Құрметті ауыл тұрғындары! ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017-жылға арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



бет3/5
Дата08.06.2018
өлшемі386 Kb.
#41798
1   2   3   4   5

«Елді мекендерді дамытуда жетістіктер жергілікті кәсіпкерлердің және тұрғындардың қолдауымен болады. Әркім ауылындағы өз ауласында, көшесінде тазалықты сақтап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс». Осы орайда көктемгi тазалық жұмыстары да биылғы жылы өз мәнiнде атқарылды. Ауыл iшi күл-қоқыстан тазартылып, бұған бір К-700 тракторы тіркемесімен, екi МТЗ –80, бiр ДТ-75 тракторлары, екi ГАЗ-53, бір КРАЗ, бір тиегіш автокөлiктерi жұмылдырылды. Тұрғын үйлердің сырты сыланып, сырланып, екі көше бойындағы шарбақтар жаңадан ауыстырылып, көшелеріміз көріктеле түсті. Осы Қасқабұлақ ауылындағы 195 үй және Бөрілі елді мекеніндегі 14 үй толықтай ағартылып, сырланып қалыпқа келтірілді. Бұған қосымша округ бойынша қыстақтардағы тұрғын үйлер мен мал баздары әктеліп қалыпқа келтірілді. Үш көшеде түнгi 62 фонарьлар үздiксiз жанып тұр.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша: Қасқабұлақ ауылдық округiнiң жалпы жер көлемi - 323757 га, оның ішінде елді мекен жері – 12059 га, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жайылымдық жер - 121955 га, шабындық жер – 2134 га.

2016 жылы мал шаруашылығымен 55 құрылым шұғылданса, 2017 жылы мал шаруашылығымен 53 құрылым шұғылданып, оның 1-еуi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 52-і шаруа қожалықтары болып отыр. 2 шаруа қожалығы уақытша жабылды. Ауылымыздағы “Қасқабұлақ” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi қой малын асылдандырумен шұғылдануда. Осы серiктестiкте 50-дей адам жұмыс жасаса, шаруа қожалықтарында - 157 адам жұмыс iстейдi. Осы ауыл шаруашылығы құрылымдарынан түсетін жылдық салық 6 миллион теңге көлемінде болып отыр.

Қасқабұлақ ауылдық округi бойынша мал басы 2017 жылы: қой мен ешкі –18331 бас, жылқы - 2554 бас, мүйiздi iрi қара - 6052 бас, түйе - 162 басқа жетіп отыр.

Бұл көрсеткiштерге қарап ірі қара мен жылқының мал басының өсіп, қой малының азайғанын байқауға болады. Өздеріңіз білесіздер, ауылымызда қыс қатты болатындығын ескерткеннен кейін шаруа қожалықтары қой малын жаппай сатты, соның нәтижесінде қой 2500 басқа кемісе, ірі қара малы, жылқы, түйе малдары көбейіп отыр. Мал басының өсуі халықтың тұрмыс деңгейiнiң жақсаруына тiкелей әсер ететiнi сөзсiз. Сонымен бірге 2017 жылы 22679 тонна ет, 31171 тонна сүт, 40 мың дана жұмыртқа 341 центнер жүн өндірілген.

Қасқабұлақ ауылы бойынша 2017 жылы мемлекет тарапынан алынған субсидия көлемі –36 340 000 теңгені құраса, оның ішінде: 2 шаруашылыққа асыл тұқымды қой малын сатып алуға 280 000 теңге, 11 шаруашылыққа асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға 8 400 000 теңге, 20 шаруашылыққа селекциялық жұмысқа 15 100 000 теңге төленсе, 20 шаруашылыққа селекциялық жұмысқа 9 392 000 теңге 4 шаруашылыққа қой малдарының селекциялық жұмысына 3 000 168 теңге төленді.

Ауылдық округте 2017 жылы 009 бағдарлама бойынша 4 мал дәрiгерi жұмыс жасады. Жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында жұқпалы ауруларға қарсы егу, қан алу жұмыстары атқарылды. Өткен жылы МІҚ малының құтырмаға қарсы егілгені 2400 бас, сібір жарасына егілгені 7300 бас, қарасанға қарсы егілгені 5200 бас, туберкулин ауруына қарсы егілгені 12550 бас қой мен ешкі малдары, 2000 бас жылқы малы сібір жарасына қарсы егілді. Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы 7606 бас мүйізді ірі қара малынан қан алынып тексерілді. 2017 жылы жұқпалы ауру болған жоқ.

2017 жылы 11452 бас қой-ешкі малы, 1395 бас ірі қара малы, 538 бас жылқы малы, 29 бас түйе малы сатылып тиісті анықтамалар берілді.

Сонымен қоса ауылымыз Семей, Өскемен, Астана қалаларында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне де ұйымшылдықпен қатысып келеді.

Округ бойынша 2016 жылы статистикалық есеп бойынша 14600 тоннадай қатаң мал азығы дайындалса, өткен 2017 жылы 11 142 тонна қатаң мал азығы дайындалып

отыр. Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында адамдарға шөп шауып алуға әкімшілікке қарасты және серіктестіктің шабындық жерлерінен 3000 га жер бөлініп берілді. Сонымен бірге былтырғы жылы округ бойынша 146,5 тонна жем алынды. Тағы да айта кететін жағдай екі жылдан бері кәсіпкерлікті дамытуға, жеке кәсіппен шұғылданамын деуші адамдарға мемлекет тарапынан несиелер үздіксіз беріліп отыр. Ауылымыз бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күні 34 адам 52 000 000 теңге несие алып жұмыс жасауда. Бұл несиелер негізінен мал басын өсіруге және қызмет көрсету орындарын ашуға бағытталды. Нәтижесінде ауылымызда қоғамдық монша салынып пайдалануға берілді, бір көлік жөндеу бекеті ашылды, бір наубайхана кеңейтілді.Алайда, несиені қайтару өте мардымсыз болып отыр.

Жақында аудандық кеңесте ауылдардағы мал сою алаңдарының жұмысы сынға алынған болатын. Осыған орай ауылдағы мал сою алаңының жұмысын қатаң бақылауда

ұстап отырмыз. Басқа ауылдарда ірі малдарды сою құны – 3000-3500 теңге, ал ұсақ малдарды сою құны – 600 теңге болса, біздің мал сою алаңымызда ірі малдарды сою құны 2000 теңге, ұсақ малдарды сою құны – 400 теңге болып отыр. Ауылдық округ бойынша барлық мал тек мал сою алаңында ғана сойылып отыр.



Оқу-ағарту саласы бойынша: Ауылдың бүгiнгi таңда негiзгi тiрегi, мәдени-рухани ошағы ауылдық мектеп болып отыр. Мектебiмiзде 235 оқушы бiлiм нәрiмен сусындаса, мектеп алды даярлық тобында 25 бала тәрбиеленеді. Оларға 42 мұғалiм бiлiм берiп келедi. Олардың 3-і жоғары, 14-і бірінші, 13-і екінші санатты мұғалімдер. Ауылымыздағы орта мектеп ұжымы оқу-тәрбие iсiнде және бiлiм сапасын арттыруда өзiндiк тәжiрибемен, iзденiспен жұмыс жасап отыр. ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміздің көрсеткіші 2015-2016 оқу жылында 48 балл болса, 2016-2017 оқу жылында көрсеткіш 77,6 балл болды. М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушылары ЖЕҢІСХАН ДИАНА ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ мен ОРЫНБЕКОВА АЙША ҚАЗБЕКҚЫЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “Тәуелсіздік тірегім» фестивалінен 1 орын алса (Пән мұғалімі Қабыланов Қ.), КӘРІМБЕКОВА ЖАНЕРКЕ ДУЛАТҚЫЗЫ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “Сырым бар жүрегімде “байқауы “Дәстүрлі ән “бөлімі бойынша ІІ орын иеленді, Республикалық Абай оқуларының «Көңілім әнді ұғады» байқауы бойынша Алғыс хатқа ие болды ( Мұғалімі Шайхынәбиев Оралхан) “БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ” би фестивалінде «Ғазиза» би тобы І орын иеленді (Жетекшісі МҰРАТОВА ДӘМЕГҮЛ СЕРІКҚЫЗЫ)

Әлкей Марғұлан атындағы Қазақстан тарихы пәні бойынша МҰҒАЛІМДЕР арасында өткен Республикалық олимпиадада ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МУРСАЛИМОВА ТОЛҚЫН мен ЕРМЕКБАЕВА КЕНЖЕГУЛ 1 – орын иеленсе, мектеп оқушылары АЙТМҰХАНБЕТОВ ӘДІЛЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІЛИЯС оқулары байқауынан ІІ орын;. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ИНТЕРНЕТ Олимпиадасынан ЖУМАГАДИЛОВА АЯЖАН І орын (Пән мұғалімі Конакаева Ж.) БЕРЛІҚОЖА ЖАНЕРКЕ І орын; БАЛТАҚАЕВА МАҚПАЛ І орын (Пән мұғалімі Желдибаева А) . Қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан Серикова Дина. облыстық олимпиадан ІІ орын. ( Пән мұғалімі Карменова С.) Тиыштыбай Сәнім ағылшын тілінен ІІ орын(Пән ҮЗДІК АТТЕСТАТ иегерлері Берліқожа Жанерке Жәнібекқызы ҰБТ-дан 134 ұпай жинап, нәтижесінде Л.Гумилев атындағы ұлттық университетінің филология факультетінің Грант иегері атанды. Сол сияқты Жұмағаділова Талшын Аманғазықызы (ҰБТ 135 ұпай). Семей медициналық университет жалпы медицина факультеті нің грант иегері. Орынбекова Мөлдір Қазбекқызы ҰБТ 125 ұпай. Семей Шәкәрім атындағы университеті автоматтандыру және басқару медицина факультетінің грант иегері Смағұлова Талшын Қуанышқызы Шәкәрім атындағы университеті Жылу энергетикасы факультеті нің студенті, грант иегері Байарысова Балнұр Өмірбекқызы .ҰБТ 131 ұпай. Семей медициналық университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түсіп, ауылымыздың мәртебесін көтерді.Әлкей Марғұлан атындағы Қазақстан тарихы пәні бойынша ОҚУШЫЛАР арасында өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА Берліқожаева Ақберен, Қуантханов Ерсұлтан Орынбекова Нұрай, Амангельдинова Аружан –ІІ орын, Сәкенова Нұрдана мен Жұмағаділова Аяжан –ІІІ орын, КЕҢЕСОВА АЯЖАН «Шәкәрім әндеріндегі физикалық құбылыстар» тақырыбындағы ОБЛЫСТЫҚ ғылыми жобада 3-орын;(Пән мұғалімі Мұсатай Гүлшат)

М.Әуезов атындағы орта мектеп «Бірлік түбі-береке» атты бағдарлама бойынша қыркүйек айында Тараз, Түркістан қалаларының оқушылары кездесуге келіп, өз жерінің таприхымен пікір алмасты. Жазғы каникулда Астана қаласына «ЭКСПО-ға», Семей қаласындағы тарихи мұражайларға бару ұйымдастырылды.Тамыз айында Семей-Жидебай арасындағы тарихи жерлерді аралады. Қыркүйек айында Бөрілідегі М.Әуезов мұражайына барды. 26-қыркүйек күні «Ұлылар туған ұлы дала тарихы» атты М.Әуезовтың 120 жылдығына байланысты тарихи жерлерге саяхат аудан бойынша ұйымдастырылып, қазақ әдебиеті, тарих пәнінің мұғалімдері Қасқабұлақ ауылыныдағы әрбір тарихи жерлерге семинар-сабақ өткізді. М.Әуезовтың туған жері «Аяққараған» қыстағына және алғашқы «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған «Ойқұдық» жеріне ескерткіш-тас орнатып, ауқымды түрде сабақ өткізді.

Мектебіміздің түлегі ЖҰМАТАЕВА ТАЛШЫН МҮТӘНҚЫЗЫ Республикалық чемпионатта самбо күресінен ІІІ орын иеленіп, ҚР қазақ күресі және самбодан спорт шеберлігіне үміткер атанса,ТАЛАПХАНОВА ДИАНА РЫМХАНҚЫЗЫ Республикалық ашық турнирде дзюдодан ІІІ орын иеленіп, ҚР дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, аймақтық Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдо күресі бойынша 2-орынға ие болды; Берліқожа Аружан Аймақтық Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдо күресі бойынша 3-орын; Тренері Сарсенбаев Ш. Бауыржанқызы Нұржан, Сыпатаева Айдана 10-сынып оқушылары волейболдан облыстық турнирде 2 орын; Абай аудандық волейболдан құрама команда мүшелері Қазбеков Ерасыл,Доғалбеков Темірландар Өскемен қаласында өткен облыстық футбол турнирінде 2-орын ға қол жеткізіп, аудан намысын қорғап жүр.

Мектеп жанындағы интернатта бүгінгі күні 35 бала оқып, тәрбиеленуде. Интернатта тұрып оқимын деген оқушылар да жылма-жыл көбею үстінде.

Ясли-балабақшасында екі топта 50 бала тәрбиеленуде. Техникалық базасы жылдан-жылға нығая түсуде. Балабақшаға төленетін ата-аналардың төлемақысы 3000 теңгені құрады. Балалардың тамақтануы ата-аналар көмегімен қамтылып, үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: Денсаулық саласы бойынша ауылымыздағы дәрігерлік амбулатория «Жедел жәрдем» автокөлігімен қамтамасыз етілген. Осы дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 4 орта буын медицина қызметкері өткен жылы 404 – 14 жасқа дейінгі балаларға, 68 – жасөспірім, барлығы 1000 адамға дәрігерлік қызмет көрсетті.

Жұқпалы тұмау ауруының алдын алу мақсатында 50 адам тегін егілсе, төлемді егуге ешқандай сұраныс түскен жоқ. 2017 жылы ауылымызда 1 адам туберкулезбен ауырды, қазір емделу үстінде.

Ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері сонымен қоса төрт жыл қатарынан скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды.

Семей қаласының диагностикалық орталығының медициналық қызметкерлері 494 адамды тегін тексеруден өткізіп, ауыл тұрғындары денсаулығының жағдайын анықтауға зор үлестерін қосты. Бұл ауыл жұршылығының денсаулығын тексеруге келген медицина қызметкерлеріне әкімшілік тарапынан зор құрмет көрсетіліп, ризашылық білдірілді.



Мәдениет-спорт саласы бойынша: Ауылымызда даталы мереке күндерiн атап өту жоспарлы түрде жүргiзiлiп отырылады. Дәстүрге айналған десек те болады.

Ауылымызда үнемi өткiзiлiп тұратын мәдени-көпшiлiк шараларға жастар көптеп тартылуда.

2018 жаңа жылды қарсы алуға ауыл жастары, үлкендерi болып қызу дайындықпен келдi. 30-желтоқсан күнi ауылдағы барлық мекемелердiң 110-ға тарта қызметкер-жұмысшыларымен “Көгiлдiр от” кешi өткiзiлсе, 31-желтоқсан күнi жұртшылыққа арналған жаңа жылдық концерт ұсынылды. Соңынан ауыл жастарына арналған “Карнавалдық би кеші” ұйымдастырылды.

Ауыл жұртшылығына белгiлi жай Қасқабұлақ ауылы көркемөнерпаздары жылма-жыл аудандық ауыл, мекеме күндерi байқауында жүлделi орындарды иеленiп келедi. Өткен 2017 жылы да береке-бірлігіміздің арқасында жүлделі І орынға иелендік. Сол сияқты Наурыз мейрамы, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнi, 1-мамыр-Халықтар бiрлiгi күнi әртүрлi сайыстар түрiнде өткiзiлсе, Қарттар күнi, Республика күнi, Тәуелсiздiк күнi, Жаңа жыл мейрамдарында ауыл жастары мен мұғалiмдер қауымының қатысуымен концерттер қойылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында «Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп Елбасымыз атап көрсеткендей ел болашағы жастар мен жасөспірімдерге рухани тәрбие беру біздің басты міндетіміз. Сәуір айында Абай ауданында өткен Шабытты маусым, Абай ауданының лигасы Жайдарман ойынына ауыл жастары қатысып жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сонымен қатар «Абай аруы – 2017» байқауына Дюсембаева Мадина қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Ауылмыздың мәдениет үйінде Аудан әкімінің «Ауыспалы кубогы» Жайдарман ойыны өтті. 1 мамырда мектеп оқушылары,мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен мерекелік шеру өтті. 7 мамырда ауыл жастары арасында «Ұланымыз Ұлы елдің» атты патриоттық жарыс өтті. 8 мамырда ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Жастар саябағында» мерекелік концерт пен ойындар, артынан би кеші ұйымдастырылды.

«Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне «Жеңіс саябағы» тазартылып, гүлдер егілді. 9 мамырда соғыс ардагерлерін еске алып, оқушылар әдеби монтаж қойылды, ат жарысы, аударыспақ, қыз қуу, қазақша күрес, арқан тартыс жарыстары өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өтетін аудандық спартакиаданың ақтық кезеңіне ауыл жастары белсенділікпен қатысып қайтты.

1-қазан күні Дүниежүзілік қарттар күніне орай қарт зейнеткерлерді «Ақниет» тойханасында дастархан жайылып құрмет көрсетілді.Сонымен қатар ауыл әкімінің арнайы шақыруымен танымал айтыскер ақын, облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Серік Құсанбаев арнайы мереке иелерін құттықтап келіп, өз шығармашылығымен бөлісті. Ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері қарттарымызға ән-жырдан шашу шашты.

Қазан айында аудандық орталық стадионда Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған спартакиядаға Қасқабұлақ ауылының спортшылары, спорттың 7 түрінен қатысып жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

Қазан айында Қарауылдағы Жастар үйінде «Күзгі бал -2017» байқауы болып өтті. Бұл байқауға Қасқабұлақ ауылынан Әділбекова Жанерке мен Серікбосынов Нұрым қатысып «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

Ал 9-мамыр “Жеңiс күнi” мейрамы айрықша аталып өтiледi. Аламан бәйге, құнан жарысы, тай жарысы, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, қазақша күрес, гир көтеру сынды ұлттық ойындарын ұйымдастырып өткiзу дәстүрге айналдырылды. 2016 жылдан бері ауыл жастарының ұсыныс бойынша 8-мамыр «Жастар күні» деп аталып, басқа жақта жүрген жерлестерімізді шарқырып «Туған ел-алтын бесігім» атты бағдарламамен мерекелік іс шара екінші жылы аталып өтілді.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай мектеп оқушылары «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарына салтанатты түрде қабылданды.

Елбасымыздың жолдауына орай салауатты өмiр салтын қалыптастыру, спортпен шұғылданатын денi сау адамдар тәрбиелеуде де қомақты жұмыстар атқарылды. Спортпен шұғылданудың ауылдағы барлық мекемелер бойынша арнайы кестесі жасалынып, ай сайынғы түрлi спорттық ойындар жоспарлы түрде өткiзiлдi. Бұған 2017 жылы ауылымыздың жастары мен мұғалімдерінің аудандық қазақ күресінен, футбол, волейбол жарысының бас жүлдесін бірнеше рет жеңіп алуы дәлел бола алады деп ойлаймын.

Сол сияқты Тәуелсiздiк күні, Желтоқсан оқиғасына орай ауылiшiлiк баскетбол, волейбол жарыстары өткізіліп, жүлдегер командаларға ақшадай сый-сияпаттар жасалынып, ауыл әкiмiнiң мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осындай жоспарлы түрде өткiзiлiп тұратын игi шараларға ауылымыздағы мекемелер, серiктестiк пен шаруа қожалықтары, жеке кәсiпкерлер үнемi демеушiлiк жасап, көмектесiп отырды. Өткен 2017 жылы өткiзiлген көпшiлiк осындай мәдени-көпшiлiк iс-шараларға демеушiлер тарапынан 1 000 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетiлдi. Үнемі демеушілік көрсетіп келе жатқан серіктестік пен шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерімізге, жекелеген адамдарға үлкен алғысымды білдіремін.

Әрине демеушілік жасаудан қол үзіп қалған шаруа қожалықтары болса алдағы уақыттарда демеушілік көрсететіндігіне сеніміміз мол.

2017 жылы ауылымызда біршама істер атқарылып, ауылымыздағы әлеуметтік салаға бюджеттен біршама қаражаттар қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.



  1. Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  2. Құнанбай көшесі жарықтандырылды.

  3. «Жастар саябағы» мен «Жеңіс скверіне» 300 түп ағаш орнатылып, көгалдандырылды.

  4. 3 көшеге 35 дана түнгі жарықтандыру ою-өрнектері жасалып, орнатылды.

  5. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына сәйкес мал басын өсіру үшін 4 адамға 5 000 000 теңге несие берілді.

  6. Ауыл көшелеріне жаңа шарбақтар (штакетник) құру. Ауыл бойынша 2016 жылы 500 метр шарбақтар жаңадан ауыстырылса, өткен 2017 жылы 900 метр жаңа шарбақ қоршаулар ауыстырылды. Негізгі көшелер бойы қалыпқа келтірілді.

Өткен 2017 жылы алдымызға осындай міндеттер қойған болатынбыз. Ал биылғы 2018 жылға алдымызда төмендегідей міндеттер қойып жұмыстар атқармақпыз.

  1. Су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу. Су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаты жасалынып облыстық «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасына» құжаттар тапсырылды.

  2. Мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтау. «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өз қаражаты есебінен.

  3. Мал басын асылдандыру бағытында шаруа қожалықтарымен жұмыс.

  4. Лизингке жаңа техника алуды ұйымдастыру.

  5. Ауыл көшелеріне жаңа шарбақтар (штакетник) құруды жалғастыру. Тұрғындар есебінен жүзеге асырылатын болады. 500 метр шарбақ жаңадан ауыстырылады.

Құрметті ауылдастар!

Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің есебіне аудан әкімінің келіп қатысуы, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуы – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Елбасымыз алға қойып отырған міндеттерді орындауда бұрынғыдан да жұмыла, береке-бірлікпен еңбек етуге міндеттіміз. Алдағы уақыттарда да осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай өз мәнінде атқаратын боламыз деп сіздерді сендіремін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Құндызды ауылдық округінің әкімі Т.М.Уркимбаевтың баяндамасы.
Құрметті ауыл тұрғындары!

Өткен 2017 жыл - бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды кезең болды. Өйткені еліміз «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесін атап өтті. Бұл көрме елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Биыл өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек қателеспейміз. Осыған орай Құндызды ауылдық округі бойынша өткен жылғы атқарылған істерді назарларыңызға ұсынамын.

Құндызды ауылдық округі Абай ауданының шығыс бөлігінде 220 760 гектар жерге орналасқан. Ауылда 248 зейнеткер, 65 әртүрлі топтағы мүгедектер, 2 Чернобыль апатына қатысушы, 1 ауған соғысына қатысушы жалпы жиыны 1540 адам бүгінгі күні есепте тұрады.

Негізгі мақсат, білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнін күшейту және дара тұлғаға бағыттау. Әр баланың білім алудағы өз қаблеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді күшейту. Мектеп жұмысын жандандыру, ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға әлемдік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Шәкер Әбенов атындағы орта мектеп 2016 жылы 258 оқушы, мектеп алды даярлықта 58 бала білім алып, 36 оқытушы, 4 тәрбиеші жұмыс жасап, біріңғай ұлттық тестің қортындысында 82 балл алса, 2017 жылы 259 окушы, мектеп алды даярлықта 64 бала білім алып, 35 оқытушы, 4 тәрбиеші жұмыс жасап, біріңғай ұлттық тестің қортындысында 61 балл алуға жетісті. Мектептің жылу қазандығына қысқа жететін 373 тонна көмір толықтай түсірілді.

Дәрігерлік амбулоторияда 1 дәрігер, 4 мейірбике, 3 жұмысшы жиыны 7 адам жұмыс жасайды. Қыстамаға 25 тонна көмір түсірілді. 2016 жылы 21 бала, 2017 жылы 22 бала дүниеге келсе, 2016 жылы 9 адам, 2017 жылы 10 адам қайтыс болды. Бүгінгі күні дәрігерлік амбулаторияда қант ауруымен-27 адам, жүрек ауруымен 23, қан қысымымен-168, қан аздығымен-48, созылмалы бронхит-12 адам есепте тұрады.

Ауылдық клуб үйінің пайдалануға берілгеніне 8 жыл уақыт болды. Содан бері жөндеу жұмыстары жүрген жоқ. Барлық мәдени шаралар осы клуб үйінде өтіп келеді. Жылу тен арқылы беріледі. Клуб үйінде жиыны 9 адам жұмыс жасайды. Клуб үйінде ауылдық кітапхана орналасқан. Ондағы кітап қоры 8926 дана.

Бұдан басқа ауылдық почта, Қазақ телеком, Шәкер Әбенов атындағы мұражай халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуде.

Ауылда жоғары білімді мал дәрігерлері 4 адам, арнаулы орта білімі бар 1 адам малдәрігері ретінде жұмыс жасайды. Мал дәрігерлік шаралар жыл соңына дейін толығымен атқарылды. Жыл басынан сібір жарасына қарсы МІҚ 6600 бас, ұсақ малдан 50600, жылқыдан 1400 бас егілді. Аусыл ауруына қарсы 12110 бас МІҚ малы, 95130 бас ұсақ мал егілді.Туберкулизация жұмыстарына МІҚ-дан 11450 бас тексерілді. «Оң» нәтиже берген малдар болған жоқ. Қан алу, жеткізу шаралары бойынша қой-ешкі малдарынан 50116 бас бруцеллез ауруына қарсы қан алынды, «оң» нәтиже берген 45 бас. Оң нәтиже берген малдар «Ұлан» ет консерві заводына өткізілді. Бруцеллез ауруына қарсы 7911 бас МІҚ малынан қан алынып, «оң» нәтиже бергені 31 бас. «Оң» нәтиже берген малдар етке өткізілді.

2016 жылы 63 шаруа қожалығы, 17 жеке кәсіпкер, оның ішінде 2 наубайхана, 7 дүкен, 1 шаштараз, 1 мал дәрігері,1 аспаз, 2 көмір тасушы, 2 жолаушы тасымалдаушы 3 мотор майын сатушы жұмыс жасаса, 2017 жылы 66 шаруа қожалығы, 17 жеке кәсіпкер, оның ішінде 2 наубайхана, 7 дүкен, 1 шаштараз, 1 мал дәрігері,1 аспаз, 2 көмір тасушы, 2 жолаушы тасымалдаушы 3 мотор майын сатушы жұмыс жасады.

Әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2016 жылы жастар практикасына 2 адам, 3 айлық оқуға 2 адам, 6 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 2017 жылы жастар практикасына 5 адам, 3 айлық оқуға 9 адам, 14 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 2016 жылы 58 отбасы 153 балаға 3 830 000 теңге жәрдем ақы алса, 2017 жылы 61 отбасы 167 балаға 4 682 000 теңге жәрдем ақы төленді.

Жергілікті салықтар бойынша 2016 жылы мүлік салығы 88 025 теңге, жер салығы 52 878 теңге, көлік салығы 1 781 703 теңге жиыны 1 922 606 теңгеге орындалса, 2017 жылы мүлік салығы 89 506 теңге, жер салығы 52 998 теңге, көлік салығы 2 040 389 теңге жиыны 2 182 893 теңге өткен жылмен салыстырғанда 113 пайызға орындалды.

Шаруа қожалықтарынан 2016 жылы БЖС 541 840 теңге, табыс салығы 4 832 556 теңге, әлеуметтік салық 620 708 теңге жиыны 5 995 104 теңгеге, 2017 жылы БЖС 555 149 теңге, табыс салығы 4 899 838 теңге, әлеуметтік салық 639 905 теңге жиыны 6 094 892 теңге өткен жылмен салыстырғанда 102 пайызға орындалды.

2016 жылы 16 шаруа қожалығына асыл тұқымды МІҚ үшін

8 316 000 теңге, 25 шаруа қожалығына селекциялық жұмыс МІҚ-ға 27 384 000 тенге, 10 шаруа қожалығына қой малына 9 162 000 тенге, 3 шаруа қожалығына асыл тұқымды қой малы үшін 9 250  000 теңге, жалпы жиыны ауыл бойынша 45 814 000 теңге субсидия берілсе, 2017 жылы 18 шаруа қожалығына асыл тұқымды МІҚ үшін 9 600 000 теңге, 27 шаруа қожалығына селекциялық жұмыс МІҚ-ға 16 300 000 тенге, МІҚ малдарының селекциялық жұмыстарына (бұзауға) 20 шаруа қожалығына 5 622 000 теңге, 4 шаруа қожалығына қой малына 5 332 500 тенге, 2 шаруа қожалығына асыл тұқымды қой малы үшін 1 860 000 теңге, жалпы жиыны ауыл бойынша 38 714 500 теңге субсидия берілді.

2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы мал басы қой-ешкі -74 пайызға, сиыр-104 пайызға, жылқы - 113 пайызға артты.

2017 жылы ауыл бойынша қыстамаға жетерліктей 16 200 тонна мал азығы дайындалды. Аудан көлемінде біздің ауылда қатаң мал азығын дайындау өте жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні қыстама қалыпты жағдайда өтуде.

«Тарихыммен сабақтас-болашағым» атты ауыл мекеме қүндері аудан орталығында атап өтіліп, ауыл көркемөнерпаздары ақпан айында өз өнерлерін көрсетіп жақсы жетістікке жетті. Жаз айларында ауыл көркемөнерпаздар ұжымы Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтеріне барып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты. 2016 жылы ауыл жастары Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиадада 4-орынды жеңіп алса, 2017 жылы 5-орынды иелендік. Ауылдың спорттық командасы жалпы аудан көлемінде өтетін шараларға үнемі қатысып келеді.

Ұлттық спортты дамыту барысында мектеп бітіргендеіне 10, 20 жыл болған мектеп түлектерінің демеушілігімен ат бәйгесі мен қазақша күрес тағы да басқа спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында Мейрамғали Исатаев атындағы Құндызды халық театры ұжымы жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Барлық атаулы мереке күндері уақытында атап өтілуде. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында клуб үйі мен мектептің спорт залында жауапты адамдар тағайындалып, арнайы кестеге сәйкес ауыл жастарымен әртүрлі іс-шаралар, спорттық ойындар өткізіліп, жаз айларында аптасына 1 рет жастар саябағында би кеші ұйымдастырылып, жастардың жақсы демалуына мүмкіндік жасалды. Жыл сайын 1-қазан «Қарттар күні» мерекесі мал дәрігерлерінің демеушілігімен аталып өтеді.

Жұмыс жасауға тиіс 26 колонканың 25-і жұмыс жасап тұр. Ауыл орталығындағы мал басының өсуіне байланысты су пайдалану бұрынғы жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Жиналған ақша электр энегиясына төленетін төлемнен аспай отыр. Сондықтан уақытында сумен есеп айырысып отыруларыңызды сұраймын. 1 адам Абай аудандық «Риза» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны арқылы жұмыс жасайды. Қыс айларында жұмыс көлемінің ұлғайуына байланысты жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адамды қоғамдық жұмысқа тартып отырмыз.

Өткен жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 9 200 000 теңге несие алды.

Ауылды дамыту бағдарламасы арқылы 2016 жылы 970 000 теңгеге 1 көше, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 8 млн 404 мың 085 теңгеге 4 көше жарықтандырылып, 4 млн 228 мың 694 теңгеге балалардың ойын алаңы жасалса 2017 жылы 1 402 000 теңгеге бір көше жарықтандырылды.

«Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 2016 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған мектеп түлектері ауыл мешітінің төбесін жауып берсе, 2017 жылы мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған мектеп түлектері «Байтөлек-қажы» мазарының басын қайта жөндеуден өткізді.

Биылғы жылдың ағашқы күндері 30 жасқа толған ауыл жастары мүмкіндігі шектеулі 15 адамға жаңа жылдық сыйлық тарту етті.

Құндызды ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 2 өтініш келіп тіркеліп, уақытында жауап қайтарылды. Сондай-ақ, отбасы құрамы туралы 260 адамға, басқа жаққа мал апарып сатуға 1041 адамға анықтама, 38 адамға қосалқы шаруашылығы туралы анықтама берілді. 72 өкім шығрылып, 162 адамға нотариалдық іс-әрекет жүргізілді. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы Абай елі газетіне 25 мақала жарияланды.

Жалпы аудан аумағында тұратын халықтың күн көрісі қолындағы төрт түлік малы. Бүгінгі таңда төрт түлігін күн көріс көзіне айналдырып отырған ауыл халқының азын – аулақ малы қолды болмағаны маңызды. Ауылда мал иелері тек қой малдарын бақтырып ірі қара мен жылқы малдарын бақпай дала жайылымынан із-түссіз жоғалтып жатқан фактілері жетерлік. Осындай жайттарды болдырмас үшін тұрғындар малдарын бақташыларға бақтырып, сақтық шараларын жасау қажет.Талдау жасап қарайтын болсақ барлық жоғалған мал бағылмай қараусыздықтан жоғалған. Кейбір мал иелері малдарының қашан жоғалғанын да білмейді. Кейбіреулер бақташыға төлейтін ақшадан қашып малын табындарға қоспайды. Сондықтан қажет болған жағдайда малды кезекпен бағу керек.

Өздеріңізге белгілі жыл соңында ауыл ортасынан ағып өтетін Құндызды өзенде су деңгейі көтеріліп, қызыл су жүрді. Қызыл судың салдарынан мұз деңгейі кей жерлерде 1 метрге дейін көтерілді. Осыған байланысты аудандық «Риза» коммуналдық мекемесінен 1 погрузчик, 1 Камаз автомашинасы көмекке келіп, өзен жағалауына 97 рейс топырақ төгіп, жағалау көтеру жұмыстары жасалды. ДЭУ мекемесінің МТЗ-82 тракторы арық тілу жұмыстарын атқарды. Ауыл тұрғындары Д.Айкежанов пен Е.Жұмаханов өз жеке меншік техникаларымен қызыл суды бөгеу, ағызу жұмыстарына жоғары дәрежеде көмек көрсетті. Онымен қоса, мектеп, клуб үйі, ауыл әкімі аппараты, мал дәрігерлері, емхана жұмысшы-қызметкерлерінің күшімен суды бөгеу, арық қазу жұмыстарына күнделікті атсалысып, қызылсу басу қаупінің алдын алды.

Биылғы жылы бюджеттен қаржы бөлініп, ауылдағы су арналары көтеріліп, топырақ төгілді.

Ауыл, аудан көлемінде атқарылатын барлық іс-шаралар тек демеушілердің көмегімен өтеді. Сондықтан демеушілік жасап келе жатқан шаруа қожалықтары жетекшілері мен жеке кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін.

Елбасы Жолдаулары мем­ле­кетіміздің алдағы дамуы мен халықтың әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын жақсартуға бағытталған, елдің келешекке бойын түзейтін даму жоспарлары.  Елбасы ел алдындағы қазақ елінің жарқын да, айқын болашағына бағытталған «100 нақты қадамын» жария етті. Бұл 100 нақты қадам – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз­гер­туге негізделген құжат. Алдағы уақытта Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын башылыққа алып жұмыс жасайтын болады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет