэкономикалық, рухани байланыста дін басты, ықпалды фактор емес еді. Мұсылман дінін ұстанған «зайырлы Түркия да, шахтық Иран да, Кеңестік Орталық Азия мемлекеттері де арабтардың саяси одақтасы емес болатын» .Осы кезеңде Израильдың барлық мұсылмандар үшін қасиетті Ирусалимнің шығыс бөлігін жаулап алуы, Израиль мен араб елдері арасындағы жағдайды одан сайын ушықтырды. Израильдың бұл әрекетін араб әлемі ғана емес, тұтастай мұсылман дүниесі басыну, қорлау, ислам құндылықтарын құрметтемеу деп қабылдады. 1969 жылы еврей экстремистері Мароккадағы Рабатта Әл-Ақса мешітін өртегеннен кейін, Марокко королі Хасен ІІ мен Сауд Арабиясы королі Фесала бен Әбделазиз бастамасымен өткізілген ислам мемлекеттері мен өкімет басшыларының кездесуінде Ислам конференциясы Ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды. ИҰК құрушылар қатарында Ауғаныстан, Алжир, Гвинея, Египет, Индонезия, Иран, Иордания, Йемен, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Мали, Мавритания, Марокко, Нигер, Пакистан, Сауд Арабиясы Сенегал, Сомали, Судан, Тунис, Турция, Чад және Палестина болды. Ал, келесі жылы Джиддеде сыртқы істер министрлерінің бірінші ислам конференциясы өтіп, онда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бас хатшылық және оның басшысы сайланды. Джидде Ирусалим толық азат болғанға дейін ИКҰ-орталығы болып жарияланды. Ислам конференциясы Ұйымы халықаралық қатынастарда ауқымды мәселелерді қамтыйды. Саясиәлеуметтік, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық өзара байланыс пен өзара әрекеттесу, мүше-мемлекеттердің тұрақты дамуына жағдай жасау ұйымның маңызды мақсаты болып саналады. 1972 жылы Сыртқы істер министрлерінің Үшінші конференциясында Ислам конференциясы Ұйымы Жарғысы қабылданып нақты мақсаттар белгіленді. Олар: ұйымға мүше мемлекеттер арасында ислам бірлігін нығайту; қатысушы мемлекеттер арасында экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми және басқа да маңызды салаларда ынтымақтастық орнату мен нығайту; халықаралық қатынастарда маңызды мәселелерде өзара кеңесу; отаршылдықтықты қандай түрін болса да жою мен нәсілдік кемсітушілікке жол бермеу; халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін әділдікке негізделген қажетті шараларды қабылдау; қасиетті жерді сақтауға байланысты бағытталған күштерді үйлестіру және Палестина халқының күресін қолдау, оларға өз жерін азат мен өз құқын қайтарып алуы үшін көмек көрсету; барлық мұсылман халқының өз тәуелсіздігі, ұлттық құқығы мен абройын сақтау мақсатындағы күресін қолдау; мүше-мемлекеттердің бір бірімен және басқа мемлекеттермен ынтымақтасуы мен өзара түсінісуін нығайту мақсатында тиімді ахуал қалыптастыру; Осы аталғандар ИКҰ қатысушы мемлекеттері қызметінде басты қағида болуымен, мемлекетаралық қатынаста, аймақаралық саясатта басты ұстанымға айналды. Сонымен қатар, Израиль басып алған Ирусалимді азат ету ИКҰ мүше мемлекеттерін біріктіруші, оларды өзара байланыстырушы символ болғанымен біртіндеп халықаралық жағдай өзгерді. «Алты күндік» соғысқа қатысушы араб мемлекеттері Израильмен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазіргі уақытта ИКҰ қатысушымемлекеттердің бірқатары Израильмен экономикалық қана емес, әскери байланыс та орнатты. Бірақ, бұл мемлекеттерді ИКҰ құрамынан, кезінде Египетті шығарғандай, шығару мәселесі күн тәртібіне қойылған жоқ. Сондықтан бұл мәселеге байланысты, зерттеушілер мен саясаттанушылар арасында төмендегідей қайшылықты пікірлер қалыптасты. 1.1Ислам Конференциясы Ұйымы: құрылу тарихы, бүгінгі жағдайы және келешегі
Ислам конференциясы Ұйымы халықаралық қатынастарда ауқымды мәселелерді қамтиды. Саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық өзара байланыс пен өзара әрекеттесу, мүше мемлекеттердің тұрақты дамуына жағдай жасау ұйымның маңызды мақсаты болып саналады. 1972 жылы сыртқы істер министрлерінің Үшінші конференциясында Ислам конференциясы Ұйымы Жарғысы қабылданып нақты мақсаттар белгіленді. Олар: - ұйымға мүше мемлекеттер арасында ислам бірлігін нығайту; - қатысушы мемлекеттер арасында экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылми және басқа да маңызды салаларда ынтымақтастық орнату мен нығайту; - халықаралық қатынастарда маңызды мәселелерде өзара кеңесу - отаршылдықтықты қандай түрін болса да жою мен нәсілдік кемсітушілікке жол бермеу; - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін әділдікке негізделген қажетті шараларды қабылдау; - қасиетті жерді сақтауға байланысты бағытталған күштерді үйлестіру және Палестина халқының күресін қолдау, оларға өз жерін азат мен өз құқын қайтарып алуы үшін көмек көрсету; - барлық мұсылман халқының өз тәуелсіздігі, ұлттық құқығы мен абройын сақтау мақсатындағы күресін қолдау; - мүше-мемлекеттердің бір бірімен және басқа мемлекеттермен ынтымақтасуы мен өзара түсінісуін нығайту мақсатында тиімді ахуал қалыптастыру; Осы аталғандар ИКҰ қатысушы мемлекеттері қызметінде басты қағида болуымен, мемлекетаралық қатынаста, аймақаралық саясатта басты ұстанымға айналды. Сонымен қатар, Израиль басып алған Ирусалимді азат ету ИКҰ мүше мемлекеттерін біріктіруші, оларды өзара байланыстырушы символ болғанымен біртіндеп халықаралық жағдай өзгерді. «Алты күндік» соғысқа қатысушы араб мемлекеттері Израильмен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазіргі уақытта ИКҰ қатысушы-мемлекеттердің бірқатары Израильмен экономикалық қана емес, әскери байланыс та орнатты. Бірақ, бұл мемлекеттерді ИКҰ құрамынан, кезінде Египетті шығарғандай, шығару мәселесі күн тәртібіне қойылған жоқ. Сондықтан бұл мәселеге байланысты, зерттеушілер мен саясаттанушылар арасында төмендегідей қайшылықты пікірлер қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет