Республикалық басылым білім жолы



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
№-02-40-2023
1. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары, Жазықтықтағы координаталар әдісі. Дидактикалық материалдар. Нұсқа 2. Сабақ 4, лек-3бөлім, NWMOASHFMYQB12112022122700, DOC-20230214-WA0030. ағылшын 7 сын, Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 2021 school 115 (2), Ғылыми жоба Оқушы Оспанова Диляра
 
ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХЫМ! 
КЕУІЛ СЕРІК МАКСОТҰЛЫ 
Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ
«№ 53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тарих пән мұғалімі
Бүгінгі сөз қазақ халқының қалыптасып, мемлекеттігінің нығаюында үлкен рөл атқарған тарихи
оқиғалар жөнінде болмақ. Қазақ мемлекеттігінің тікелей басталуы болған Алтын Орда империясының
құрылуы Жошының баласы Шыңғысханның немересі Бату ханның атына тікелей байланысты. 
Аты әлемді тітіреткен Шыңғыс қаған дүниеден өткен соң Батысқа жорық жасау тізгінін
Шыңғысханның немересі Бату алады. Жеті жылдық жорық орыс кінәздіктерінің жерлерін, Шығыс
Еуропа елдері аумақтарын қамтып, Адриат теңізіне дейін тірелді. Ұлы Ордадағы хан Үгедейдің өлімі,
Батудың Еуропа елдеріне бағытталған жорығын аяқтатпай Дешті Қыпшақ даласына қайта оралуына
мәжбүрледі. Шыңғыс хан балаларының бір-біріне деген ескі кектері Шыңғыс империясының
ыдырауына әкелді. Осы кезде Жошының үлесіне тиген Ұлысын негіз етіп Бату хан өзінің
мемлекетінің шаңырағын көтереді. 
Және дәурені екі жарым ғасырға жуық уақытқа созылған бұл мемлекет (1242-1502) бұдан
бұрын тарих сахнасында болған Ұлы Түркі мемлекетінің қайталауы ретінде келді. Бұның Түркі
мемлекеті екендігінің дәлелі Алтын орда билік жүргізген аумақтарда түркі атауларының әлі күніге
дейін сақталуы, мысалы: Солтүстік Кавказ елдеріндегі «Ішкері», «Қаса жұрт», «Мақашқала»
атаулары. Және де халқымыздың есінде қалған, әлі күніге тіл-ауызында жүрген «Балқан, балқан тау
ол да біздің барған жер» деген сөздер қазіргі Балқан түбегін меңзеп тұрғандай, бабаларымыздың
осынау ұлы мемлекетті құрушы супер этнос болғандығы жөніндегі куәлікке шақырып тұрғандай.
Бату хан дүниеден өткеннен кейін билікте болған інісі Берке билігі кезінде Ордада ислам діні
мемлекеттік деңгейге шыға бастауымен ерекшеленеді.
Батудың баласы Өзбек ханның билігі кезінде ислам діні әбден орнығып Орда халқының негізгі
дініне айналды. Алтын Орда хандарының жорықтары, және сол өңірлерде жүрген Орда билігі Кавказ
жерінде орналасқан кейбір халықтардың түркі тілін қабылдап сол тілде сөйлеу мәнерін
қалыптастырды. Алтын Орданың құлдырап күні бата бастаған кезеңі Бердібек ханның тұсында
басталады. Орда тарихында бұл жағдай «Ұлы Аласпыран» деген атаумен қалды. 
Бұл жағдай халқымыздың есінде «Бердібек ханның өлгені, Нар мойнының кесілгені» деген
атпен қалды. Осы кезден бастап Орданың аймақ билеушілері сұлтандар өз ұлыстарында жеке билікке
ұмтыла бастады. Жошы ұлысының сол қанаты болған Орда Еженнің үлесіне тиген Ақ орда аймағы да
осы кезеңде жеке мемлекет болуға талпына бастады, Әмір Темірдің Ордаға жасаған соққысынан Ақ
Ордадағы Орда Ежен ұрпақтарының билігі әлсіреп, биліке Жошының кіші баласы Шайбан ұрпағынан
шыққан Әбілқайырдың келуіне жол ашты. Тарих жүрісінде Орданың ендігі мемлекеттігі Әбілқайыр
атымен атала бастады. Әбілқайыр билігі кезінде Орда тірлігі аса мазасыз жағдайда, үздіксіз соғыспен
өтіп жатты. Сығанақ түбінде Әбілқайыр әскері ойраттардан ауыр жеңіліс тапты. 
Осындай жағдайлардың әсерімен Әбілқайыр билігіне разы болмаған, Орданың заңды
мұрагерлері Еженнің ұрпақтары Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп көшуіне
әкелді. Бұлардың Әбілқайыр билігіне мойынсынбай, бағынбай кетуі екі сұлтанның соңына ерген ру-
тайпаларға «Қазақ» деген атауды ала келді. Осындай оқиғалар тізбегінің нәтиежесінде, келесі кезекте
тарих сахнасына Алтын Орда мұрагері Қазақ хандығы келді. Бұлар өз кезегінде әлсіреген Әбілхайыр
мемлекетіндегі билікті басып алып, тарих сахнасындағы өз орындары үшін күрес жүргізді. Осы күрес
нәтиежесінде Алтын Орда мұрагерлері болған хандықтардың күйреу процесінде, олардан қалған
Түркі тайпаларын Қазақ деп аталған шаңырақ астына біріктірді.
Жарты дүниені уысында ұстаған ұлы держава Алтын Орданың күні батып, дәурені өткен соң,
көшпенді елдер ұрпақтары ендігі, әр жерде бөлек өз шаңырақтарын тіге бастады. Міне, осы
кезеңдерде тарих сахнасына Қазақ мемлекеттігі келді. 
9


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бұл бір уақыт, бір орталыққа бағынған мемлекет құлап елден береке кетіп,балапан басына
тұрымтай тұсына кеткен кез еді. Батыстағы Русь кнәздіктері бірігіп бір орталыққа бағынған мемлекет
құра бастады. Дәурені көшіп, берекесі кеткен көшпенді тайпалар үшін қайтадан қосылып, бір
мемлекет құру, сыртқы жаудан қорғанумен қатар келешекті сақтап қалудын бірден-бір амалы еді. 
Сол кезеңдерде осындай жерге көз алартқандар болмады деп қалай айта аламыз. осы жерлерді
сақтау үшін бабаларымыздың қаны суша ақты. Міне осы кезеңде түбі бір тайпалар бірігіп тарих
сахнасына жаңа мемлекет Қазақ хандығын әкелді. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде зерттеулер
әлі де керек ақ. Хандық құрылып халқы молайып, жері кеңейген сайын елді басқаруда, хабар алысуда
және де толып жатқан жағдайларға байланысты жаңа бір реформа дүниеге келді. 
Бұл реформа толып жатқан көшпенді тайпаларды біріктіріп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет