Республикалық басылым білім жолы


ЖАС МАМАН БОЙЫНАН ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ ТӘРБИЕЛЕУ



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
№-02-40-2023
1. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары, Жазықтықтағы координаталар әдісі. Дидактикалық материалдар. Нұсқа 2. Сабақ 4, лек-3бөлім, NWMOASHFMYQB12112022122700, DOC-20230214-WA0030. ағылшын 7 сын, Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 2021 school 115 (2), Ғылыми жоба Оқушы Оспанова Диляра
ЖАС МАМАН БОЙЫНАН ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ ТӘРБИЕЛЕУ
 
КАЛЫБАЕВА ЗАДАГУЛ БОРАНБАЕВНА 
ЖББОМ ДИРЕКТОРЫ 
Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ
 «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 66 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 
Оқушы бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - Ұстаз. 
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. 
Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға
білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім.
Еліміздің ертеңі, шың мәнінде жастардың қолында, ал ұрпақтың тағдыры үшін жауап беру,
отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастыру, жастардың жанына нұр себу – ұстаз атаулыға үлкен салмақ
тастап отыр. Сондықтан ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды,
адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Олай болса, егеменді еліміздің тағдыры, жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді,
әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман
мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі
шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс. 
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімге жүктелген міндет жеңіл емес екенін сезініп те, түсініп те
отырмыз. Білім беру, оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесс. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан –
жақты білімді, өнер сүюге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдық, педагогика –
психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап
етіледі. Бүгінгі таңда жаңа мектепке – қазіргі заманғы мұғалім, білім берудің сапасы мен деңгейін жан
– жақты көтерумен жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды
күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болуы керек. Жаңа ғасыр мұғалімі талапқа сай
болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік, білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде
ғана ұстаздық мақсатына жетеді. 
Жаңашыл ұстаздың ең басты қасиеті инновациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерумен қатар,
оны орынды қызметінде қолдана білуі аса маңызды. Жалпы, білім бәсекесінде шек жоқ,
Сухомлинскийдің «Мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқанда, оның мұғалімдік қасиеті жойылады» деп
атап көрсеткеніндей, күнделікті сабақ және тәрбие жұмыстарында шарқ ұрып ізденбей оң
нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін емес. 
Неге десеңіз, өскелең заманға сай балалардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге
артуына байланысты білім саласында қызмет істеу барған сайын күрделілене түсуде. Сондықтан да
бала тәрбиелеудің, педагог болудың қиындығы мен жауапкершілігі артады. Ұстаз жаратылысынан
өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, естіген және аңғарған нәтижелерінің бәрін жадында ұстайтын
аңғарымпаз, қиын сәтте тың шешімдер таба алатын тұлға болуы тиіс. 
Жас маманның кәсіби құзыреттілігі рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың
барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға
болуында. Сонда ғана ол баланың табиғатындағы туа біткен қасиеттерді айқындай алады. Өйткені әр
баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашу сол педагогтың еншісіндегі іс. Егер
педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады. 
Белсенділік, отансүйгіштік, бастамашылдық ең бірінші педагогтың өз бойынан табылуы қажет.
Ондай педагог балалардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, қоршаған ортаны тануына
кеңінен жол ашады. Білік бесіктен басталады. Сәбилер мен бүлдіршіндер үшін алтын бесік – мектеп.
Ол – үлкен өмірге жетелеп апаратын алтын көпір.
3


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Балаға деген сүйіспеншілік пен жан жылуы жоқ жерде кішкентай періштелерді педагог өзіне
баурап алуы мүмкін емес. Құпияға толы балалар әлемімен бірге өмір сүру мені қуанышқа бөлейді.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың
негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика
қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің
қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану
ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. 
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы
функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын
айтады. Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға жұмыс орнының және оқушылардың,
заман ағымының әсері ерекше болып табылады. 
Құзыреттілік дегеніміз жеке тұлғаның теориялық білімін оқу процессінің барысында
практикалық тәжірбиесімен ұштастыра отыра, жаңа жұмыс орнында білім беруге даярлығы мен
қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және
әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы
түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді. 
Жас маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және
жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп,
интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен,
балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол,
т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Кәсіби құзыреттіліктің негізі оқу орнында теориялық және практикалық дайындық барысында
қаланады. Осы үрдісте педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Ал практика нәтижесі студенттің
кәсіби қызметке дайындығын көрсетеді. Ол педагогикалық оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты
бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық
ісәрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары
жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген
қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. 
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға
көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда.
Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы
қарама–қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп
мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру
жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол
қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін
қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім
сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-
қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім
берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді
қолдана білумен маңызды. 
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін,
сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік
өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай,
нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару
жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден
негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. 
4


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет