Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
 
1.
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. Алматы. «Атамұра». 
2011.
2.
Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих
-
и Рашиди». Алматы. Тұран. 
2003.
3.
Ислам. Энциклопедиялық
анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010.
61 


ОӘЖ 1(091):(574)
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ «ТАРИХ
-
И РАШИДИ»
 
ЕҢБЕГІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
 
 
Иманбекова Г. М.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих 
толқынында» атты кітабында «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің 
мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының 
бастауларын түсінгеніміз жөн, тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере 
беру керек екеніне менің сенімім кәміл», 
– 
деп тұжырым жасады»
[1, 273б].
Қазақ тарихы мен философиясының қалыптасуына үлес қосқан 
– 
көрнекті 
ғалым, тұңғыш тарихшы, орта ғасырдағы мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар 
Дулати тек отандық тарихты ғана емес, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, 
Үндістан тарихы мен мәдениетін зерттеуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Ұлы ғалым 
туралы атақты орыс тарихшысы В.Бартольд: «М.Х.Дулатидің
тарихи шығармасы, 
Еуропалық ірі шығыстанушылардың пікірінше сол дәуірдегі ең жарқын тарихи 
еңбек», 
– 
деп жазды [2, 101б]. Атақты ғалым Ш.Уалиханов оны отандық бірінші 
тарихшысы деп есептесе, академик М.Қозыбаев ұлы ғалымды «бүкіл Орталық Азия 
мен Шығыстың тарихшысы», 
– 
деп сипаттады [2, 123б].
 
Мұхаммед Хайдар 
Дулатидің
«Тарих
-
и Рашиди»
еңбегі 
– 
орта ғасырлар тарихының энциклопедиясы.
«Тарихи
-
и Рашиди» еңбегінің классикалық, энциклопедиялық аталуының үш 
себебі бар. Ол туралы автордың өзі:
«Біріншісі, Тоғылық Темір хан Ислам дінін 
Маулана Аршададдин ықпалымен қабылдады. Екінші бір себебі

Тоғылық Темірге 
дейін
-
ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда

осы 
хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен
дұрыс жол таба алмады. Ал, 
құдіретті де мәртебелі Тоғылық Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан 
дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы 
Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып оның құрметіне 
құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих
-
и Рашиди» «Хақ 
жолындағылар тарихы», 
– 
деп аталынды [3, 59б].
«
Қасиетті ғылым
мен білім барлық елдерге ортақ игілік болып табылады», 
– 
деп бабамыз М.Х.Дулати ерте заманда
-
ақ біліп жазған. М.Х.Дулати 
шығармаларындағы ең басты идея тұрақты қоғам мәселесі. Оның алғашқы негізі 
ретінде дінге негізделген ұлтаралық келісім, қоғамдық қатынастардың әділдігіне, 
басшылардың даналығына сенген, әлеуметтік және мәдени
-
психологиялық 
тұтастық аясында қалыптасқан рухани идеялар аталған. ХVI ғасырда өмір сүрген 
еліміздің ұлы перзенті, тарихшы, ақын Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің ата
-
бабалары Моғолстанда мемлекеттік қызмет атқарды. Осы текті ақсүйектер 
отбасында ол дүниеге келіп, тәрбиеленді. 
Ақын, тарихшы және қолбасшылықты қатар алып жүрген М.Х.Дулати
еңбегінің мақалада философиялық ойларының маңыздылығын ашып көрсету 
негізделген.Ұлы бабамыздың қазақ философиясындағы алатын орнын анықтаудың 
маңызы зор. Дулати алғашқы қазақ хандығының құрылу тарихын жазбаша түрде 
62 


жазып, ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу басында өмір сүріп, қоғамдық ойдың 
дамуына, қазіргі философиялық ғылымының қалыптасуын өркендетуге үлес қосты. 
Философиялық, ұлттық ойлау дәстүрлерін байытуға еңбек сіңірді. 
Сонымен ұлы ғалымның шығармашылығындағы философия негіздері қалай 
қаланды?
Біріншіден, Дулати қазіргі ұлттық ойлау жүйесінің, тарихи философиясының 
бастамасын қалады. Қазіргі дегенде хронологиялық кестені емес, мағыналы 
мазмұнды айтамыз.
Екіншіден, Дулати тарихи философияны тек қазақ ұлтының рухани 
дүниесінде ғана емес, басқа Шығыс халықтарының дүниетанымдарына да 
орнықтырып, іргетасын қалап кеткен ұлы тұлға. 
Үшіншіден, әлеуметтік қоғам тұрғысынан алғанда, бабамыз болашақ 
ұрпақтарға қазына боларлық өшпес рухани білім өлшемдерін қалдырды.
Тарихи дамудың ерекшеліктерін аша келіп Дулати, әрбір дәуірдің мәдени 
үрдісі бағыттарын бетке ұстап, көшпелі мәдениет орындарының мәнін өз 
уақытының ой желісі дәрежесінде анықтап айтты. Ғалым шығармаларындағы 
тарихи деректердің нақтылығы, жүйелілігі, әдеби тілінің жатықтылығы, ежелгі 
оқиғалардың тарихи
-
мемуарлығы, хронологиялық суреттемелердің логикалық 
шегіністерімен толықтырылып, суреттеліп отырады. Дулати «Тарих
-
и Рашиди» 
атты еңбегінде XVI ғасырдағы тарихи оқиғаларды, өз замандастарының өмірі мен 
басынан кешкен оқиғалар жайлы естеліктерімен қатар, бұл дүниедегі өмір сүрудің 
опасыз, өткінші сипаты туралы жазады, бүкіл адамзаттық құндылықтар туралы 
философиялық және тарихи ойларын ортаға салады. 
М.Х.Дулати үшін мемлекет және оның билеушілерінің елді билеудегі 
саясатының философиялық ұстанымының бағытының зор екендігіне ерекше 
тоқталды. «Дүние мәңгілікті патшалық емес, оның тұрақтылығына үміттенбеу 
керек». Оны басқару дегеніміз барлық билікті бір уыстыққа біріктіру және қорғау, 
өмірдің қайнар көзін нығайту. Егер мемлекетте барлығы тек өздерінің қара 
бастарының қамы үшін өмір сүретін болса, онда қоғам ыдырайды, іріп
-
шіриді деп 
көрсетті.
Сонымен қатар ғалым бай мемлекеттің қуатын патшалардың, хандардың және 
сұлтандардың ел билеудегі саясаты мен жақсы қызметтерімен тікелей байланысты 
деп есептейді. Оның ойынша, патшалық құру адамның екі мақтаулы қасиеттерімен 
байланысты: біріншіден
батырлардың ержүректілігіне әкеліп соқтыратын 
көрегенді ақылы, екіншіден, табандылық пен беріктікті нығайтатын ержүректілік. 
Бұл анықтамада Дулати: «Оқ пен қылыштан гөрі парасаттылықтан пайда көп», 
– 
дей келе [3,33б]

ол тағы да «Басқарушысыз дүние
-
басы жоқ денеге тән», 
– 
деп 
көрсетті [3, 49б].
Тарихи хронология ғалымды философиялық сенімге алып келеді. Егер кімде
-
кім ғылымды, соның ішінде діни ғылымды меңгерсе, онда ол, біріншіден 
– 
«зерделі 
және «көреген», екіншіден 
– 
«мейірімділікке, тәртіптілікке және «ақиқатқа жақын», 
үшіншіден 
– 
«әр қоғамдық топта мүшені бағындыратын көрнекті тұлғалар [3. 257б]
болуына мүдделі, төртіншіден «мемлекеттік тұрғыдағы ақыл
-
ойдың иесі, һәм 
жауынгерлер мен адамдарды өз айналасына жинай алады». Осыған байланысты 
Мұхаммед Хайдар былай деп жазады: «Құдіретті әлемді жаратушының даналығы 
– 
дүниенің құрылымын құдіретті патшалардың өмір сүруіне бағынышты 
қылуында, ал дүниені жасаудың мақсаты болып табылатын адамзаттың 
63 


тыныштығы мен аман
-
саулығының құралы ретінде Алла әділдік пен жоғары 
дәрежелі бейбітшілік сақтаушылардың басқаруын жасады»
[ 3, 77б].
Өйткені ханның, билеушінің мінез
-
құлқы мен әрекетінің қаталдығы

мемлекет 
қуатының өсуінің кепілі болып табылады. М.Х.Дулати еріксіз мынадай пікірге 
келеді: адам болмысының үш қайнары
-
адамгершілік, дін және саясат бір
-
бірімен 
тығыз байланыста болады. М.Х.Дулатидің
бұл тарихи еңбегі ата
-
бабаларымыздың 
өмірін зерттеуде, дүние мен діннің бірлігін көрсетуде, мемлекеттік қызметтер мен 
дипломатияда басты жолды дұрыс көрсетіп береді. 
Сондықтан жүріп өткен тарихымыздан әлеуметтік 

саяси сабақ алу, берілген 
деректі философиялық көзқараспен ұғындыру 
– 
Қазақстан халқының алдында 
тұрған мақсаттарының негізі. Біз М.Х.Дулатидің философиясы жайлы сөз 
еткенімізде бірінші кезекте оның тарих философиясы жайлы айтуымыз қажет. 
«Тарих
-
и Рашиди» шығармасында екі жүз жылға жуық кезеңнің тарихын, өз 
заманының қайшылыққа толы оқиғаларын және сол оқиғалардың ішкі 
байланыстары мен себептерін талдап, баяндау барысындағы басты идеясы неде 
деген заңды сұрақ туады?
М.Х.Дулатидің тарих философиясына тән «ең басты идея

тұрақты қоғам 
мәселесі»
[3;93]. М.Х.Дулати бұл ойын тікелей ашып айтпағанымен, өз заманының 
аумалы
-
төкпелі сипатына, сол кездегі қоғамдық қатынастардың, мемлекет 
билігінің тұрақсыздығына байланысты айтқан ой
-
толғамдарынан осы идеяны 
аңғаруға болады.
М.Х.Дулатидің тарих философиясының өзекті мәселелерінің бірі 
– 
мемлекет 
басқару мәселесі. Бұл мәселе М.Х.Дулатидің негізгі идеясы 
– 
тұрақты қоғам 
идеясымен тығыз байланысты. Өйткені

қоғамның тұрақтылығын, өркендеп 
гүлденуін саяси билік қамтамасыз етеді, ол үшін билік әділетті болуы тиіс. 
М.Х.Дулатидің
пікірі бойынша, әділеттілік 

мемлекет беріктігінің негізі болып 
табылады»
[ 3, 315
.]. 
Ғалымның әділеттілік туралы айтқан
пікірі өте маңызды. «Әділеттілік 
– 
бұл 
философиялық, құқықтық және этикалық маңызы бар әлеуметтік құндылық. 
Азамат баласы әрқашан
да әділеттілікке сүйене отырып қоғамдағы әлеуметтік, 
экономикалық, саяси оқиғаларға баға беріп отырған»
, – 
деп жазады ғалым 
М.Х.Дулатидің мемлекет басқару кезіндегі көзқарастарына өз ықпалын тигізген 
ислам діні мен мәдениеті шеңберінде қалыптасқан түрлі идеялар, дәстүрлер мен 
ілімдер болып табылады.
 
М.Х.Дулати өмір сүрген тарихи кезеңдегі мұсылман әдебиетінде түркі және 
парсы тілдерінде жазылған мемлекетті басқару, ел билеу жайындағы озық ойлы 
идеяларды басшылыққа алып жазды. М.Х.Дулатидің шығармашылық 
мұрасындағы тарих философиясының негіздерін оқып үйрену зерттеу ең басты 
ғылыми бағыт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет