Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Республиканский научно методический журнал



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата25.02.2023
өлшемі3,64 Mb.
#170146
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Электронка-2
сурат, Бақылау жұмысы, 12семинар қазақ әдеби тілінің тарихы
 
 
 
 
 


41 
ИНТЕРНЕ ТЕХНОЛОГИЯ 
 
 
 
 
Түркістан облысы Сауран ауданы 
Тұран жалпы орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі 
Гулметова Динора Абдукаримовна 
 
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде 
немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 
электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес. 
Интернет тарихы компьютерлік құрылғылар жұмыс жасай бастаған уақыттан басталады (1950-1960 
жылдар аралығы). 
Желілердің пайда болуы 
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға 
шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-та біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс 
Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты 
жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі 
құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу 
орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының 
университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт 
ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып 
отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әртүрлі ғылым саласындағы 
зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы 
көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат ие болды. 
1970-жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана 
пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі, интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген 
желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады. 
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала 
бастады. 1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде 
ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін 
желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын 
«Интернет» термині пайда болды. 
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.1984 жылы ARPANET желісінен бөлек жаңа 
желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын 
желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген 
университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің 
ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 
10 мыңдай компьютер қосылды.1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте 
нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша 
еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі 
ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI 
идентификаторларын ойлап тапты. 
Интернеттің шығуы Өңдеу 1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай 
алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup 
access). 
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері 
пайда болды.1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің 
барлық трафигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік 
провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау 
протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды. 


42 
Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі 
заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап Бүкіләлемдік тор 
Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.1990-жылдары Интернет сол уақыттағы 
желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). 
Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, 
интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн 
компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал 
құралына айналды.1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп 
бекітті.Қазіргі кезде Интернет желісіне тек қана компьютерлік желілерден бөлек, байланыс спутниктері, 
радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер 
және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Компьютер-серверлер және компьютер-клиентт 
Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір 
компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. 
Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде 
браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады. Қосымша-серверлер және қосымша-
клиенттер 
Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру 
деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі 
сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп 
аталады.Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс 
жасап және күту жағдайында болу болып табылады.Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы 
баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол 
шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар 
жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің 
аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір 
адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара 
байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік 
қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған 
компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша 
жауаптың кідіруіне сәйкестеледі. 
Провайдерлер және олардың желілері 
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet 
Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым 
(магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның 
кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы 
мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP 
— Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын 
қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда 
өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар 
провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. 
Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады 
және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул 
деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып 
табылады. Провайдерлердің желілерін біріктіру 
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы 
өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B 
желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының 
клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А 
және В әр қалада желілік кіруді (NAP — Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз 
араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне 
қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет