Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет24/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


61 
II КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДЕН ЖАСАЛҒАН СИНОНИМДІК 
ҚАТАРЛАР
 
2.1 Синоним сөздердің зерттелу тарихынан
Лексика-семантикалық топтардағы сөздер өзара бір-бірімен 
қиылысып, шиырласып жатады. Бір топқа жататын сөздер ғана емес, әр 
басқа лексика-семантикалық топтардың өздері бірімен-бірі астарласып, 
байланысып келеді. Осындай байланысты көп мағыналы сөздер мен 
синонимдердің арасынан да байқауға болады.
«Синоним» грек сөзі. Дәлме-дәл аударатын болсақ: бірдей атау, 
аттас деген мағына береді. Мәселен: 
сөйлеу - айту, істеу - жасау
орфография - дұрыс жазу, батыр - ер жүрек - батыл, ықылас - көңіл - 
зерде - ынта - назар

Бұдан байқайтынымыз: синоним дегеніміз ақиқат өмірдегі 
бір ғана затты (құбылысты, әрекетті) белгілейтін сөздер тобы. 
Алайда, бір ғана затты атай отырып, синонимдер негізінен бір 
затты әр түрлі атайды, яғни аталған заттың түрлі-түрлі жақтарын әр 
алуан қырынан сипаттайды. 
Бұл жөнінде орыс тіл білімінің көрнекті өкілі А.А. 
Реформатский былай деп жақсы көрсеткен болатын: «Два слова 
называют одну и ту же вещь, но соотносят ее с разными 
понятиями и тем самым через названия вскрывают разные 
свойства данной вещи» [42, 91]. Сол сияқты А.Н. Гвоздев те: 
«Синонимы – слова с близкими, но нетождественными значениями», - 
деген анықтама береді [43, 30]. Демек, синоним сөздер бір ғана 
затты (құбылысты, әрекетті, үрдісті) белгілегенімен (атағанымен) 
семантикалық (мағыналық) жақтан өзінің эмоционалды-
стилистикалық құрылысы жағынан да бір-біріне теңбе-тең емес. 
Синоним сөздер лексикалық мағынасы жағынан тым жақын болып 
келгеніменде, бір синонимді екінші синонимнен ерекшелендіретін 
үш негізгі сипаты бар. 1. Өзіне қатысты семантикалық, яғни 
лексикалық мағынасының реңктерімен. 2. Сөйлем жанрында 
колданылу аясы жағынан. 3. Өзінің экспрессивті-эмоционалды 
бояуымен.
Синоним сөздер лексикалық мазмұн ерекшелігі
тұрғысынан заттың әр алуан сипатын атайды және айтқан 
уақытта ұғымның тек бір жағын баса көрсетеді. Синонимдер 
затты атаудағы ішкі тұлға ерекшелігін, яғни сол заттың әр түрлі 


62 
белгілерін көрсетеді. Ең әуелі синоним мағыналық қатынасқа 
енуде белгісі (реңкі) тілімізде синонимдік қатынасқа түскенмен де, 
ескі 
дейтін болсақ –
 «бірнеше жыл болған», 
ал 
көне 
десек – 
«бағзы 
заманнан келе жатқандықты» 
ұғынамыз. Сондай-ақ, біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет