Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


ТАҚЫРЫП  Нетворкинг, блоггерлер



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
қазақша смм

14 ТАҚЫРЫП 
Нетворкинг, блоггерлер
Ортаңызда өте білімді, кітап көп оқыған, кез келген сұрағына жауабы 
бар, бірақ өкінішке орай, адамдармен араласпай, өмірде орнын таппай, 
жетістікке жете алмай жүрген адам бар ма? Қазір көз алдыңызға бір 
танысыңызды елестеткен боларсыз. Мен елестеттім. Жетістікке жетуде 
тек интеллект емес, "әлеуметтік интеллект" үлкен рөл атқарады.


Әлеуметтік интеллект - өзіңді және қоршаған ортаның тәртібін, өзін 
ұстауын дұрыс түсіну қабілеті. Яғни, адам өзінің ойын басқа адамға 
анық жеткізе алуы, немесе керісінше басқа адамды түсіну қабілеті, 
ортаға сіңісіп кету дәрежесін көрсетеді. Бұл арада біз нетворкинг сөзіне 
келеміз.
Алғашқы марафондарда да, біз осы ұғымға үлкен мән бергенбіз. 
Кездейсоқ таныстарымыз әртүрлі, олар бір біріне ұқсамайды, социумда 
біздікінен бөлек орын алады. Демек, олар бізге қоғамдық күш береді. 
Және таныстарыңыз қаншалықты көп болса, сіз соншалықты күштісіз. 
«әлеуметтік капитал» деген ұғым бар. Адамның байлығы тек банктегі 
есепшоты емес, қандай және қанша адамды танитынымен өлшенеді.
Мәселе мынада: неғұрлым көп адамды білген сайын, жаңа идеялар, 
жаңа мүмкіндіктер көбірек болатыны анық: демек сен жеңіске жақындай 
түсесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет