Р/с оқу іс – әрекетінің тақырыбы күні



бет5/5
Дата22.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#7590
1   2   3   4   5


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, рет- ретімен орналастыруды;

түсінеді: қоянға тән ерекшелікті; жұмыстың орындалу ретін;

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап. бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Көгалда серуендеген балапандар».

Мақсаты: үй құстары туралы білім беру; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру; желімсіз аппликация дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балапандар туралы, олардың көрегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: көгал.

Билннгвальды компонент: балапан - цыпленок, сары - желтый.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық


Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын.

Көкке шуақ, шашылсын.

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

«сәлем» дейік үлкенге.

Балаларға «Шөжелер» әуені қойылады.

-Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?


Балалар шеңберге тұрып педагогтің іс-әрекетін қайтайды.

Балалар өлеңді тыңдайды, билейді.

- Балапандар туралы айтылған.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.


  • Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

  • Балапанның түсі қандай болады?

  • Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.

  • Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз. Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.

Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі- басын жапсырамыз.

  • Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен? Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: балапан - цыпленок, сары - жёлтый.

Сергіту сәті.



Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, Бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға карай бір адым,

Артқа қарай 6ір адым.

Жоғары-төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардын іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.

Балалар педагогке қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.

  • Балапандарды.

  • Сары.

  • Үш балапан.

Қайталайды: көгал.
Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


  • Дөңгелекке ұқсайды.

Қайталайды: балапан - цыпленок, сары - жёлтый.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтып, қимылдар жасайды.


Балалар көрсетілген сурет бойынша және педагогтің нұсқауы бойынша апплика­ция жұмыстарын атқарады.

Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?




  • Балапан неше бөліктен тұрады?

  • Түсі қандай екен?

- Балапандар қайда серуендейді?

- Көгалда неше балапан серуенде жүр?



  • Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рақмет!



Балалар өз ойларымен бөліседі, педагогтің сұрақтарына жауап береді.

- Балапан үш бөліктен тұрады.

Түсі сары.

- Көгалда серуендейді.

- Үш балапан серуенде жүр.

Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, рет- ретімен орналастыруды;

түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;

қолданады: балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Тышқан іні».

Мақсаты: жануарлар туралы білімдерін нақтылау; тышқанның мекені туралы түсінік беру; тышқанның дене бөлшектері мен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру; жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру. Тышқанның өзіне тән ерекшелігі туралы әңгімелеп беру.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

Билннгвальды компонент: тышқан - мышь, ін - нора, мысық - кошка.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық


Жылулық шеңбері.

Амансың ба, асыл кун!

Амансың ба, асыл жер!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне. менің қолым.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап-күлемгз.

Бірге балық, аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!


Балалар шеңберге тұрып педагогтің іс-әрекетін қайтайды.

Балалар өлеңді тыңдайды, билейді.

- Балапандар туралы айтылған.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, тыңдаңдаршы, ненің даусы?

- Балалар, мысық не істегенді жақсы көреді?

- Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

  • Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсыруды үйренгілерің келе ме? Ол үшін негізгі бетте (фонда) ін бейнеленген сурет берілген, фонға бірінші тышқанның денесін жапсырамыз. Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Бала­лар, тышқанның құлағы үлкен бе, әлде кішкентай ма?

- Содан кейін құйрығын жапсырамыз. Құйрығын қараңдаршы, ұзын екен. Ба­лалар, сендер тышқанның қайда мекен ететінін білесіңдер ме? Тышқанның іні болады. Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды. Біз де тышқанға ін жасап берейік. Іннің аузын дөңгелектен жапсырамыз.

Билннгвальды компонент: тышқан - мышь, ін - нора, мысық - кошка.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Бір отырып, Бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға карай бір адым,

Артқа қарай 6ір адым.

Жоғары-төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардын іс-әрекетін бақылайды.

Балалар дауысты тыңдайды, «мысықтың даусы» және «тышқанның» деп жауап береді.

- Пырылдап ұйықтағанды жақсы көреді.

Қайталайды: тышқан іні.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды, жапсыру реттілігін

тыңдайды, талдайды.

-Тышқанның құлағы үлкен.

Қайталайды: тышқан - мышь, мысық - кош­ка, ін - нора.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар аппликация реттілігін жасай отырып жапсыру жұмыстарын орындайды.

Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

  • Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • Тышқан қайда мекендейді екен?

  • Балалар, қазір «Тышқан мен мысық» ойынын ойнайык.



-Иә, ұнады.

-Үлкен әсер алдық.

- Өзі қазған інінде.

Балалар өз ойларымен бөліседі.

Балалар ойын ойнады.




Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, жапсыруды;

түсінеді: мысық пен тышқанның;

қолданады: орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар».

Мақсаты: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; бейнелеу іс- әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету; бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту; жолдастыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды қорғау күні мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: дос, мереке.

Билннгвальді компонент: достар - друзья, шарлар - шары.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері.

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың.

Құшақтасып алайық!

Балалар шаттық шеңберге педагогпен бірге орындайды.

Балалар өлеңді тыңдайды, билейді.

- Балапандар туралы айтылған.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті.

Бірақ жолда келе жатып шарларын жарып алыпты.



Сөздік жұмыс: дос, мереке.

- Балалар, сендер түлкі, қоян және кірпіге шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме?

- Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше? Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар, ал кірпінің қолында 1 жасыл және 1 қызыл дөңгелек шар, ал қоянның қолында болса 1 жасыл сопақша

және 1 сары дөңгелек шар бар. Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық.

Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болды. Енді олар достарына сыйлықтарын сый­лай алады.

Билннгвальді компонент: достар - друзья, шарлар - шары.
Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, Бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға карай бір адым,
Артқа қарай 6ір адым.

Жоғары-төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар педагогтің айтқанын мұқият

тыңдайды.


Қайталайды: дос, мереке.

- Иә, көмектесеміз.


- Сопақша, дөңгелек. Қызыл, сары. жасыл.
Балалар педагогтің

айтқанын мұқият тыңдайды.

Қайталайды: достар - друзья, шарлар - шары.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтып, жаттығулар жасайды.


Балалар үлгідегі реттілік бойынша жапсыруды жүзеге асырады.

Рефлекциялық -түзетушілік

Рефлексия:

Педагог топтық талқылау жүргізеді.

Балаларды марапаттайды.

Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

түсінеді: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді үйлестіре алуды;

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Каталог: uploads -> doc -> 07f7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07f7 -> Сабақ жоспары орынбасары А. Азмағанбетова «№1 орта мектебі» кмм 01. 03. 2016 Ашық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет