Құрысу синдромы Эпилепсия Алғашқы көмек content part. 01 Құрысу синдромы



Дата25.01.2023
өлшемі2,5 Mb.
#166447
Байланысты:
Құрысу


Құрысулар және алғашқы көмек
Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова
Құрысу синдромы
Эпилепсия
Алғашқы көмек
CONTENT
PART.01
Құрысу синдромы
Құрысу синдромы
Құрысу синдромы қаңқалық мускулатураның еріксіз жиырылуымен білінеді. Құрысулардың барлык дене бұлшықеттерін қамтуы немесе жергілікті (локалды) білінуі мүмкін.
Құрысу синдромының себептерінің арасында - мидың жұқпалық (инфекциялык), уытты (токсикалык), жарақаттық, ісіктік закымдануы, ми қан айналысының бұзылуы, қояншық (эпилепсия), шолжындык (истерия) бар
Осы ауру балалар арасында көп кездесетін болды. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, дүниеге келген әр он баланың үшеуі «құрысу синдромына» шалдығады. Балаларда кездесетін құрысу синдромының бірнеше түрі бар. Олар
тоникалық
клоникалық
фербилді
эпилепсиялық
тыныс алу аффектісі
Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – фербильді құрысу.
Фербильді құрысу көбіне алты айдан алты жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Аталмыш дерт кезінде баланың иммунитеті әлсіреп, естен танып, аяқ-қолы сіресіп, ішек-құрылысы бұзылып, кіші дәретін ұстай алмай қалады. Бұл аурудың негізгі тудырушы күш – дене қызуының көтерілуі. Егер баланың ыстығы қатты көтерілсе әрбір үшінші балада талма ұстау қаупі бар. Баланың ми қыртысы өте әлсіз болғандықтан жоғарғы температураны көтере алмай соңы талмаға апарады. Құрысудың бұл түрі эпилепсияға жатпағанымен оны дер кезінде емдемесе соңы ауыр дертке соқтыруы ықтимал.
Ал, дене қызуына басты себеп – түрлі инфекция. Көбіне суық немесе құлақ инфекциясы температураның көтерілуіне соқтырады. Дегенмен, есінен танған баланың бәрі бірдей эпилепсия деген сөз емес. Бастысы, эпилепсия мен фербильді құрысуды ажырату маңызды. Өйткені, эпилепсия кез-келген жаста орын алса, фербильді құрысу 6 жасқа дейінгі балаларда ғана кездеседі.
Сондай-ақ, баланың дене қызуы қалыптыдан төмен түсіп кетсе де құрысу синдромына шалдығады.
PART.02
Қояншық ауруы (Эпилепсия)
Қояншық ауруы дегеніміз не?
Қозу және тежеуші жүйелердің бұзылуынан туындайтын бас миының ауруы ретінде танылған. Нейрондар жоғары қуатты электр күшін бөле бастағанда, тежеуші күштің оған әлі келмей қалады. Осыдан ұстамасы басталады. Көпшілік ойлағандай мұндайда адам есінен танып, аузынан ақ көбік атқыламайды. Ұстаманың түрі болуы мүмкін: қалтыраудан бастап, денесінің құрысуына дейін. Бұл ауру жұқпайды және психикалық ауру болып саналмайды. Қояншығы ұстап ауыруы ғана ықтимал. Алайда, балалардың дене қызуы көтерілгенде талып қалуының бұл ауруға еш қатысы жоқ.
Эпилептикалық құрысу кенеттен, тұтқиылдан дамиды. Науқас есінен айрылады және құлайды, бұл кезде жарақаттанудың болуы ықтимал. Тері жамылғылары алдымен бозарады, одан кейін көгереді. Үлкен құрысулық ұстама бұлшықеттердің күшті жиырылуымен сипатталады, мұнда тілін тістеп алудың, дене жарақаттануының, еріксіз зәрге шығудың болуы мүмкін.
Ұстаманың ұзақтығы – бірнеше минутке дейін. Ұстамадан соң науқас өзіне келіп, есін жияды және көбіне ұйқыға кетеді.
Басқа ағымда қояншықтық ұстаманың жекелеген бұлшықеттердің тартылып, жыбырлауымен білінуі ықтимал.
Аурудың негізгі белгілері қандай?
Қояншық ауруы кезінде адамның қозғалысы, тәртібі, сезімталдығы бұзылады, кейде есінен танып қалады. Дені сау адамның да есінен тану қаупі бар. Олар бірнеше секундтан минуттарға дейін созылады. Талып қалудың мынадай түрлері болуы мүмкін:
Есінен тану;
Қатып қалу;
Қысқа уақытта біртүрлі иіс, дәм, дыбыс сезу;
Іштің жоғары бөлігін өзгеше сезіну;
Беті мен аяқ-қолдары жансызданады;
Қысқа уақытқа талып қалу (есінен танбастан);
Бұлшық еттері сілейіп, еріксіз қимыл-қозғалыстар жасайды;
Дене мүшелері булығады;
Баланың сөйлеу қабілеті кеш дамиды, оқуда қиындық туындайды;
Түнде бұтына кіші дәретін жіберіп қою;
Түсінде сөйлеу, түсінде жүру (Айкезбе).
PART.03
Алғашқы көмек
添加标题
THE BEAUTY OF THE DESIGN WILL ALSO GREATLY REDUCE THE WEIGHT OF THE HEADSET.
添加标题
THE BEAUTY OF THE DESIGN WILL ALSO GREATLY REDUCE THE WEIGHT OF THE HEADSET.
添加标题
THE BEAUTY OF THE DESIGN WILL ALSO GREATLY REDUCE THE WEIGHT OF THE HEADSET.
Ұстамасы ұстаған адамға қалай көмектесу керек?
Ұстама кезінде адам ештеңені саналы ұқпайды (түйсінбейді) және ештеңені сезбейді. Ең алдымен сабыр сақтап, құрысулық қозғалыстарды жеңуге тырыспаңыз. Зардап шегушіні тегіс жерге жатқызып, басының астына әлдебір жұмсақ зат (егер көшеде болса - киім) қойыңыз, көйлегінің түймесін ағытып, қысып тұрған киімін шешіңіз. Егер ұстама өткен тұс қауіпті болса (су, от, үшкір бұрыш), онда науқасты еш жерге қозғамаңыз. Басын бүйіріне бұрыңыз, сол кезде тіл мен түкірік тыныс алуға кедергі келтірмейді. Егер құсу белгісі байқалса, ауру адамның бар денесін абайлап бүйірге бұрыңыз.
Қарысқан тістерін күштеп ажыратпаңыз. Құрысу құбылыстары бірнеше минуттен соң өз бетінше тарқайды. Егер мүмкіндік болып жатса, ұйқысын қандыруға ерік беріңіз. Ұстамадан соң сана бұлыңғыр күйде қалады, организм әлсірейді және жапа шегуші не істеу керектігін білмейді. Адам өз қалпына бес минуттен жарты сағатқа дейінгі мерзімде келеді. Егер ұстама бес минуттен астам уақытқа созылса, тыныс алуы нашар қалпына келсе, онда елеулі жарақат болса (көбіне құлаудан) немесе бұл жүкті әйел болса, медициналық көмекті жедел шақыру қажет. Медициналық тұрғыда кг салмаққа 0,2-0,5 мл диапезамды 50 мл жылы суға еріткен микроклизма енгізіледі. Препарат бес минуттен соң-ақ әсер ете бастайды.
Ұстамасы ұстаған уақыт пен оның ұзақтығын анықтау – ем тағайындап, емдеу жолын табуға керек. Емдейтін дәрігерге ұстаманың бейнежазбасы да қажет болу мүмкін.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет