Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
«ТАРИХ
-
И
 
РАШИДИ
» 

 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮРДІСІНІҢ 
ДЕРЕККӨЗІ
 
 
Аягөзов
 
Ж.Б.
 
Тараз
-
инновациялық гуманитарлық университетінің доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
ұлттық мереке ретінде кеңінен атап 
өтілді

Мерейлі
мерекені атап өту барлық халықтарға тән қасиет. Себебі, бұл 
мерекенің көлемі ауқымды

мазмұны терең сапалық талғамды керек ететін адам 
баласының рухани дүниесіне қажет, бірақ қоғамның барлық салаларын 
қамтитын, соларды пассионарлық қозғалысқа келтіретін құдіретті күш. 
Сондықтан да болар

Тәуелсіздік
тізгінін өз қолына
алған
барлық халықтар бұл 
күнді өз елінің төл мерекесі деп жариялап, атап өтіп отырады.
Еркіндік пен бостандық жолындағы күрес өткелінен өткен елдердің 
тәжірибесі көрсеткендей Тәуелсіздік феноменінің жолы біреу ғана деп білеміз. 
Ол
– 
үздіксіз күрес. Бірақ, соған жетудің әдіс
-
тәсілдері әртүрлі
болатындығын 
өмір
көрсетеді.
Солардың қатарындағы шешуші факторлардың бірі 
– 
отарлық 
саясат жағдайында жоғарыдағылардың нұсқауымен жазылған халқымыздың 
тарихын қайта қарап, ғылыми негізде жаңаша жазу болатын. Ел тарихында 
болған ақтаңдақтарды ескере келіп, «Мәдени мұра», «Тарих жылы» 
бағдарламалары жарияланды. Тарихта ғалымдар алдына жаңа талаптар мен 
міндеттер қойды.
Тәуелсіздік жағдайындағы 25 жылда жоғарыда айтылған мәселелерді шешу 
бағытында көптеген ғылыми еңбектер жазылып, бұған дейін бізге беймәлім 
болып келген деректерге қолымыз жетіп отыр.
Солардың бірі орта ғасырлар 
дәуірінінің тарихшы ғалымы М.Х. Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» кітабының 
алатын орны ерекше деп білеміз. 
Себебі

бұл еңбекте сол кезеңдегі Орталық
Азияда болған оқиғалар желісі жүйелі қалыпта жазылып, нақтылы деректер 
көмегімен дәлелденіп көмкеріліп берілген екен. Бұл еңбектің маңыздылығы 
соншалық ондағы көтерілген мәселелер қазіргі кезеңде де қоғамның күн 
тәртібінен
түскен жоқ

Олар
– 
бейбіт өмір,
этникалық татулық пен түсіністік, 
бірлік, сыйластық, имандылық.
Уақыт өткен сайын бұл мәселелердің маңызы мен өзектілігі арта түсуде. 
Автордың сөзімен айтқанда

орта
ғасырлар
дәуірінің екінші кезеңіне дейін, 
«Қытай мен Ферғана өңірі» арасында тіршілік еткен, түрлі тайпалардан құралған
түркі халқы бүтіндей бір орта
ғасырлық
этнос болатын: олардың арасында тілдік, 
шекара, психологиялық және басқа да айырмашылықтар әлсіз еді деп көрсетеді. 
ХV ғасырда тарих
сахнасына шыққан Қазақ хандығы, Моғолстан мемлекеттері 
соның бір бөлігі болатын.
М.Х.Дулати еңбегінде моғолдар мемлекетінің

оның басшыларының өмір 
жолдары баяндалып қана қоймай, сонымен қатар ел билеушілердің тынымсыз, 
өзара
бақталастық соғыстары барысында (нәтижесінде) құлдырап жойылу 
31 


жолына түскен феодалдық мемлекеттердің қайғылы тарихын жазып, кейінгі 
ұрпаққа
қалдырды. М.Х.Дулати: «Тарихшылардың борышы
– 
кейінгі ұрпаққа ел 
шежіресін сол қалпында баяндап беру. Біз патшалардың тек жақсы мінезін ғана 
жазып, бөтен қылықтарын жасырып қала алмаймыз. Барлық болған оқиғаны 
түгел баяндап, әлем жұртшылығына танымал етіп, тарихта қалдырамыз
», – 
дейді
[1].
Кейінгі ұрпақ
, – 
дейді ол 
– 
өз
ата
-
бабаларының тегін ғана біліп қоймай, 
олардың жағымды мінездерімен қатар, ұнамсыз қылықтарының да қандай пайда,
зиян келтіретіндігін бағамдап, келешекте олардың қандай нәтиже беретіндігін 
болжап айтуға тиіс ұстамдық нұсқау қалдырады.
Еңбек
Орта Азия кеңістігін мекендеген түркі халықтарының ХІV
-
ХVІ 
ғасырлардағы
жүріп өткен жолының шежіресі болып табылады. 
Орталық Азияны мекен еткен түрік халқы бар болғаны ХІІІ

ХІV ғасырларда 
ғана
салтанатты өмір сүріп, кейін ыдыраудың куәсі болды. Бұл кезең қанды 
қақтығыстарға
толы кезең болды. Осы кезеңнің соңына таман, жеке аймақтарда 
ұлттық
құрылымдардың қалыптасу процесі көрсетілді.
«Тарих
-
и Рашиди» авторының өзбек, өзбек
-
қазақ, және өзбек
-
қырғыз 
терминдерімен қатар түрікмен, дулат, қаңлы, жалайыр, барлас және тайпалық 
атаулардың жиі
-
жиі қолданылуы осы тарихи қозғалыстың айқын көрінісі 
болатын. Бірақ, өкінішке орай бұл жеке ұлттық құрылымдардың қалыптасу 
үрдісі сәтті, халықтардың табиғи мүддесіне сай болды деп айтуға болмайтын еді. 
«Түркі халықтарының, оларды билеуші Шыңғыс тұқымдарының өзара қанды 
қырқыстардан
әлсізденгені соншалық
– 
олар енді Алтын Орда немесе Әмір Темір 
империясы сияқты қуатты мемлекеттік жүйені құруға шамасы келмеді»
, – 
деп 
жазады автор

Мүмкіндігінен айрылып Шығыс Қытайлық және Батыс «орыстық» болып 
бөлініп кетуі сондай құлдыраудың айғағы болса керек. Мұхаммед Хайдар 
айтқандай: «Моғолстан гүлденген уақытында білімді адамдар және кәмелетке 
жеткен ел көп болған. Тарихты зерттегендер баршылық болған шығар. Сөйте 
тұра, ол елден жазба шығарма да қалмаған гүлденген барлық қалаларында 
ойраннан кейін қамал, қорған бәрі күйреген. Тек қана кейбір қалалар мен елді 
мекендерде әрбір жерлерінде ойраны шыққан мұнара мен қамалдардан басқа 
ешқандай із қалмаған
». 
Мырза Мұхаммед Хайдар еңбегінде Моғолстан хандары мен 
сұлтандарының билік үшін тынымсыз таласын баяндап қана қоймай, сонымен 
қатар ол барлық ұлы ғалымдар сияқты өзі зерттеген тақырып үлгісінде жақсылық 
пен жамандықтың

білім мен надандықтың өзара мәңгі үзілмес егесінде иманға 
жүгінеді. 
Дулати бұл еңбегінде дерек көзі ретінде ғылыми ортада мәлім болған 
еңбектердің негізгілерін пайдаланып отырған. Солардың арасында Қожа
Рашид 
ад
-
дин Фәзолонаның «Жәми
-
әт
Тауарихын», Һамдолла Мұстауфидің «Тарих
-
и 
Гузидесін»,
Маулана Шәрафаддин Әли Наздидидің «Зафар намасын», 
Ұлықбектің
«Тарт ұлысын» пайдаланған. Міне

осы айтылғандар Мырза 
Хайдардың «Тарих
-
и Рашидиді» еңбегінің мазмұнын ашып, ғылыми мағынасын 
арттырды.
Сондай
-
ақ еңбектің
келесі деректік негізі
– 
сенімді көздерден 
32 


алынғандағы. Мысалы

автор еңбегінде Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы 
жөнінде біраз деректік материалдарды 24 күн бойы қонақтап қайтқан Сұлтан 
Сайд ханның өзінен бір емес, бірнеше рет естігенін айтады.
«Тарих
-
и Рашидиде» автор «қазақ», 
«
қазақылыққа
» 
деген терминдерді 
бірнеше рет пайдаланады. Мұхаммед Хайдардың тарих философиясы бойынша 
мемлекеттік биліксіз халықтың дамуы, өркендеу жолына түсуі мүмкін емес. 
«
Егер
ел билеушісіз қалса бақытсыздыққа ұшырайды ал

халқы жау 
опасыздығынан күйреп жойылады»

«Билеушісіз жаһан, бассыз тәнмен тең, 
бассыз
тән, жолда жатқан ұлтанмен тең, яғни патша мемлекеті елдің басы», 
– 
деген қорытындыға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет