Құрметті ата-ана! Төмендегі өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерін балаларыңыздың жас ерекшеліктеріне сай, үнемі есіне салып отырыңыздар



бет1/9
Дата29.01.2022
өлшемі153,42 Kb.
#115991
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қайырбекова К, Қайырбекова К, Laboratornye-raboty-po-setyam-v-CISCO (1), Laboratornye-raboty-po-setyam-v-CISCO, ЭССЕ Кенесбай Женис

Құрметті ата-ана!

Төмендегі өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерін балаларыңыздың жас ерекшеліктеріне сай, үнемі есіне салып отырыңыздар

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жол қауіпсіздігі

  • Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн. Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдардың көру қабілеті төмендейді. Сондықтан аса сақ болу қажет.

Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтуге болмайды!

Жолдар да өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай, абайлап жолдан өту керек.



  • Оталмай тұрған көліктің жанында тұру адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін. Тоқтап қалған көлікті итермеуге тырысыңыз! Дөңгелектің астынан мұздың қатты ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін.

  •  Қыс мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік қағидалары 
    Есіңізде болсын, көктем-күз мезгілдерінде мұз ерекше қауіпті.
    Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:
     
    - Жұқа, қатпаған  мұзда жүрмеңіз. 
    - Шанамен, шаңғымен тік жардан төмен жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз. 
    - Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз. 
    - Мұз үстінде топталып тұру қауіпті.Себебі салмақты көтере алмаған мұз жарылып кетуі мүмкін.. 
    - Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтуге болмайды. 
    - Мұзды аяғыңызбен ұрып жармаңыз. 
    КӨКМҰЗ

  • Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді. 

Көкмұз үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек. Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады. Егер сіз тайсаңыз, отыра қалуға тырысыңыз.

  Үсік алу

Адам қатты үсікті санаулы минутта алуы мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет