Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет4/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар
Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты, Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты
 
16. Список литературы 
173 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе
 
Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының 
алдында әрдайым маңызды болады, ал қазіргі уақытта бұл мәселе 
біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті 
болуда.
Заманауи экономикалық және саяси жағдай адамның жеке 
психофизиологиялық ерекшеліктеріне өте жоғары талаптар қоюға 
мәжбүрлейді. Нарықтық қатынас еңбек мақсаттары мен сипаттарын 
түбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы өседі, шиеленісі күшейеді, 
жауапкершілікті, төзімділікті және жоғары кәсіби шеберлікті талап 
етеді.
Көптеген жаңа кәсіптер туралы оқушыларда ақпарат жоқ, оған 
қоса дәстүрлі кәсіптер де елеулі өзгерістерге ұшырады. Адамға кәсіптің 
қажеттілігі және оның жеке ерекшеліктері, еңбек нарығының сұранымы 
сияқты факторларды ескере отырып, кәсіби таңдау жасау, мамандықты 
табысты игеру, еңбек қызметіне үйлесімді кіру, маманның бәсекеге 
қабілеттілігін қалыптастырудағы маңызды шарты, сонымен бірге оның 
отбасының амандығы болып табылады.
Қосымша 
білім 
саласы 
ел 
алдындағы 
экономикалық 
жауапкершіліктегі өзінің үлесін сезінуі керек. Кәсіби бағдарлау 
жұмысы оқушылар келешегінің қажеттілігі, экономикалық жүйемен 
білім жүйесін байланыстыратындықтан қосымша білім жүйесінің 
қызметінде маңызды орынға ие. Қоғамның саулығы үшін, қосымша 
білімнің әрбір түлегі өз қызығушылықтарына, икемділігіне толықтай 
қолданулар мүмкіндігін алуы, өз еңбегінен терең қанағат алуда және 
барынша көп пайда әкелетіндей қоғамдық өндіріс жүйесінде өз орнын 
іздеуде күшін, уақытын (қаражатын да) жоғалтпауы керек.
Білімнің 
барлық 
сатыларын 
қамтитын кәсіби бағдардың кешенді 
жүйесін құруды қосатын, қосымша 
білімде сапалы жаңа білім үлгілерін 
әзірлеу қажеттілігі туындады.
Дұрыс таңдалған кәсіп адамдың 
икемділігі 
мен 
қызығушылығына 
сәйкес 
келеді, 
қабілеттілігімен 
толықтай үйлесімде болады. Тек 
осындай жағдайда ғана мамндық 
қанағат пен қуаныш алып келеді.
Білім алушылар кәсіптер туралы жан-жақты ақпараттарға, кәсіпті 
таңдау кезеңінде білікті кеңеске, кәсіптік қалыптасу барысында көмек 
пен қолдауға мұқтаж болды. Дәл осы жұмысты қосымша білім 
педагогтері ұйымдастыра алады.



Қазіргі өндірістік кадрлардың кәсіби дайындық деңгейіне деген 
бұрынғыға қарағанда тағы да талаптарының көбірек өсу кезеңі, білім 
алушылар басым бөлігінің кәсіби ойлары көбінесе белгілі кәсіби 
кадрлардың 
елдің 
экономикалық 
қажеттіліктеріне 
сәйкес 
келмейтіндіктен, 
оқушыларды 
кәсіби 
бағдарлау 
мәселелерін 
өзектендіреді.
Мамандық таңдауға дайындық тұлғаның жан-жақты және 
үйлесімді дамуының ажырамас бөлігі болғандықтан маңызды болып 
табылады, оны жекеше түрде және тұлғаның физикалық, эстетикалық, 
саяси және зияткерлі, еңбекті, адамгершілік қатынасын, яғни оқыту-
тәрбиелеу процесінің барлық жүйесімен қарастыру керек. Оқушыларды 
кәсіби бағдарлау бойынша жұмысты жалпы білім беру мекемелерінен 
басқа қосымша білім беру ұйымдары жүргізеді. Олар сонымен қатар өз 
оқушыларына кәсіп таңдауда көмек көрсету мәселесін шешеді.
Қойылған міндеттерді табысты іске асыру үшін осы білім 
ұйымдарында оқыту процесінің ерекшеліктерін, балалардың жеке-
тұлғалық ерекшеліктерін, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын 
өзгертетін, қосымша білім беру ұйымының өзгешелігін есепке алатын, 
білім алушыларды кәсіби бағдарлау процесін ұйымдастыруға ғылыми 
негізделген қадам қажет.
Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі тұлғалық-
бағдарлау сипатта болады. Осылайша қосымша білім беру 
ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлау концепциясын әзірлеуде 
жеке бас ықпалын іске асыру мәселесін өзектендіреді. 
Ғалымдар заманауи педагогикалық ғылым және білім беру 
тәжірибесі алдында балаларды кәсіби бағдардау саласында жаңа 
міндеттерді 
анықтайды. 
Ғылыми 
әдебиетті 
талдау 
келесі 
қайшылықтарды көрсетті:
- осы процестің жаңа теориялық-әдістемелік негіздерінің әлсіз 
өңделуі және кәсіпті саналы түрде таңдауға балаларды үлкен әлеуметтік 
және жеке бастық мәнділігінде дайындау арасында;
- қосымша білім беру ұйымдарындағы балаларды кәсіби 
бағдарлау теориясында осындай ықпалдың өңделуінің жеткіліксіздігі 
және еңбек нарығы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін, 
табиғи қабілеттілігін, олардың жеке, тұлғалық ерекшеліктерін 
есептеумен балаларды кәсіби бағдарлау процесіндегі кәсіпқойлық өзі 
шешім қабылдауындағы ықпалдандырудың нақты қажеттілігі;
- Білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтауына себепкер жеке 
тұлғаға бағдарланған технологияларды қолдану қажеттілігі және
балаларға қосымша білім беру процесінде оларды қолдануға 
педагогтердің жеткіліксіз дайындығы.
Көрсетілген қайшылықтар негізінде мәселелер мынадай түрде 
қалыптастырылған әдістемелік ұсынымдар тақырыбы анықталған.



Қосымша білім берудің заманауи педагогінің қызметі еңбек 
нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның қажеттілігі мен 
мүмкіншілігін есепке ала отырып, жұмысбастылықтың қолайлы түрін 
таңдауда және кәсіби өзін өзі анықтауында адамға көмек көрсетудің 
арнайы шараларының кешенін өткізу, сонымен қатар табиғи дарынын 
қолдау мен дамыту, өскелең ұрпақтың кәсіпқойлы қалыптасуы туралы 
қоғамды қамқорлау түрінде көрсететін дұрыс кәсіби бағдарды 
қамтамасыз ету үшін, мақсатына жетуге ықпал ететін жұмыстың 
түрлері және әдістерін игеруі, жаңа интерактивті әдістер, ақпараттық 
технологияларға негізделуі керек.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – қосымша білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын педагогтердің кәсіби бағдарлау 
жұмысын жүйелі ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау жұмысының жаңа түрі 
мен мазмұнын іздеу, сонымен қатар кешенді жүйе құру және оны 
міндетті ведомствоаралық негізде ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет