Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет1/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол
Математика 9-сынып Доғаның ұзындығы ҚМЖ, Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау. Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы».


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ
БІЛІМ ЖОЛЫ 
НҰРЛЫ ЖОЛ
қараша айы 2020 жыл | № 11 (14)
Білім беретін, ғылыми,
танымдық, жарнамалық басылым
----------------------------------------------
МББ аты: «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» журналы 
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 
Шығу жиілігі: айына 1 рет Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы 
Меншік иесі: «Қаламгер ТЕН» ЖШС Алматы қаласы Бас редакторы: Нагиев И. Б. 
Негізгі тақырыптық бағыты: білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық 
---------------------------------------------- 
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» журналына жарияланған ақпараттардың 
авторлық құқы ақпарат авторына тиесілі, редакция жауапты емес.
Жарияланған ақпарат авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді. 
---------------------------------------------- 
Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген. 
Куәлік № KZ37VPY00015077. Нұр-Cұлтан қаласы. 19.09.2019 жыл 
---------------------------------------------- 
Тапсырыс: 562 Таралымы: 3000 дана. 
Журнал «Қаламгер ТЕН» ЖШС баспаханасында басылды. 
Алматы қаласы – 2020 жыл Телефон: 8 777 055 0590


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
КАЙРАЛАПОВА КУАНЫШ БАЙДРАХМАНОВНА
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ
Физика пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енудің
батыл қадамдары жасалынуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы /үлгісі/ өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.
Оқу үрдісіне жаппай жаңа педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде. Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа
педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетін
қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын
нәтижелі даму жағынан көрсете алады. Отанымыздың келешегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - жас буынды
заманның ағымнан қалыспайтын, осы заманғы технологияларды жетік меңгерген, жан - жақты білімдар азамат
етіп тәрбиелеу аса маңызды басымдықтардың бірі. Ұжымдағы жұмысты жаңа бағытта басқарудағы мақсат –
шығармашылық ізденістегі мұғалімдердің қатарын толықтырып білім беру оқыту жүйесін және әдістемесін
заман ағымына, талабына сай жүргізу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған “ Қазақстан экономикалық, әлеументтік және
саяси жедел жаңарту жолында” атты Жолдауында “XXI ғасырда білім деңгейін дамыта алмаған ел тығырыққа
тірелетіні анық” деп айтқандай, білім беру үрдісін әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы
педагогикалық мамандар қорын даярлау қажет екендігін баса айтқаны мәлім.
Мектептегі мұғалімдердің қазіргі заман талабына қарай, әр мұғалімдер өзінің педагогикалық білімдерін
жетілдіре отырып жаңа формацияға сай негізделген инновациялық технологияларды пайдаланып сабақтарды
өткізу, тиімді сабақ болуы тиіс.
Білім беру жүйесіндегі ізгіліктіліктендіру, диференциялау және жекелей ықпал ету, интеллектілікті көтеру,
шығармашылық бастамалары білім мекемесінде жоғарғы деңгейде қалануы тиіс. Себебі мұғалім
шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығы мен қоғамдық өмірдегі белсенділіктері қалыптасады. Жас
мамандарға, мұғалімдерге жаңашылдықтан, өзгерістен қорықпауға бағыт берілуі керек. Осылай дайындықтан
өткен маман қызметке белсене араласуы, одан рахат табуы ғажап емес. Осы жағдайда нәтижеге бағдарланған
білім беруде педагогті дамытудың басты көзі жасанды түрде міндеттелген « әдістемелік жұмыс», «тәжірибені
енгізу» емес, нақты оқу - тәрбие үдерісіндегі және оны болжау мен ұйымдастырудағы біріккен қызмет болуы
тиіс. Яғни тек іздемпаз, шығармашылықпен ойлай білетін педагог қауым ғана оқушылардың танымдық
қызметін белсендіруге жол таба біледі
Қазақстан мектептерінде білім беру мен тәрбиені жаңаша жүргізуде төмендегідей жұмыстар жүргізілсе.
- мектеп құрылымын мазмұныны сәйкес жаңарту
- оқытудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру.
- мектеп басқаруда, педагогикалық әдістемелік жұмыстарды ғылыми негізінде жүргізу, оның сапалық
деңгейін көтеру.
Білім беру мазмұның жаңарту мен қатар, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдердің әр - алуан құралдарын қолдану -
бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жаңа білім беру жүйесі, жаңа талапқа сай педагогикалық технологияларды
оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы қалыптасады.
Қазақстан Республикасы Білім Заңының баптарында: «Білім жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- делінген.
Тұлғалар қызметін қалыптастырудың негізгі бағыты - педагогикалық инновацияны дамыту. Білім берудің
мақсаты – әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Бұл жерде біздің
мектепке керегі мектеп деңгейі. Мектеп деңгейіндегі мақсат мектептің белгілі баспалдақтары бойынша
көзделген білім нәтижесіне жету. Кәсіби білім мен өмірге пайдалы біліктілік пен дағдыларды қабылдау, белгілі
кәсіптік пен әлеументтік мақсатқа жету, өмірде өзінің лайықты орнын табу. Жалпы алғанда кез - келген салада
білікті маман болып қалыптасуы үшін жағдай жасау.
Бұқаралық мектеп жағдайындағы қазақстандық білім беру жүйесінде оның « білімдік» үлгісін, оның
мақсатты, мазмұнды және іскерлік сипаттамасын іске асырушы дәстүрлі түрі басым. Мұндай мектептің негізгі
мақсаты - мәдени мінез - құлықты игеру, білім алуды жоғарғы оқу орнында жалғастыруға дайындау.
Қазақстанда бұрынғыша жалпы қабылданған сынып - сабақ жүйесі бойынша жұмыс істеп келеді.
Әлемдік білім беру тәжірибесі дамуының осы заманғы үрдісі инновациялық режимдегі білім беру процесін
ұйымдастыруда алға қойып отыр.
2


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
мектептерде бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асыру. Әдістемелік бірлестік жұмысты жандыра отырып

мұғалімдердің бірлескен топтық жұмысы арқылы жұмысты дұрыс жолға қоюға болады.
білім жүйесі әлемдік деңгейге жеткізу үшін, ашық түрде білім беру, сын тұрғысынан ойлау, диалогтық

оқыту, кері байланыс, білім беруді ақпараттандыру мен оқыту әдістемелерін оңтайландыру, рефлексивті ойлау
технологиясын қарқынды пайдаланып сабақ өткізу.
білім беру ісінің барлық деңгейінің мазмұнын жаңарту мысалы (сабақ жоспарларын) және замана
талаптарына сай дайындау сапасын жоғарлату;
әлемдік білім кеңістігіне шоғырлану және тұлға мен қоғамның білімге негізделген қажеттілігін

қанағаттандыру үшін көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін модернизациялау мақсатында білім
беру ісін, ғылым мен өндірісті ұштастыра жүргізу.
ата - аналардың балалардың оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, мектеп өміріне

жиі араластыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет