Құрметті ауыл тұрғындары! ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017-жылға арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік»


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы



бет5/5
Дата08.06.2018
өлшемі386 Kb.
#41798
1   2   3   4   5


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 83 отбасына 248 балаға 5 млн. 533 мың теңге тағайындалып, төленді. 2 адам жұмыссыздар есебінде тіркелген. Жастар практикасына 3 адам, 3 айлық курстық оқуға – 13 адам, Қоғамдық жұмысқа 6 адам қамтылды.

Білім саласында, ауылымызда жалпы білім беретін 1 орта мектеп, мектеп алды даярлық сыныбы – 2, шағын орталық - 3. Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектепте 51 мұғалім, 2 мектеп алда даярлық тәрбиешісі, 4 шағын орталық тәрбиешісі жұмыс жасайды. Олардың 53-і жоғары білімді, 4- уі арнайы орта білімді. Олардың 6-ы жоғарғы санатты, 27-і бірінші санатты, 11-і екінші санатты, санатсызы – 9. Жоғарғы санатты мұғалімдер жалпы мұғалімдер санының 12 пайызын құрайды, Бірінші санатты мұғалімдер жалпы мұғалімдердің 53 пайызын құрайды. Биылғы оқу жылында 354 оқушы мектепте білім алуда. Оның 64-і оқу озаты, 96-ы оқу екпіндісі. Мектепалды даярлықта 35 бала, шағын орталықта 61 бала тәрбиеленуде. 2014-2015 оқу жылында ҰБТ қорытындысының орта көрсеткіші 88,9 балл болса 2015-2016 оқу жылында бұл көрсеткіш 96,7 баллды құрады. Ал өткен 2016-2017 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 74,2 балл болды. Мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде білім жетілдіру курстарында арнайы курстардан өтіп тұрады. Мысалы Кембридж университеті жобасы негізінде бірінші , екінші, үшінші деңгейлік білім жетілдіру курстары және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу курстарынан өтті. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауй оқу бағдарламалары. Мектеп оқушылары аудандық, облыстық , республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми жобаларға, конкурстарға, интернет олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуі баршамызды да қуантады. Ондай оқушылардың саны 105 оқушы. «Дарын» орталығынан келген интеллектуалдық «Айналайын», «Ақ бота», «Асыл тас», «Русский медвежонок», «Балапан», «Үркер» сайыстарына жиыны 150 оқушы қатыстырылды. Ғимарат сыртында 22 электрлампасы бар. Биылғы оқу жылына қажетті көмірмен толық қамтылды. Төтенше жағдайларға байланысты электродвигателі жарамды жағдайда. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Туған мектебім» акциясы бойынша робототехника кабинетін ашу жоспарлануда.

Денсаулық саласы бойынша ауылда бір ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды. Онда 2 дәрігер, 1 акушерка,3 орта буынды медицина қызметкерлері, бір санитарлық автокөлігі жұмыс жасап тұр. Медициналық құрал жабдықтармен жабдықталуы – 73,5 пайызды құрайды. Балаларды егу жұмысы кестеге сәйкес уақытымен жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар ауылдық округке қарасты 56 қыстаққа дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Мүгедек балалар саны – 12. Диспансерлік есепте әр түрлі аурулар бойынша – 75 бала бақылауда тұрады. Бала өлімі болған жоқ. Профилактикалық тексеруден 450 бала өтті. Оған ауданның кәсіби маман дәрігерлері қатысып, бірге жұмыс жасады. Жасөспірімдер арасында диспансерлік бақылауда 4 бала бар. Үлкендер арасында диспансерлік есепте – 268 адам тұрады. Оның ішінде онкологиялық науқас – 12, туберкулез – 1, қант диабеті – 18, қан қысымы және жүрек қан тамыры ауруымен 79 адам есепте. Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында манту реакциясына 240 бала егілді. Бруцеллез ауруы шыққан жоқ. Флюрографиялық тексеруден 743 адам өтті. Скрининг бойынша профилактикалық тексеруден глаукомаға – 219, жүрек қан тамыры ауруы бойынша және қант диабетіне 204, асқазан және өңеш обырына - 16 омырау безі обырына – 32, жатыр мойыны обырына – 49 адам тексеруден өтті. Анықталған аурулары бойынша науқастар кәсіби мамандарға бағытталып, тексеруден өтті. Мысалы, омырау безі обырының алдын алу мақсатында анықталған 22 адам, жатыр мойыны обырынан 19 адам, асқазан және өңеш обырынан 12 жетілдірілген мамандарға барып, тексеруден өтіп, кеңес алып, емдеу курстарынан өтті. Жүкті әйелдер уақытымен дәрігерлік тексеруден өтіп, гинеколог кеңесінде болып отырады. Қазіргі жағдайда алғашқы көмекке арналған дәрі дәрмектер толығымен бар. Ауыл адамдарына салауатты өмір салтын насихаттауда да медицина қызметкерлерінің атқарып жатқан істері зор. Қыстамаға қажетті көмірмен 100 процент қамтамасыз етілген.

Саржал ауылында қажетті инфроқұрылым мен құрылыс нысандары бой көтеріп, іске асып жатқаны баршаңызға белгілі. Оның барлығы адамдардың жағдайын жақсарту үшін жасалуда. Өткен жылы Ж.Екібаев көшесінің жартысына 13 бақанды 1 млн. 620 мың теңгеге диодты лампалы көше жарығы орнатылды. Екі көшенің жолдарына қатты төсеніш асфальт төселді. Осы көшелерге жол жүру белгілері орнатылды. Мұндай төсеніш ауыл өмірінде тұңғыш рет төселіп отыр, бұл жұмыстар алда да өз жалғасын табары сөзсіз. Оның үстіне жері саздауыттау келетін біздің ауыл үшін аса қажет. «Таза су» бағдарламасы бойынша іске асқан жоба қалыпты жұмыс жасауда, онда екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 238 үйге су кіріп тұр. Үйлерге су тарту жұмыстары әлі де жалғасын тауып отыр. Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы атап өтілді. Міне осы торқалы тойға 26 игілікті іс - 26 нысан пайдалануға берілді. Оларды слайдтан анық көруге болады. Бұл игілікті істер соңғы 5-6 жылда ғана атқарылған істер. Ал, өткен 2016 жылы ауылымызда мемлекеттік жекеменшіктік әріптестік негізінде «Толғанай» атты бір балабақша пайдалануға берілді. Балабақшаға арналған ғимарат арнайы еврожөндеуден өтті. Жалпы шығын 12 млн теңге. Кәсіпкер Ақылбекова Индира жетекшілік ететін бұл мекемеде 17 адам жұмыспен қамтылып, 50 бала тәрбиеленуде. Қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған. Мамандарының бәрінің арнайы білімдері бар. Сөйтіп бұл көше түнгі жарықпен толық қамтамасыз етілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылымыздың 2006 жылғы түлектері паркте орналасқан «жастар алаңының» сахнасын өзгертіп, жаңаша дұрыстап жасап берді. Барлық шығындарын өздері көтерді. 1994 жылғы мектеп түлектері жасап берген ойын алаңы бүгінде таршылығын байқатып отыр. Сондықтан алдағы уақытта тағы да бір балалар ойын алаңын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылғы есте қаларлық жағымды жаңалықтардың бірі «Айқын», «Жаныс», «Кұрмет», «Мотыш баба» шаруа қожалықтарына электр желілерін тартуды бастап, бүгінгі күні аяқтауға тақау. Мұның өзі бұл шаруашылықтардың экономикалық әлеуетін арттырып, дамуына жаңа серпін берері анық.

Ауыл көркін бұзатын қыс бойы жинақталатын мал қиларының үйіндісі болса, оны жылына көктемгі тазалық айлығында тазарту жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. Орта есеппен жылына 625 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Осы жөнінде бір айта кетерлік жағдай тазалықты тек көктемгі сенбіліктерде ғана емес, жыл бойы сақтауға көңіл бөлсеңіздер екен.

Өйткені, көктемгі тазалық айлығы жүргізілгеннен кейін келесі мал қораға қамалғанға дейінгі уақытта аулаңыздан тысқары жерге қоқыс төгуге болмайтынын есте ұстағандарыңыз жөн. Осы мақсатта өткен жылы ауыл тұрғындарының барлығына дерлік ЕСКЕРТУ ПАРАҚТАРЫН тараттық. Сол ескерту парағында барлығы дерлік тұрғындарға түсіндіріліп, егер болашақта тазалық сақтамайтын жағдайда айыппұл салуға тура келетіні айтылған. Мұның бәрі ауыл тазалығы үшін. Ауылдағы аула таза болса көше таза болады, көше таза болса ауыл таза болады емеспе. Тазалықты бүгін өзіміз сақтасақ ертеңгі ұрпақ та соған қалыптасады. Ауылымызда барлық көшелерде түнгі жарықтандыру лампалары орнатылған. Ауыл көшелерінің түнгі жарықпен қамтылуы 147 фонарды құрады.

Өткен жылы тағы бір құрылыс бой көтерді. Ол ауылымыздан шыққан кәсіпкер Қажиев Серікқанның демеушілігімен басталған мешіт ғимараты. Мешіттің архитектуралық жобасы ауданымыз үшін тың дүние болмақ. Оның арнайы қатымханасы да қарастырылған. Биыл бұл іс өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Ауылымыздағы үйлердің жанындағы шарбақтарды жаңарту жұмыстары жылдан жылға жалғасын табуда. 2017 жылдың өзінде ғана 25 үйдің шарбағы ауыстырылып, жиыны 355 метр ұзындықты құрады. Және шарбақтардың біркелкі болып боялуы да қалыптасқан шаруа деп айтуымызға болады. Негізінде бұл жұмыстар да ауыл тұрғындарының қаржысы есебінен жасалынып отыр. Ауылдағы тұрғын үйлердің ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстары жылдан жылға артып келеді. Олар ыстық , суық сумен, пластикалық терезе, есіктермен, үйді жылытудың жаңа жүйелерімен жабдықталған. Бір сөзбен айтар болсақ қала үйлерінен бір кемдігі жоқ.



Жергілікті салықтар бойынша тоқтала кетсек:




С А Л Ы Қ Т А Р

2013ж.

(теңге)

2014ж.

(теңге)

2016ж.

(теңге)

2017ж.

(теңге)

Орындалуы

%













2016ж

1

Жергілікті салықтар, барлығы

2 319 399

2 366110

3 393 088

3650783

113,5




О.ішінде: мүлік

71 732

71 112

71 994

71994

100,3




Жер

81 797

81 998

85 984

85984

105,1




Көлік

2 165 870

2 213000

2 856 110

2856110

131,9




Табыс салығы

-

-

-

636695




Ауылымызда 16 сауда дүкендері, оның 14 азық түлік, 1 шаруашылық дүкені, 1 автобөлшектер дүкені; 1 шағын наубайхана, 2 кітапхана, 1 дәріхана, 1 пошта бөлімшесі, 265 телефон байланысы нүктесі, 1 «Казтелерадио» пункті, «Билайн», «Актив» мобильді байланыс жүйесі, 1 қоғамдық монша, 2 тамақтану орны, 1 жанар жағар май құю станциясы, 1 өртсөндіру тірек пункті , 1 шаштараз, 2 техника дөңгелегін жөндейтін орын, 1 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр. 1 техникалық қызмет көрсету орыны, 10 адам таксист ретінде адам тасымалымен шұғылданады.

Осы жылы әкімшілік ғимараты толық жөндеуден өтпекші. Ол үшін сметалық құжаттар дайындалып жатыр.



Мәдениет пен спорт саласына келсек, календарлық мереке күндері мерекелік іс-шараларсыз өтпейді. Ауданымызда дәстүрге айналған ауыл күніне оқушыларымыздан бастап, зейнеткер ардагерлерімізге дейін өз өнерлерін көрсетіп қайтады. Жүлделі орындардан да кенде емеспіз. Сонымен қатар өткен жылы Тоқтамыс, Бірлік, Құндызды ауылдарында ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Семей қаласындағы жетім балалар үйі мен қарттар үйіне де өздерінің концерттік бағдарламаларымен барып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп қайтты. Осы ретте «әжелер ансамбліне» айтар ризашылығым ерекше, себебі бұл адамдар үнемі ауылдың осындай мәдени өміріне атсалысып, қашанда алдыңғы саптан көрініп жүреді. Наурыз мейрамы, балалар күні, Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңіс, Қазақстан халықтарының бірлігі, Қарттар, мемлекеттік рәміздер, Тұңғыш президент, Конституция күні, Тәуелсіздік күндері сияқты мерекелік күндердің барлығы да мәдени іс-шараларсыз өтпейді. Осының бәріне мектеп, мәдениет үйі, саз мектебі ұжымдарының қатысуымен жүзеге асады. Өткен жазда ауылымыздың мәдени іс шараларына үнемі қатысып, музыкалық жетекшілігімен, сазгерлігімен есте қалған Қапан Байтуған ағамызды еске алу кеші болып өтті. Сол ағамыздың немересі Қапан Есбол деген саз мектебінің оқушысы Павлодар облысының Баянауылында өткен Республикалық домбырашылар сайысында 150 000 теңге сыйлығымен бас жүлдені қанжығасына байлап қайтып, барша ауылдастарын қуантты. Сонымен қатар спорт саласында да ауыз толтырып айтарлық табыстарымыз жоқ емес. Ауданымыздың мәдениет және спорт саласының ұйымдастыруымен өтетін барлық мәдени спорттық іс-шараларға қатысып отырады. Аудан, қала спорт мектептерінің 4 бірдей жаттықтырушылары бар. Олардың ұйымдастыруымен күрес, волейбол, т.б. спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Күрестен, бокстен аймақ, облыс аралық жарыстарға жастарымыз үнемі қатысып тұрады. Алып жүрген жүлделі орындары да аз емес. Ауыл жастарының салауатты өмір салтын қолдап, мектептің спорт залын кешкілік 19-00 сағаттан 22-30 ға дейін спортпен шұғылдануларына рұқсат етілген. Олардан тек қана тазалық пен тәртіп сақтау ғана талап етіледі. Жалпы ауыл бойынша спорт түрлерінен жиыны 25 спорттық жарыстар мен іс-шаралар өткізілген. Жазда футбол алаңы, қыста хоккей корты бар. Қарлы жылы қыс айларында балаларға арнап қолдан сырғанақ жасауды қолға алсақ дұрыс болар еді. Кеше ғана ауылымыздың түлектері болған «жас барыс», Европа кубогінің екі мәрте жеңімпазы Қуан Қуатұлы мен самбодан бесінші Азия чемпионатының жеңімпазы Зере Бектасқызы ауылымыздың мақтаныштары.

Ауылымызда қоғамдық тәртіп біршама жолға қойылған. Дегенмен ол ауылымызда қылмыс жоқ деген сөз емес. 2016 жылы жиыны 9 қылмыс тіркелді. Оның 3-і мал ұрлығы , 5-уі ұсақ құқық бұзушылық болса, 1-уі дене жарақатын түсірген бұзақылық фактісі. 127 адамға әкімшілік шара (айып пұл) қолданылған. Ал 2017 жылы жиыны 10 қылмыс тіркеліп, түгелдей дерлік ашылды.

Ауылдық округ бойынша сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия құрылып, жоспарлы түрде жұмыстар жүргізуде. Ол жөнінде аудандық ақпарат құралдарында, аудан әкімінің сайтында материалдар жарияланып тұрады. Діни мәселелер бойынша ауыл имамымен бірлесе жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі күнге теріс діни ағымдағылардан ауылымыз аман деп айта аламын.

Қадірменді ауылдастар ! Міне, күн санап өркендеп, дамып келе жатқан ауылымыздың ертеңі үшін әрқайсыларыңыздың да қосып отырған үлестеріңіз бар деп есептеймін. Жасап жүрген еңбектеріңіз жемісті бола бергей! Ауылдың өркендеуі – мемлекетіміздің ілгерілеуі, нығаюы, алға басуы. Болашағымыз жарқын болғай.

Тыңдағандарыңызға рахмет!



Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі А.Садырбайдың есебі
Құрметті ауыл тұрғындары!

Құрметті жиынға қатысушылар!


Тәуелсіз Қазакстан Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде халықаралық аренада толағай табыстармен асқақ абыройға қол жеткізді. Түптеп келгенде олардың барлығы – Елбасы ұсынған батыл бастамалар мен идеялардың іске асқан нақты нәтижелері. «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруге қабілетті Қазақстанның қуатын нығайтуға бағытталған нақты шаралар. Осы шараларды іске асыруда мемлекетіміздің шағын бөлігі Тоқтамыс ауылы тұрғындарының да өзіндік үлестері бар.

Бүгінгі күнде Тоқтамыс ауылдық округінде 153 жанұя құрамында 715 адам тұрады. Мұның 0-18 жас аралығындағылар - 206, 18 бен 29 жас аралығындағы жастар - 77 , зейнеткерлер – 60, оқушылар-95, мүгедектер – 39, асыраушысынан айрылғандар – 11, патент арқылы жұмыс істейтіндер – 9. Осы халыққа әкімшілік, орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, өрт сөндіру тірек пункті, 128 нүктелік спутниктік телефон жүйесі, «Билайн» жүздік байланыс жүйесі, почта бөлімшесі қызметкері, 4 каналды телеорталық, кітапхана, клуб үйі, мешіт, учаскелік полиция қызметкері, 4 мал дәрігері, орман қорғау қызметкері, су құбыры операторы, 35 шаруа қожалығы, 9 жеке кәсіпкер қызмет көрсетіп отыр.

Ауылдың негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы. Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын міндеттерге сәйкес ауылшаруашылығын барынша өркендету бүгінгі күнге ең басты міндеттеріміздің бірі. Осы орайда біздің Тоқтамыс ауылында да игілікті іс-шаралар іске асырылып келеді. Ауылдық округте ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 35 шаруа қожалығы және жеке шаруашылық иелері шұғылданады. Жыл сайын мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру артып отыр. Мал басы 2016 жылы 4907 бас МІҚ болса 2017 жылы 5004 бас болып 101,9 пайызға өсті, қой-ешкі малы 2016 жылы 15802 бас болса 2017 жылы 7831 бас болып 49,5 пайызға кеміді, бұған себеп қой малын бағатын шопан кадрлардың болмауына байланысты шаруа қожалықтар жетекшілері қой малын сатып, сиыр, жылқы малдарын өсіруі себеп болып отыр. Жылқы малы 2016 жылы 2574 бас болса 2017 жылы 2633 бас болып 102,2 пайызға өсті. Мал басының өсуіне байланысты одан өндірілген өнім көлемі де артты.2016 жылы ет –21073 ц болса 2017 ж. - 32980ц болып 156,5 пайызға, сүт –35272 ц. болса 2017 ж. - 40044 ц. болып 113,5 пайызға,жұмыртқа 2016 ж-84200 дана болса 2017 ж -85300 дана болып 101,3 пайызға өсті.

Жүн 2016 ж – 437 ц болса 2017 ж-174 ц болып 39,8 пайызға орындалды. Мұнда жүн өндірісі пайызының төмендігі қой басының азаюына байланысты болып отырғандығынан екендігін көріп отырсыздар. 2016 жылы ауылшаруашылығымен 35 шаруа қожалығы шұғылданса, 2017 жылы да 35 шаруашылық шұғылдануда.

Мал тұқымын асылдандыру мал өнімдерін көбейтудің бірден-бір дұрыс жолы болса, бұрындары округ бойынша «Мағжан», «Дулат» шаруа қожалықтары жылқы малын асылдандырумен шұғылданса, биылғы жылы мүйізді ірі қара малын асылдандырумен «Көлбай», «Темірлан» шаруа қожалықтары шұғылданып, тиісті құжаттарын дайындауда. «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігімен сапасын арттыру бағдарламасы» аясында мүйізді ірі қара малын асылдандыру,селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 16 шаруа қожалығы үкіметтен 17 млн 30 мың теңге субцидия алуға жетісті. Асыл тұқымды МІҚ малдарын сатып алуға 13 шаруа қожалығы қатысып жиыны 17млн 550мың теңге ақша алды. Қой шаруашылығының селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 1 шаруашылық субцидияға құжаттарын тапсырып 200000 теңге субцидия алды. Жалпы Тоқтамыс ауылдық округі бойынша мал шаруашылығы саласына 2017 жылы 43 млн 208 мың теңге ақша төленді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына жасап отырған қамқорлығын әлі де дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Биылғы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер берілгелі отыр.Өркендеймін деген шаруашылықтар осы несиелерді тиімді пайдаланып жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Мал дәрігерлік жұмыстар жоспар бойынша атқарылып отырады.4 мал дәрігері жұмыс істейді. Ауыл жұқпалы аурулардан таза. Бруцеллез ауруына қарсы 6454 бас МІҚ, 33150 бас ұсақ малдан қан алынып тексерілді. Қарақаптал ауруына 880 бас ұсақ малдан қан алынып тексерілді. 4075 бас МІҚ туберкулез ауруына тексерілді. Сібір жарасына 4430 бас МІҚ, 29480 бас ұсақ мал,1620 бас жылқы малы егілді. Аусыл ауруына 4255 бас МІҚ, 36615 бас ұсақ мал егілді. Құтырма ауруына 1800 бас МІҚ, 8650 бас ұсақ мал, 730 бас жылқы, 300 бас ит егілді. Мал дәрігерлік саладағы проблемалық сұрақ бұл жаңадан мал өлексесін тастайтын қорым салу,мал дірігерлік пункт үйін балансқа алу жұмыстары. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Астана қаласына ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып,мал өнімдерін арзан бағамен сатып қайттық. Семей қаласындағы «Энергетик», «Сары» базарларына шаруа қожалықтары малдарын жәрмеңкеге апарып қазіргі уақытта 12-13 шаруа қожалықтары апта сайын тұрақты түрде жәрмеңкеге өнімдерін апарып сатып отыр. Сонымен қоса, ауыл тұрғындарына да қыркүйек,қазан айларында клуб үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен екі рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Биылғы жылы наурыз айында жалғасын табады деп ойлаймын.

Өркендеуіміздің өзекті міндеттерінің бірі - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Ауылымызда 35 шаруа қожалығынан басқа 9 жеке кәсіпкер бар. Олардың 3-уі саудамен,2-уі кісі тасымалдаумен, қалғандары бір-бірден қонақ үй,асхана,наубайхана,үйді жалға беру,мал сою,әр түрлі қызмет және мал дәрігерлік қызметпен шұғылданады. Әйтседе халық санының аздығы,ауылымыздың ұзын жолдан қашықтығы ма шағын және орта бизнесті өз мәнінде жүргізе алмай отырғанымыз анық. Бүгінгі күнге ауылымызда міне деп көрсетер талапқа сай бір дүкеннің болмауы ауылдағы кәсіпкер азаматтарға сын деп түсінемін. Биылғы жылы «Сәулет» шаруа қожалығының жетекшісі Әлсейтов Манарбек жанар-жағар май құю бекетін салуға ниет етіп отыр. Манарбек осы жұмысты қолға алса халықтың алғысына бөленер еді деген ниетіміз бар. Жергілікті кіріс көздері бюджет саласына келсек 2017 жылға 15 млн 194500 теңге қарастырылса,ол 15 млн 193634,37 теңге болып 99,9 пайыз болып игерілді. Жергілікті салықтар атап айтсақ жеке тұлғалар бойынша жер салығы 15807 теңгенің орнына 19416 теңге,мүлік салығы 22420 теңгенің орнына 23401 болып бүгінгі күнге артығымен орындалды. Көлік салығы жоспар 1280000 теңге болса 1488162 теңге болып 116,2. пайызға орындалды. Шаруа қожалықтары бойынша салық түрлері салық комитетінің берген тапсырмасы бойынша БЖС 304966 теңге 363272 теңге болып 119,1 пайызға, Табыс салығы 1557548 теңгенің орнына 1752238 теңге болып 112,4 пайызға, Әлеуметтік салық 272168 таңгенің орнына 294889 теңге болып 108,3 пайызға орындалды.Жиыны 3452909 теңгенің орнына 3941378 теңге болып 114,1 пайыз болып орындалды.Жыл бойы 10 адам еңбек биржасы арқылы жұмыссыздыққа тіркеліп, қоғамдық жұмысқа тартылды. 2017 жылы 30 отбасы ,яғни 91 балаға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына құжаттарын тапсырып 2308000 теңге жәрдемақы алды. «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылағығын қаржылдй қолдау қоры» арқылы мал басын өсіру үшін 1 отбасы 4000000 теңге несие алды.

Ауылдағы екінші үлкен сала – білім саласы. Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте бүгінгі күні 95 бала білім алса, оған 27 ұстаз дәріс береді. Мектеп былтырғы жылғы ұлттық бірыңғай тест қортындысы бойынша 92,5 бал жинап аудан мектептері арасында алдыңғы топтан көрінді. Мектепте компьютер классы, мультимедиалық, физика кабинеттері жұмыс істеп тұр. Қазақша күрес, волейбол, баскетбол,тоғызқұмалақ,шахмат,дойбы секциялары қалыпты жұмыс істеуде. Мектеп спортшылары аудандық,облыстық,республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көрінуі мектептің,ауылдың қуанышы деп білеміз. Сонымен қоса мектептің «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» арқылы есік-терезелері ауыстырылып,толықтай жаңартылғанды. Спорт залдың едені ауыстырылып жаңадан еден төселді.Бүгінгі күні қыстамада қалыпты жұмыс істеуде.Мектептің спорт залы ауыл жастарына есігін айқара ашып аптаның 3 күнінде волейбол секциясы жұмыс істеуде.Оны өздеріңіз күнделікті көріп жүрсіздер.Осының нәтижесі болар Тұңғыш Пезидент күніне және Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан аудандық жарыста Тоқтамыс ауылы командасы бір ретте екінші орынды,ауылда өткен аудандық жарыста бірінші орынды алды. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортқа бет бұрғандығының айғағы іспетті.

Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда 1 фельдшер, 2 медбике жұмыс жасайды. Амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтіп,былтырғы жылы жаңа автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Профилактикалық шаралар, вакцинация жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырылады.Көктемгі тазалық айлығына байланысты қазіргі заман талабына байланысты ауылда мал бордақылау жұмысы кең етек алуда. Бұған ешкімнің қарсылығы жоқ. Қолдаймыз. Бірақ көктемде осы малдың астынан шыққан қиды шулатпай шығару Сіздердің тікелей міндеттеріңіз. Оған ауыл әкімі машина,трактор тауып береді демей осы бастан бастап қалай шығаратыныңыз жөнінде қаракет жасауыңыз керек. Алдағы уақытта да жылдағысын-жылда шығарып,қора-қопсы маңайын,аулаларымызды таза ұстап,шарбақтарымызды бояп отыруымыз керек. Өйткені ауылдың тазалығы өзімізге керек. Күн жылынысымен ақтау, сырлау жұмыстары әр үйде, мекемеде жүргізілу керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің мәдениеті мен әдебиетін,салт-дәстүрі мен ұлттық руханиятын қайта жаңғыртуға мол мүмкіндік бергені баршамызға аян. Жер-жерде осы рухани жаңғыру аясында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Соның жарқын бір мысалы «Қазақстанның 100 қасиетті жерлері» тізіміне енген «Қоңыр әулие» үңгіріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі. Бұл орын келешекте Тоқтамыс ауылы үшін туризм кластерін дамытудың бірден-бір басты орыны,болшақ кірістің көзі болмақ деп білемін. Сонымен қоса «Қырық үңгір» мекеніндегі археологиялық қазба жұмыстары да сырттан туристерді тартады деген үмітіміз бар.



Мәдениет саласы бойынша ауыл – мекеме күндері байқауына жыл сайын қатысып келеміз. «Тәуелсіздік – қасиетті ұлы ұғым» тақырыбымен өткен ауыл-мекеме күндері байқауына ұйымшылдықпен қатысып 3-орын алып ескерткіш дипломмен марапатталдық.8-наурыз халықаралық әйелдер күні құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылып 18 «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» иегерлеріне 1 қарт анаға және 1 тұрмыс жағдайы ауыр анаға құрмет көрсетіліп,сый-сыяпат жасалды.22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні 21-наурыз күні ауданда өткен іс-шараға қатысып,үй тіксек 22-наурыз күні ауылда ауыл-ауыл бойынша дастархан жасалып,салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында өнер сайысына түсті. Қатысқан барлық ауылдарға әкімшілік тарапынан ескерткіш дипломмен бағалы сыйлықтар тапсырылды.9-мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы ауыл көлемінде кең көлемде аталып өткізілді. Батырлар аллеясында мерекелік митингі өткізіліп,гүл шоқтары қойылды.Өткен ардагерлер еске алынып,1 минут үнсіздік жарияланып барлығының аттары аталды.Тыл ардагерлеріне сыйлықтар тапсырылып,соңы дала төсіндегі ұлттық ойындарға жалғасты. Ат жарысы, тай жарысы,жаяу жарыс,күрес,гир көтеру,арқан тарту сияқты ұлттық ойындар ойналды. Мерекелік шараны өткізуге ұйымдастырушы-бас демеуші болған «Мырзабай», «Шахмардан», «Айтуған», «Майдан» шаруа қожалықтарының жетекшілері Мырзалин Мырзабек, Қонабеков Бейбітқазы,Алдабергенұлы Болатбек, Айтқазин Айдындарға ауыл жұртшылығы, әкімшілік атынан рақмет айтқым келеді. Мереке соңында келесі Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесін ұйымдастырып өткізу салтанатты түрде аманат хатпен «Көлбай» шаруа қожалығына тапсырылды. Биылғы жылғы Жеңіс күнін Кеңес бауырымыз өз мәнінде өткіземін деп отыр. 1-қазан қарттар күніне байланысты мерекелік дастархан жайылып, клуб үйі қызметкерлерінің күшімен концерт ұйымдастырылды. Тәуелсіздік Күні мерекелік концерт ұйымдастырылып, жыл бойы өнімді еңбек еткен озаттар ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауылда Жаңа Жыл кеші де жылда ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен клуб үйінде өтіп,лоторея ұйымдастырылып, соңы Жаңа Жылдық би кешіне жалғасты. Өнер көрсеткен,киініп келген барлық өнерпаздар Жаңа Жылдық сыйлықтарға ие болды. Ендігі міндетіміз биылғы ауыл-мекеме күндерін үлкен дайындықпен өткізу.Өйткені Ш.Құдайбердиевтің 160 жылдығы,Абай ауданының 90 жылдығы тақырыбымен өтетін іс-шарага ел болып ұйымшылдықпен қатысу біздің басты міндетіміз болып табылады. Осыған орай клуб үйінің қызметкерлеріне тапсырмалар беріліп,дайындықтың алғы шарттары жасалуда. Осы өткелі жатқан ауыл-мекеме күндері байқауы, күзгі астар осы іс-шаралардың барлығына ауылдағы шаруа қожалықтар демеуші болып отыр. Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтардың сырт қалып отырғаны жоқ. Сол себептен де бұл азаматтардың барлығына да ауыл халқы атынан, өз атымнан рақмет айтқым келеді. Ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза су құбыры тартылғанын білесіздер қазіргі уақытта қалыпты жұмыс істеп тұр.1 оператор қызмет істеп отыр, бірақ 1 оператордың үлгермейтіні анық келешекте қосымша 1 адам жұмысқа тартылса деген сұранысымыз да бар.Ауылдық округ бойынша сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия құрылып,жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп отырады. Шаруа қожалық жетекшілерімен еңбек заңдылықтарын сақтау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп бірнеше рет рейдтер ұйымдастырылды. Биылғы 2018 жылы да Елбасы Жолдауына байланысты ауқымды істер күтіп тұр. Ауылымыздағы «Жастар саябағын» жөндеу, мал бордақылау алаңдарын ашу,ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, ауыл-мекеме күндері,ауыл тазалығы сияқты кезек күттірмес істер тұр.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, ұлттардың өзара достығымен татулығы, бір – біріне деген сыйластық қарым – қатынасы, ол – Қазақстан дамуының басты тұғыры.



Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі жұмыс болатыны белгілі. Ендеше «Береке бастауы – бірлік, ел іші –тату тірлік» қағидасын ұстанған Тоқтамыс ауылы тұрғындары Мәңгілік ел болу жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етеді деп сендіремін.

/Тыңдағандарыңызға рақмет!/
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет