Р/с оқу іс – әрекетінің тақырыбы күні



бет2/5
Дата22.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#7590
1   2   3   4   5


Күтілетін нәтиже:

жасайды: саңырауқұлақты реттілік бойынша кеңістікте орналастыруды;

түсінеді: саңырауқұлақтың жауыннан кейін өсетінін; күз мезгілінде болатын құбылыстарды;

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Жапырақтар жауғанда».

Мақсаты: күз туралы түсініктерін нақтылау; күз құбылыстарын атай білуді үйрету; қағаз бетіне заттарды жапсыра білуді үйрету; кеңістікте бағдарлай білу дағдыларына тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шығып күз мезгілінің құбылыстары жайлы, басқа жыл мезгілінен қандай айырмашылықтары барын әңгімелеп беру.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қызыл,сары және жасыл көбелектер мен жапырақтар.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

Билннгвальды компонент: күз - осень, жапырақтар - листья.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.



  • Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

  • Ол неге ұқсайды?

  • Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

  • Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

  • Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар!

  • Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар!

  • Қайырлы күн, сенде ояндың ба?

  • Тағы бір күн артта қалып тағы арайланып таң атты.

Балалар шаттық шеңберін құрады.
- Үлкен.

- Шеңберге


Балалар үрлейді.

Бір-бірін емдеген болады.

Көздерін уқалайды.

Құлақтарын уқалайды.

Шапалақтайды.

Жымиып күледі.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Балалар, терезеге қараңдаршы, ауа райы қандай?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Иә дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

  • Ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болды?

  • Балалар, суретке назар аударыңдаршы, жапырақтардың түстері қандай екен?

  • Балалар, жапырақтар күздігүні қалай түседі?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар күздігүні жапырақатар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай, яғни жерге түседі.

  • Балалар, кәне бәріміз жапырақтардың күзде қалай түсетінін көрсетейікші.

Осы көкөніс басқаларға да түсінікті болу үшінқағаз бетінде жапырақтардың қалай жерге түсетінін жапсырып көрсетейік.
Билннгвальды компонент: күз - осень, жапырақтар - листья.

Алдымыздағы қағаздарға түрлі түсті жапырақтар орналастырамыз.


Сергіту сәті.

Желменен бірге шайқалып,
Тербеліп тұр ағаштар.

Кілем болып жайқалып,

Жерге түсті жапырақтар.

А.Дамас

Жұмысты орындауда қиналған балалармен және жапырақтарды кеңістікте орналастыра алмайотырған балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жапсырған жұмыстарын бірігіп талдау.


Жауап береді.

  • Күз мезгілі.

Қайталайды: жапырақтар.



  • Сары, қызыл, қоңыр.

  • Сары, қызыл.




  • Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түседі.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды. Балалар әуен ырғағымен күзде жапырақтардың түсуін қимылмен көрсетеді.

Қайталайды: күз - осень, жапырақтар - листья.

Балалар педагогтің айтқанын орындайды.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады және қимылмен көрсетеді.
Балалар педагогтің нұсқауымен түрлі түсті жапырақтарды қағаз бетіне орналастырады.


Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

  • Бүгін оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық?

  • Жапырақтар күздігүні қалай «жауады» екен?

  • Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Әдемі гүлдер» ойыны.

Балалар, сендердің қолдарыңда қызыл, сары және жасыл көбелектер бар. Қазір мен түрлі түсті гүлдерді шашамын, ал сендер қолдарыңдағы көбелектің түсіне сай оны гүлге орналастырыңдар.

Педагог балаларды мадақтайды.

- Жылдың күз мезгілінде болатын құбылыспен таныстық.

- Жапырақтар сарғайып, жоғарыдан төмен қарай түседі екен.
Балалар әуен ырғағымен педагогтің нұсқауын орындайды.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, жапырақтарды көлемі бойынша орналастыруды;

түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғи құбылыстарды;

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтыла; аспанденелерін ажырата білуді үйрету; ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету; жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарапәңгіме құрастыру. Көлік түрлері жайында әңгімелесу.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қалақ.

Билннгвальды компонент: ұшақ-самолет, аспан – небо.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті





Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Жұмбақтар.

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. (Ұшақ.)
Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш.)




Балалар педагогтің жасаған жұмбақтарын шешеді: Ұшақ, Ұшқыш.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар, ұшақтар қайда ұшады?

- Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме? Ұшқыш болу үшін не істеу керек? Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық.

Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.

Сөздік жұмыс: қалақ.

- Суретте нелер бейнеленген? Ендеше, фонға ұшақтың қанатын жапсырамыз, одан соң, ұшақтың қанатынан сәл төменірек ұшақтың құйрығын жапсырайық, қанаты мен құйрығының үстіне ұшақтың негізгі бөлігін жапсырамыз.Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын үшін оларға терезе керек.Олай болса, терезесін жапсырайық. Ұшағымыз ұшу үшіноның алдыңғы жағына қалағын (пропеллер) және оны ұшаққа бекітіп тұратын дөңгелекті жапсырамыз. Ұшағымыз дайын болды.



Билннгвальды компонент: ұшақ-самоле, аспан – небо.

Сергіту сәті.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Педагог оқу іс-әрекет барысында көмек сұраған балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.


- Аспанда ұшады.

- Иә, Мен өскенде ұшқыш болғым келеді.

Балалар үлестірмелі материалға қарайды.

Қайталайды: қалақ.

- Суретте аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.

Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша жұмысты орындайды.

Өздері дайындаған ұшаққа қызыға қарайды.
Қайталайды: ұшақ-самоле, аспан – небо.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды жүзеге асырады.



Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

- Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендіңдер?

- Ұшақ жапсыру қызық па екен?

Педагог балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.




- Ұшақ жасауды үйрендік.

- Иә, өте қызық.



Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: ұшақтың бөліктерін, олардырет-ретімен жапсыруды;

түсінеді: ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын; берілген тапсырманытыңғылықты орындауды;

қолданады: жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Тәрелкедегі қиярлар мен қызанақтар».

Мақсаты: көкөністер туралы білімдерін арттыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; кеістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көкөністер туралы, олардың пайдасы туралы әңгімелеп беру.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.

Билннгвальды компонент: қияр - огурец, қызанақ – помидор.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

  • Қандай белгілеріне қарап күз екенін білеміз?

  • Көкөністер қай уақытта піседі?

  • Қандай көкөністерді білесіңдер?

Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.

  • Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады?

  • Ал қызанақ неге ұқсайды?

  • Түсі қандай?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен.

  • Балалар, сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат дайындайтынын көреміз.

Билннгвальды компонент: қияр - огурец, қызанақ – помидор.

  • Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз.Балалар, тәрелкенің пішіні қандай?

Дөңгелек екен, солай ма, балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты, қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды, қиярларды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты жапсырамыз. Салатымыз дәмді болды. Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тыңдасын.

Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балаларға қызанақ пен қияр туралы тақпақ оқып береді.Қолыма алып ұстады,

Қызанақ пен қиярды.

Жуып-жуып жеп алдым,

Дәрумен деп пайдалы.



  • Күз.

  • Жаңбыр жауады, күн салқындайды.

  • Көкөністер күзде піседі.

  • Қияр, қызанақ, орамжапырақ, картоп, сәбіз.

  • Қайталайды: қияр, қызанақ.

  • Жасыл, сопақша.

  • Дөңгелекке.

  • Қызыл.

  • Иә.

  • Балалар қуанады.

Балалар қайталайды: қияр - огурец, қызанақ – помидор.

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

- Дөңгелек.

Балалар айтқан реттілігін сақтай отырып желімсіз жапсыруды орындайды.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қимыл-қозғалыстар жасап қайталап айтады.

Балалар тақпақты мұқият тыңдайды.



Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

Балалар, бүгін қандай көкөністермен таныстық?

- Олардың түстері қандай екен?

Балаларды марапаттайды.



- Қияр жіне қызанақпен таныстық.

- Жасыл және қызыл.

- Иә, өте дәмді екен.

Балалар жасаған жұмыстарына қызыға қарайды.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, көкөністерді орналастыруды;

түсінеді: көкөністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың ерекшеліктерін;

қолданады: желімсіз жапсыру тәсілін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз».

Мақсаты: сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру, өрнек түрлері мен таныстыру.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара..

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

Билннгвальды компонент: қызғалдақ - тюльпан, кесе - пиала.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үйге қонақ келгенде:

«Сәлеметсіз бе!», - деп,

Амандасып аламыз.





Балалар

шеңберге тұрып педагогтің іс- әрекетін қайталайды.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Балалар, біреу еіск қаққан сияқты, ашамыз ба? Балалар, бұл біздің Динара апайымыз ғой.

Динара апай:

  • Балалар, менің үйдегі қуыршақтарымның кеселері бар, бірақ онша адемі емес. Сол кеселерді безіндіруге көмектесесіңдер ме?

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

  • Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

  • Қандай оюмен безендірілген?

  • Балалар, қызғалдақ - гүлдің түрі ғана емес, төресі Қызғалдақ

  • жан сүйсінтер сұлулықтың, көз сүйсінер сүйіспеншіліктің белгісі. Қызғалдақ - бірлік пен ынтымақтың, достықтың нышаны. Ендеше, қуыршақтың кеселерін қызғалдақ гүлімен әшекейлейік.

Билингвальді компонент: қызғалдақ - тюльпан, кесе - пиала.


  • Балалар, қызғалдақтың түсі қандай болады, ал жапырағының түсі қандай?

Жұмысымызды бастайық: алдымен кесенің төменгі жағына қызғалдақтың жапырағын жапсырамыз, сол жапырақтың жоғарғы беліне қызғалдақты жапсырамыз. Осылайша қызғалдақ пен оның жапырағын рет-ретімен қойып жапсырамыз. Кесеміз өте әдемі болды.



Сергіту сәті.

Салақ; болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Уйқы қалмас жасыңнан.

Еңбек суйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан.

Педагог пен Динара апай балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды.

Динара апай: «Балалар, сендерге үлкен рақмет. Енді қуыршақтарым қуанатын болды. Сендер өнерлі екенсіңдер»,-деп балалармен коштасады.


Балалар есік жаққа қарайды.


  • Көмектесеміз.

  • Қайталайды: кесе, қызғалдақ.

-Кесені.

  • Қызғалдақ гүліне ұқсайды.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Қайталайды: қызғалдақ- тюльпан, кесе - пиала.

Қызғалдақтар қызыл сары, ақ, түсті болады. Жапырағы жасыл түсті.


Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, оның көрсеткені бойынша алдарындағы кесені қызғалдақ; оюымен безендіреді.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимылмен көрсетеді.
Жұмысты жалғастырады.

Балалар Динара апаймен коштасады.




Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

- Балалар, біз бүгінгі оқу іс- әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар? Қызғалдақтың түсі қандай болады екен? Кесені әдемі, безендіргендерің үшін мен сендерге жұлдызша дайындадым.




- Кесені қызғалдақ, гүлдерімен безендірдік. Қызғалдақтың түсі қызыл болады екен.Өте қызық болды. Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.

Каталог: uploads -> doc -> 07f7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07f7 -> Сабақ жоспары орынбасары А. Азмағанбетова «№1 орта мектебі» кмм 01. 03. 2016 Ашық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет