Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді


Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс



бет4/5
Дата27.05.2020
өлшемі76,38 Kb.
#71346
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5
Байланысты:
Слайд, іс қағаз О.Рақымжан

2.Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.

  • 2.Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.
  • Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және функционалдық.
  • Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
  • Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
  • Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет