Республикалық балалар оқулары байқауын өткізу ережесі астана қаласы



бет1/8
Дата05.09.2023
өлшемі69,6 Kb.
#180287
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2. Байқау ЕРЕЖЕСІ
ҚБ305 Советбек Айдана, Ағыбай Сағыныш 1П.С ИББ, олим жоспар







РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ


Астана қаласы
2023 жыл
Республикалық балалар оқулары байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ

Республикалық балалар оқулары байқауының ережесі байқаудың мақсатын, міндеттерін, оқу-танымдық базасын, ұйымдастыру кезеңдері мен шарттарын қарастырады.


Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Міндеттері:
- республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру және сананың ашықтығын дамыту;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
- әлемнің танымал шығармаларымен таныстыру, балалардың таным көкжиегін кеңейту.
Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі.
Байқаудың оқу-танымдық базасы: Байқауға оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқырмандардың жоғары бағасын алған классикалық шығармалары (кітаптар) іріктеледі. Кітаптарда ел тарихы, тұлғалар, адами құндылықтар, ұлттық және халықаралық дүниетанымдық бағыттар қамтылған.
Байқаудың оқу-танымдық базасы: оқушылар байқауға «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған отандық және шетелдік әдеби кітаптар тізімі бойынша дайындалады (1-қосымша).
8 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының І кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет