Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет20/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Пирр құстай ағып өтіп келе жатыр,

Қараңғы ойды тербеп дене жатыр,

Саудырап қару-жарақ, ат үстінде

Қаны қызып күрсінеді Пирр батыр,

Бақытсыз сүйгені мен анасының

Қарындас, әке, қызы, баласының,

Кегін алып дұшпаннан, мейір қанып,

Уытын алып тастамақ жарасының

Тамұқтың отындай боп зәрені алған,

Қызарып екі көзі оттай жанған,

Бұратын жолбарысты ақ иықтай,

Приам да өлімдей қорқу салған.
Ары қарай артист жалғайды:
Басталды ұрыс-тартыс жағаласу,

Найзаласу, бір-біріне қылыштасу,

Пирр батыр күркірейді күндей болып,

Тау күңіренді, қозғалды биік асу.

Пирр батыр қаны қызып ашуланды

Қолына өткір болат қылыш алды.

Қалжырап, қылыштасып, найзаласып,

Приам жер бауырлап жата қалды.

Дем алды өткір қылыш, сүйір найза,

Приам жерді құшып жатты жайға,

Пирр сүйтіп кегін алды, құмар қанды

Құстай ұшып жөнелді әлдеқайда

Аспан көк тұрды қарап, жерді қарғап,

Жердің беті күнәсін жатты сарнап,

Жердің бетін қан қылған тастай жүрек

Ұшса да құстай болып қайда бармақ?..
Бұдан кейін артист Гекуба жайына көшеді:
Көзінен мөлдіреген ақты жасы,

Тарқатылып толқынды қара шашы,

Алтын тәж басындағы жылтыраған,

Түскен соң адыра қалды оның басы.

Көз жасы көл боп ақты жерге түсіп,

Көз жасын тізесінен жүрді кешіп

Күткен бақ, отырған тақ адыра қалып

Жұмбағын қайғыменен сонан былай,

Ащы жас қан аралас қайнап шығып,

Ер өлді арманда боп жылай-жылай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет