Республикасының білім және ғылым министрлігі


а Танымасын тас лақтырып оған күлер. а



Pdf көрінісі
бет14/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

а
Танымасын тас лақтырып оған күлер.
а
 
Дуана деп басын жарып қанға бояр,
а
Риза болып «Хамад сәнаны» оқыр, достар
 
а
[1, 65 б.].
33 


«Рас, ақын араб, парсы әдебиетінде кең қолданылған
ұйқастарды 
пайдаланып отырса да, соның ішінен біздің қара өлең ұйқасына жақын үлгілерді 
әдейі
таңдап алған тәрізді» [1]. Әйгілі ғалым Мехмет Фуат Көпрүлү Ясауи 
хикметтерінің мазмұндық жағынан діни
-
сопылық, ал формасы жағынан жеті
-
он 
екі буында болып келуі түрік әдебиетінен алынған ұлттық ерекшелік деп баға 
берді. «...А. Ясауи ирандық сопылар қолданған аруз (дауысты дыбыстың 
ұзындық
-
қысқалығына байланысты өлең құрайтын өлшем) өлең өлшемін емес, 
халық ұнататын ақындарының ғасырлар бойы қолданып келген ұлттық буынға 
құрылатын
өлең өлшемін таңдады да, бүкіл хикметтерін сол өлшеммен және 
халық әдебиетінен алынған ескі ұлттық пішіндерде жазды. ...Ахмет Ясауи көбіне 
хикметтерін Орта Азияда халық арасында кең тараған және ерте заманнан бері 
көп қолданып келген 7
-
12 буынды өлшеммен жазған» [2, 204 б.]. Осы жерде 
ғалымның
ұлттық буын деп отырғаны қара өлең ұйқасы болмақ. Бабамыз өз 
хикметтерін қара өлең ұйқасында жазса, оны төрттіктер деуімізге де дәлел бар.
Ғұлама
ақынның «төрттаған» толғағанын қазақ ғалымдары да жоққа 
шығармайды. Ақынды қазақтың «қара өлеңінен» толғаған деген пікірді алға 
тосады. Х. Сүйіншәлиев өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» [3] деген еңбегінде 
«Ясауи шығармаларына ауыз әдебиетінің де ықпалы тиген. Оның кейбір 
шығармалары 7
-
8 буынды жыр
және 11
-
12 буынды қара өлең формасында 
жазылған» [3, 133 б.], деген пікірді келтіреді. Сондай
-
ақ, «Қожа Ахмет Ясауи 
хикметінің (өлең) өлшемінде, құрылысында, ырғағында, буын санында артық
-
кем дүние жоқ, бәрі біркелкі, көбінесе он бір буынды қара өлең түрі
басым, бұған 
қарағанда, ол кісінің түрік халықтары ішінде қазаққа бір табан жақындығы 
байқалады...» [4, 116 б.]
– 
деген С. Дәуітұлының пікірі де ойымызды өрістете 
түседі.
Ақын қашанда жан
-
сырын, ішкі толғанысын, көңіл
-
күйін он бір буынды 
қара
өлеңмен жырлап отырған, оның төрттағандарының басымы сопылық 
сарында толғанған. «Ертелі кеш бейғам жүрдім жаз және қыс, Бір және Барым, 
дидарыңды көремін бе», 

деген жолдарда Алланың жүзін, нұрын, дидарын 
көруге сонша ынтығып асықса, «Саған жаза, жаратқанға жалбармадың, Алланы 
айтып, түнде тұрып еңіремедің» немесе «Ей, бейхабар, хаққа көңіл жүгіртпедің, 
Дүние харам, одан бойың суытпадың»
– 
деп жырланатын жолдарда пенделікке 
бой ұрып, Жаратқанға мән бермеген адамдарға налып, оларды Алланы тануға 
шақырады. Ақынның шығармашылығының дені 
– 
имандылық, ислам дінін 
насихаттау. Адасушы адамдарға айтар наласын жырмен дестелеп, оларға деген 
ренішін білдіріп, Жаратқанға бет бұру үшін түзу жолды нұсқайды. Мәселен:
Тіліменен үмбетпін деп жалған сөйлер,
Кісі малын алмақ үшін арбап сөйлер.
Адалын мұнда тастап, арам көздер,
Надандарға осыларды айтқым келер.
немесе:
Заман ақыр болғанда ақыл кеткей,
Адамзат бірін
-
бірі түтіп жегей.
Дүние үшін иман, ислам дінін сатқай,
Ақылдыларға бұл сөзді айтқым келер [1, 111 б.].
34 


Көне түрік тілінде жазылған бұл туынды бүгінде өз бағасын алып, әлемнің 
барлық тілдеріне аударылуда. Әсіресе, қазақ тіліне аудару мәселесі қолға мықтап 
алынған. «Осыған орай 1990 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде С. Битеновтің 
аудармасы жарық көргенін айта аламыз. Ал Х.З. Иманжанов ақсақалдың «Қырық 
хикмет» атты кітапшасы 1991 жылы басылып шықты. Сол жылы Ж. 
Әбдірашевтің
құрастыруымен ақынның бір хикметі шағатай, түрік, қазақ 
тілдерінде жарық көрді» [1]. Аударма төңірегінде сөз қозғалғанда Досай 
Тұрсынбайұлының еңбегін атап өткен жөн. Автор түрік зерттеушісі Намық 
Кемал Зейбектің «Қожа Ахмет Ясауи жолы және таңдамалы хикметтер» [5] атты 
зерттеу еңбегін қазақ тіліне тәржімалауы арқылы Ясауидің
таңдаулы 
төрттіктерін тануымызға мүмкіндік жасады. Аударма ерекшелігі 
– 
төрттіктердің 
тақырыпшалармен даралап берілуі. «Ғашықтық пен меламет», «Сүйгендерге 
дидар бар», «Тағат қыл», «Ғашықтық оты», «Ғашық бол», «Мағшұқ кім, ғашық 
кім?» сынды төрттіктер жеке шумақ ретінде көптеп келтірілген. Мәселен 
«Ғашық бол» хикметінде:
Құл
Қожа Ахмет дегдар болма ғашық болғын,
Бұл жолдарда бейбақ болмай, садық болғын.
Ләйлі
-
Мәжнүн, Ферхад
-
Шырын, Уамық болғын,
Ғашық
болмай Хақ дидарын көріп болмас [5, 107 б.], деп Аллаға деген 
шексіз махаббатын жырға қосады. Ясауи хикметтерінің басым бөлігі 
– 
сопылық 
сарын. Жастайынан пенделік әрекеттерден ада болып, Хақ жолына берілген 
ақынның жырлары да Жаратқанға деген сүйіспеншілік болары анық.
Түркияның зерттеуші ғалымы Ниһад Банарлының
Қожа
Ахмет Ясауи 
шығармасына жазған көзқарасы бойынша: «Диуани хикметте өлеңдер, тіл, 
өлшем
және пішін сынды сыртқы элементтер тұрғысынан қарағанда халық 
поэзиясының тарихи жәдігеріне көбірек сәйкес келеді. Тілі қарапайым әрі табиғи 
түрдегі түркі халқына тән болып үндеседі. Сағынышты сазды әуендер көбінесе 
4+3=7 немес 4+4+4=12 буын түрінде жырланады. 12
-
і буындық өлшемі сол 
ғасырларда
орталық Азияның түркі тілінің тартымды ұлттық өлшемі болып 
табылады. Сондықтан Ясауидің халыққа қаратып қосқан үні қаншалықты 
жергілікті және ұлттық бір әуенге келгендігін көрсете білді. Сондай поэзиялар 
пішіні тұрғысынан көптеген түркі өлеңдерінде төрттағандық түрінде 
жырланғанын айта аламыз», делінген [6, 5
б.]. Бұл пікірге байланысты И.
Жеменей: «Түркінің төрт тағаннан құрылатын шумақтары кейін дәл де жаңа 
мазмұн, замана талабына сай қазақ әдебиетінің
негізгі өлшемі ретінде кеңінен 
қолданысқа
енді. Оның анық мысалдарын көптеген жырау, ақындарымыздың 
шығармаларынан көре аламыз. Сол көптің бір мысалын ойшыл ақынымыз Абай 
Құнанбайұлының

Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі
хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты,
Өнерге
салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
35 


Махаббат қылса тәңірі үшін [Абай, ІІ
-
том, Алматы, «Жазушы», 2004, 13
-
бет],
– 
деп жырлағаны Қожа Ахмет Ясауидің
хикметімен сабақтас екенін байқау 
қиын
емес» [6, 5 б.], деп түйін жасаған. Ислам әлемінде сара жолымен танылған 
ақиық ақын хикметтерінің ұрпаққа берері зор. Әсіресе, дінді насихаттаудағы ролі 
ерекше.
XVI ғасырдың перзенті Мырза Хайдар Дулати (1499
-
1551 ж.ж.) 
– 
қоғам 
қайраткері, ғалым, тарихшы. Оның әйгілі «Тарих
-
и Рашиди» (Хақ жолындағылар 
тарихы) еңбегінде
Орталық Азия халықтарының XIV
-
XVІ ғасырлардағы тарихы, 
этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы жан
-
жақты, 
толыққанды сөз болған. Бұл
классикалық туындының ішінде рубаи (еңбекте 
«рубаи» деп көрсетілген) жанры да терең әрі шебер жырланады.
Түрік халықтарының ортақ перзенті 
– 
М.Х.Дулати «Тарих
-
и Рашиди» 
еңбегін парсы тілінде жазған. Сондықтан оның төрттіктері де рубаи сипатымен 
жырланды.
Ғалымның
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегінде төрттаған шумақтары көптеп 
көрініс тауып, өзінің көркемдігімен көңіл аудартты. Ол «Қызыр хан ибн Тоғлық 
Темір хан өмірінің алғашқы кезеңі жайында әңгіме» деп аталатын тарауында 
сопылық сарынындағы рубаиын жырлаған. Ақын бұл төрттағанында Аллаға мың 
шүкіршілік айтып, тіпті сырласады да:
«Сақтар болсаң, ей, Алла, пенделіктен сақтағын!
Мықтап бекіт бойдағы жамандықтың қақпағын.
Бір өзіңнен іздеймін сүйенішті, тірлікті,
Қасіреттен, қайғыдан сақта және жүректі!» [7, 94 б.] 
– 
деп Жаратқаннан 
бағыт
-
бағдар сұрайды. Жер бетіндегі жұмыр басты пенделердің қиянатын 
көрсетсе де, тура өзіне алып барар жолды адастырмай бағыттауын бар 
жүрегімен, жан дүниесімен сұрайды.
Ақынның сопылық сарында жырланған шумақтары аз емес. «Уәде беріп, 
ант ішіп, босқа қапыл қалмағын, Ойнамағын қос жүзді қылышымен Алланың» 
[7] – 
деген шумақтарынан да Аллаға деген ерекше құрмет, құлшылық 
бейнеленеді. Бұл шумақта ақын «Уәде 
– 
құдай сөзі» деген қағиданы басты негізге 
алғандай.
Мырза Хайдардың аталмыш еңбегінің «Әкем Мұхаммед Хүсейін 
Гурганның <Алланың нұры жаусын оған> Шаһибек ханнан Хорасанға қашып 
баруы және оған қатысты бірнеше әңгіме» атты тарауында тағы сопылық туралы 
әңгіме
қозғап, Қожа Абдолла Әнсаридің пәктік символ танытқан сопылық 
өсиетін
рубаиына арқау етеді:
Жаным, сенің есімің мәңгі өшпесін есімнен,
Жүрек сорлы, «Сүйгенім жалғыз өзің» десін де.
Менің бүткіл тірлігім өзің болып көктесін,
Әрбір
сөзің, лебізің құлағымнан кетпесін! [7, 213 б.]
– 
деген жолдардан 
нағыз сопылық сарында жырланған рубаиды аңғарамыз.
Мырза Хайдар тек сопылық сарында ғана рубаи жазбаған. Оның қаламына 
адам баласының басынан өтіп жатқан толғауы тоқсан тіршіліктегі өмірі, 
қиыншылығы
мен қуанышы тиек болады. Ақынның рубаи жазудағы шеберлігі 
– 
адам психологиясын нәзік те тартымды бере алуы. 
36 


Бұл тағдырдың, тірліктің бір керемет қиыны,
Ешқашан да адамның шешілмеген түйіні.
Жүрекке ылғи дақ түскен ойда жоқта, тосыннан,
Ол аз десең, басыңа тағы жүз дау қосылған» [7, 207 б.]

дей келе, үміт пен 
қуаныштың
сыйы берілсе артынан мың есе зәһәрлі
уды ауызға салып 
жібергендей зар қақтыратын кездері де жетерлік деген жолдарды да толғайды.
Сол фәни тіршіліктегі адам төзгісіз әділетсіздіктер, қиянат тілге тиек 
болады. Адамдардың опасыздығын, олардан шеккен зәбірлерін қаламына арқау 
етіп, жырға қосады. Оның: «Жапасынан дұшпанның қатыгездеу заманым, Одан 
қорлық
көрдім де, дос таппадым жаһаннан» немесе «Мына фәни дүниеде опа 
деген болмайды

Одан таза мөлдірлік іздегендер оңбайды» [7]

деп өзінің 
адамдардан шеккен тауқыметін ақындық жүрегімен зар илей жырлайды.
Жүрегінің әр дүрсіліне мән беретін ақындар жанына рухани серік іздеуден 
жалықпайды, таппаса налиды, дүниеге сыймай торығады. Материалдық 
жағдаймен ғана санасатын адамдардан түңіліп, жапа шегеді, оны жырларына 
қосады. Мырза Хайдар ақын да өз наласын, ренішін:
«Сенімен қауышу сыймайтындай ақылға,
Жасқа толы етегім 
– 
лағыл десем, мақұл ма?
Шын сөзіне жүректің түсінбейді кей адам,
Сен жылаған етегім дүрге толды дей алам. [7, 484 б.]
– 
деген жолдармен 
білдірген. Егер ақын өмірден түңіле берсе, пессимизмнің жетегінде кете барса, 
талмаусырап, шамы сөнтіні белгілі. Ол 
– 
шамшырақ секілді. Кейде аласарып 
пәсейе қалса, бірде лапылдап жана жөнеледі.
Мырза Хайдар ақын да түңілуден бас көтеріп, асқақ сезімдерге де бой 
алдырады. Ондай сәттерде ол тамаша лирик ақынға айналып шыға келеді. Оның 
аталмыш еңбегінің «Кашмирды сипаттау» атты тарауында сұлу табиғат 
элементтерін адам бойынан іздейтін тұстары кездеседі. Өзінің жүрек 
түкпіріндегі ғашығының сипатын сол маңдағы гүлзар бақтағы әсем гүлдермен 
салыстырады. Бір шумақтарында Кашмирдің сұлулығы барлық тараптан, жан
-
жақты суреттеледі. «Гүл суындай суы да әр тарапқа шұбайды, Топырағы жәннәт 
топырағындай шұрайлы»
– 
деп сулы, нулы жер жәннатын әсем де қанық 
бояулармен суреттеп берген.
М.Х.Дулати рубаяттары үлкен екі сарында жырланған. Алғашқы сарын 
– 
философиялық, келесісі 
– 
лирикалық. Философиялық сарында күрмеуі көп 
тіршіліктің қым
-
қуыт әрекеттері жырланса, лирикалық сарында табиғат пен адам 
арасындағы дәнекер күш, яки нәзік
сезім пернелері жырға өзек болады. М.Х. 
Дулати
– 
тамаша философ, лирик ақын. Оның туындылары неше ғасыр өтсе де

өз
құндылықтарымен ұрпақтар жадында мәңгі қалмақ.
Сайып келгенде, түріктің дана ақындары Әбунасыр әл
-
Фараби (870
-950 
ж.ж.), Жүсіп Баласағұни
(ХІ ғ.), М. Қашқари (ХІ ғ.) Қ.А. Ясауи (ХІІ ғ.) мен М.Х. 
Дулатидің (1499
-
1551 ж.ж.) төрттаған формасында жазылған жырлары
– 
сопылық, философиялық сарындағы еңбектер. Ақындардың туындылары бүгінгі 
күнде бабалардан қалған құнды жәдігерлеріміз, әдебиетіміздің түрік дәуіріндегі 
классикалық мұраларымыз саналады. Олардың төрт жолмен жырланған 
шумақтарын түрік төрттағандарының ең үздік үлгілері деп атай аламыз.
37 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет