Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет5/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар
Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты, Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында 
оқушыларды кәсіби бағдарлау 
 
Кәсіби бағдарлау – бұл тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала 
отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек нарығында 
мектеп оқушыларына кәсіби өзін өзі анықтауына және жұмысқа 
орналасуына көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген іс-
шаралар жүйесі. 
Балаларға қосымша білім беру – көпқырлы тұлға тәрбиелеудегі
оның біліміндегі, ерте кәсіби бағдарлануындағы маңызды бөлім. 
Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі, түрлі бағдарланған, 
көп вариативті.
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білім 
берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді және балаларға кәсіби 
өзін өзі анықтауына көмектеседі, базалық құрамда алынған білімдерін, 
күштерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Балаларға қосымша білім беру балалық шағын толыққанды өткізу 
үшін балаға жағдай жасайды. Егер бала әлеуметтік маңызы бар 
міндеттерді шешіп, өзін өзі жүзеге асырып, тіпті қызметтің кәсіби 
өрісіне шығып, толыққанды өмір сүрсе, онда оның есейген шағында 
қатесіз таңдау жасауына, үлкен нәтижелерге жетуіне көптеген 
мүмкіндігі болады.
Балаларға қосымша білім берудің негізгі мазмұны – тәжірибеге 
бағдарланған қызмет: мұнда бала іздеу жағдайында өзі әрекет етеді
мәдени ескерткіштермен, табиғатпен, еңбек нысандарымен және т.б. 
өзара әрекеттен білім алады; балаға қоршаған ортадан өзі білім алуы 
керек кезінде жағдайлар жасалады. Балаларға қосымша білім беру – 
бірыңғай шығармашылық жағдайы, себебі балаға өз жолын табуға 
түрткі болады.
 
Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін 
ұғынады – өмірдің мағынасын және болу мүмкіндігін іздейді. Және де 
әрбір жаңа балаларға қосымша 
білім беру ұйымдарының ашылуы 
балалардың амандығы кеңістігін 
ұлғайтады. 
Қазіргі 
заманның 
балаларына енді бала тұлғасының 
қалыптасуына 
мектеп 
монополиясы жайлы түсініктер 
өзгергенін түсіндірудің қажеттігі 
жоқ; балаларға қосымша білім 
беру ұйымдарының беделі өсуде, 
олардың 
білім 
алу 
әлеуеті 
кеңеюде; «ыңғайсыз» (қалыпсыз) 



балалар өздеріне жаңа орындар табуда. 
Жеке тұлғаға бағдарлау негізінде қосымша білім беру 
ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлаудың табыстылығы келесі 
педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі:
Табиғи және мәдени сәйкестілік, пәнаралық байланыстар, жеке 
тұлғаға бағдарланған технологиялар қағидаттарын есепке алу және 
жүзеге асыру.
Белгіленген шарттарды сақтау тәрбиеленушілерге жеке қорларын 
дамыту мен қалыптасуда, табуда көмек көрсететін, олардың табысты 
кәсіби өзін өзі анықтауын қамтамасыз ететін; келешектегі кәсіпті 
саналы түрде таңдауға дайындығын дамыту үшін нақты тұлғаның, 
елдің, өңірдің сыртқы мәдени жағдайларын; тәрбиеленушілердің 
жыныстық және жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін жүзеге 
асыру мен есепке алу жолымен кәсіби бағдарлаудың табыстылығын 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет